Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БактериологиялыҚ зерттеуге «ашыҚ нӘжістен» нӘжісті кӨректі ортасы бар Петри табаҚшасына алу



Мақсаты: диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Дайынданыз: көректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілғекті, нәжісті алуға арналған дэрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды ғигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табакшасына стеклоғрафпен жазыңыз.

5. Науқасты горшокқа немесе суднога отыргызыңыз.

6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нэжістің 3-5 эртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

9. Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті коректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.

ІО.Залалсыздандырылған тік ішектік ілғекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызыктармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл- мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпагын жабыңыз. П.Петри табақшасын осіндімен бірге 37°С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

12.Биксті «кілтке» жабыңыз.

13.Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз. И.Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық

лабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

- нэжісті жыйнау эртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан. суднодан, жаялықтан, «ашық нэжістен», тікелей тік ішектік ілгектің комегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

- материалды лабораторияға апарганға дейін тоңазытқышта і4-6°С сақтайды;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Лабораториялық зерттеу әдістері туралы түсініктер, зерттеу мақсаты мен маңызы, лабораториялық зерттеулерге арналған биологиялық материалдардың түрлері.

2. Науқасты зерттеуге дайындау, биологиялық материалды жинау үшін ыдысты дайындау.

3. Әртүрлі лабораториялық зерттеу түрлеріне жолдама жазу.

4. Науқасқа және оның туысқандарына амбулаториялық жағдайда зәр мен нәжісті жинау ережелерін үйрету.

5. Зерттеуге зәрді жинау: жалпы клиникалық сараптамаға, Нечипоренко әдісі бойынша, Зимницкий әдісі бойынша.

6. Зерттеуге нәжісті жинау: копрологияға, жасырынды қанға, іш құртының жұмыртқасына.

7. Зерттеу үшін биологиялық материалды дұрыс сақтау және клиникалық лабораторияға тасымалдау.

8. Биологиялық материалға (зәр, нәжіс) зарарсыздандыруды жүргізу.

9. Науқастың қолданған күтім заттарына құралдарына, ыдыстарына зарарсыздандыруды және залалсыздандыру алдындағы тазартуды жүргізу.

7.5.Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 5835 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...