Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гигиеналық деңгейде қолды жуу



Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.

Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сүйық сабынды, 70% этил спиртін, секундтік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей- бұйымдарды шешіңіз.

2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-40°С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

- алақанды алақанмен;

- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусактары арасында;

оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша жэне керісінше;

- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;

- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.

Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары үстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).

7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

Ескерту:

- қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;

қүрғақ қолдарға 3-5 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды - қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып түруы керек;

- тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принңипі сақталады;

- жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 9884 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...