Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарихи шындық және экология тақырыбындағы фильмдер



1990 жылдар киношығармаларында айтылатын аса маңызды тақырыптар тарихи және қазіргі экология мәселесі болып отыр. Эклогиялық тақырыптарда түсірілген Болат Қалымбетовтың «Айналайын» (1990), Едіге Болысбаевтың «Ұлтуған» (1989) фильмдерінің кейіпкерлері мен оқиғадағы драматургиялық іс-әрекеттері арқылы бірқатар қоғамдық маңызды мәселелердің басын қозғайды. Режиссер Болат Қалымбетовтың «Айналайын» фильмі қайта құру кезеңіндегі қазақ киносындағы экология мәселелері жөнінде айтылады. Фильмде бір кішкене ғана ауыл тұрғындарының күнделікті күйбін тіршіліктері ядролық сынақ мәселесінен қасіретке айналып бара жатқаның айтады. Ондағы құрдымға кетіп бара жатқан жастар өмірі суреттеледі. «Айналайын» фильмі ел өміріндегі күрделі де, ауқымды мәселелерді қозғаған бірден-бір сәтті туынды болып отыр.

Қазақстан Республикасының «Дарын» сыйлығының иегері Болат Қалымбетовтың «Айналайын» фильмі 1991 жылы Саратов қаласында өткен Халықаралық кинофестивальдың (Россия) Алтын белгісін және Бірінші дәрежелі дипломды жеңіп алды.

Арал теңізінің құрдымға кекен қасіретін режиссер «Ұлтуған» (1990, сц.авт, реж. Едіге Болысбаев) фильмінде адамдар тағдырымен байланыстыра көрсетеді. Фильм мелодрама жанрында түсірілген. Суы тартылып, құрып кеткен Арал жағалауындағы ауылда Ұлтуған (Мадина Ержанова) атты әйел, өзінің өмір бойы күткен махаббатын кездестіреді. Бірақ онымен бақытты бола алмады, өйткені оның әйелі, екі баласы болды. Фильм соңында Ұлтуған ауылдан кетіп қалады. Міне, адамдардың ауыр тағдыры тірліксіз қалған теңіздің тағдырын тереңдете түседі.

Гульнара Абекеева пишет: «Одна из статей во французской прессе, после показа фильма «Ултуган» в Нанте, называлась «Античная трагедия на берегу Аральского моря». Удивительно, но то, что нам в Алматы казалось чем-то инородным – сны героини, где Ултуган, одетая в римские одеяния, выходит на поединок со своей соперницей, - во Фпанции было воспринято как отсылка к античной трагедии. «Новое казахское кино» (каталог), 1998 ж.

Меня же в фильме подкупили ее скупость и сдержанность. Особый ритм монтажа. Если в начале фильма он – «рубленый»: крупный план енженских сапог, руки, собирающие саксаул, и потом лицо Ултуган, в окаменевает, медленно наезжая не мужчину, монотонно стучащего по обивке «мертвого корабля».

Тоқсаныншы жылдары аса маңызды орын алатын тақырыптардың бірі-1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бұл тақырыпта Қалқбек Салықов, Қалдыбай Әбенов, Талғат Теменовтың фильмдеріндегі «Желтоқсан оқиғасының» көрініс алу ерекшеліктерін айтуға болады.

«Желтоқсан ашыналары» (1991ж.,реж.Қ.Салықов), «Қызғыш құс» (1991ж.,реж.Т.Теменов), «Аллажар» (1995ж.,реж.Қ.Әбенов) көркем фильмдерінде Желтоқсан оқиғасы әртүрлі көзқараспен қамтылады.

«Желтоқсан ашыналары» (1991, сц.авт., реж.Қ.Салықов) 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасы Арона және Зоя кейіпкерлерінің тағдыры арқылы көрсетіледі. Желтоқсан оқиғасының кейінгі уақытта болған оқиғалар сол кездің өзінде адамдарға, талай достыққ немесе басқада қарым-қатынасқа деген сынақ болды.

Фильм туралы режиссер: «Сделав местом событий Алма-Ату, я внес в дараматургию пережитое мною ощущение ужаса. Я даже не стемился выстраивать сюжет фильма – просто заполнил его пространство атмосферой стаха. В моем фильме не состоялась ни одна человеческая общность, ни одна человеческая привязанность не выжила. Любовное общение не приносит ни радости, ни освлбождения. Страх искажает чувства людей, менят их восприятие и саму логику жизни до безумия». «Азия кино», №2, 1993

Қалдыбай Әбеновтың «Аллажар» (1995, сц.авторлары Н.Сегізбаев, Қ.Әбенов) фильмі тарихи тақырыпты меңгеруде 1986 жылдың Желтоқсаныңда демократия үшін алаңға бейбіт шерумен шыққан жастарға қарсы күш қолданушылардың оған қатысқандарды қуғындау, сол аласапран кезеңнің қасіретті күндері фильмде деректі және көркем түрде көрсеткен.

Жазушы Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» әдеби шығармасының желісімен экрандалған Дамір Манабайдың «Сұрапыл сұржекей» (1991, сц.авт.С.Елубаев) фильмі әдебиет пен кинематограф байланысы тұрғысынан да қарастыруға болатын күрделі шығарма. Коллективтендірудің басы. Фильмнің кейіпкері Азберген үйіне қайтып келе жатып өлімнің періштесі - Сұржекейді кездестіреді. Кейіпкерге көріпкел ауылына қайтып келген соң ағасымен келіспей қалып, отбасын алып басқа жаққа кететінің айтады. Міне, бұл сонау 30-жылдар болған Сұржекейдің заманы болса, бұндай сұржекейлер өмірдің әр уақытында болса да табылады. Сондай-ақ фильмде сырттан келген орыс басқыншыларының басып-жаншуынан гөрі халықтың өзара іштей қырқысуын көрсетеді. Ауылды аштыққа, қайыршылыққа апарады, халық ауылдан безіп, бел асып кетті – бұл коллектитендірудің халыққа әкелген сұрапылдығы еді.

1991 Аяған Шәжімбаев түсірген «Жансебіл» фильмі ел өміріндегі тағы бір тарихи кезеңді айтады. Фильмде аса көрнекті оқиға жоқ, оның тарихи тақырыптағы фильм дейтініміз Сталин кезеңінде жазықсық жапа шегіп екі қол, екі аяғынан айырылған Мұқатайдың өткен күнді еске алғандағы өміріннен білеміз. Мұқатайдың арманы ауылына тірі екенін айтып хат арқылы жеткізу. Өзіңе өмірлік серіктес болған орыс кемпірі Мұқатайдың замандасы Мария. Фильм соңында Мұқатай мен Марияның бар жинағандары ала аяқтың қолында кетті. Аяған Шәжімбаевтың көркемсуретті кинодағы тырнақалды алғашқы фильмі «Жансебіл» 1992 жылы Ашхабад қаласында өткен Халықаралық кинофестивальда ең үздік дебюттік фильмі үшін марапатталды. Ал, актер Қасым Жәкеібаев ең үздік басты роль үшін «Золотой полумесяц» жүлдесін иеленді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 964 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...