Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы клиникалыҚ анализге зӘрді жинау



Мақсаты: диагностикалық: зэрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына жэне зэр түнбасын микроскоппен қарап баға беру.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу

Дайындаңыз: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зэр қабылдағышты немесе судноны, наукасты жуындыруға арналған құра-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жоні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс- әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Зэрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

3. Зэрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз.

5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқаска беріңіз.

6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).

7. Науқас зэрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс жэне зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

8. 100-200 мл зэрді даярланған банкіге жинаңыз жэне қалған зэр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

9. Қақпақпен банкіні жабыңыз.

Ю.Ыдыстағы зэрді жолдамасымен қайда апаруды жэне қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс жэне бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа жэне оның туыстарына түсіндіріңіз.

11.Жиналған зэрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

12.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

- зерттеуге дейін зэрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 5900 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...