Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Медициналық қалдықтарды жоюға қойылатын талаптар



30. Денсаулық сақтау объектiлерiнiң аумағында қалдықтарды өртеуге жол берiлмейдi. Қалдықтарды термиялық әдiспен залалсыздандыру (өртеу) медициналық қалдықтарды +800-10000С төмен емес температурада термиялық әсер ету жолымен жүргiзiледi.
31. А сыныбының медициналық қалдықтары пайда болған орындарынан денсаулық сақтау объектiсiнiң аумағында орналасқан контейнерге жiберiледi және контейнерлердiң толуына қарай, үш күнде бiр реттен сиретпей қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.
32. Қалдықтарды кәдеге жаратудың ақырғы өнiмдерi қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:

- Науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;

- дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-гинекологтар, патологоанатомдар.

- көк тамырдан қан алғанда;

- көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;

- ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға жібергенде;

- жұмыс орнын жинағанда.

Алдын алудың стандартты шаралары:

1. Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды қауіпті болып есептеледі.

2. Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын қолдану қажет.

3. Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.

4. Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын сақтау.

ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпіне байланысты факторлар:

- пациенттің ВИЧ-статусы, аурудың кезеңі, пациенттің ретровирустарға қарсы ем алуы;

- құрал-саймандардың зарарлы материалмен контаминация деңгейі;

- жарақаттануға алып келген құрал-сайман түрі;

- медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;

- жарақатты өңдеу;

- жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы жүргізу уақыты.

Жеке қорғаныс заттары:

- резеңке және латекс қолғаптары;

- бетперде, көзәйнек;

- халат, алжапқыш;

- жабық аяқ-киім.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1661 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...