Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БактериологиялыҚ зертеуге «ашыҚ нӘжістен» нӘжісті шыны тҮтікке алу



Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған шыны түтікті мақта-дэке тампондарымен тығыз жабуға материал алу ушін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған, дэрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы жэне қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дэке тампонын тек қана сыртқы жағынан үстаңыз).

8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 эр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына жэне сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

10.Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

11.Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

12.Биксті «кілтке» жабыңыз.

13.Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

14.Бикстегі алынган материалды жолдамасымен 2 сагаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханага жеткізіңіз.

Ескерту:

- нэжісті жыйнау эртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нэжістен», тікелей тік ішектен ілгектің комегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңці, фибринозды қабықты алады;

- материал зертханага жеткізгенше тоназытқышта!-4-6°С сақталуы қажет;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1693 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...