Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жастар мен жеткіншектер тақырыбындағы фильмдер



Қазақ киносының тоқсаныншы жылдар кезеңіндегі экранға шыққан фильмдердегі жиі қайталанып отыратын тақырыптардың маңыздылары қатарында балалар тақырыбы өте күрделі қоғамдық және әлеуметтік мәселелердің басын қозғайды. Алғашқы буын режиссерлары шығармашылығымен келген балалар тақырыбындағы фильмдердегі кейіпкер мен орта үйлесілімділігі кезең суретінің нанымды болуын қаматамасыз етеді. Бұл ерекшелік «жаңа толқын» кезеңі киносындағы режиссерлар шығармашылығына да тән құбылыс болып отыр. Басты кейіпкерлер негізінен балалар мен жасөспірімдер болып келетін 90-2000-шы жылдар фильмдеріндегі кезеңдік сипат ондағы көтерілетін мәселелердің күрделілігі алдыңғы планға шығару арқылы тереңдетіле түседі. Қоғамның көрнісі бала кейіпкерлер қабылдауында беріледі. Сондықтан да болар, бүгінгі фильмдерде көрерменге бірден байқалатыны, жас кейіпкердің мінезіндегі ерекшеліктерден бұрын, оны қоршаған ортаның әлеуметтік сипаты.

Соңғы уақытта Қазақстан балалар кинематографиясында тұрғылықты бірыңғай режиссерлар жоқ. Тек қана «жаңа толқын» режиссерлары Д.Өмірбаевтың «Кардиограмма», С.Апрымовтың «Үш ағайынды», Ә.Қарақұловтың «Соңғы каникул күндері» және Б.Қалымбетовтың «Айналайын», С.Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» фильмдері түсірілді. Бұл фильмдердің өзі жоғарыда айтылғандай балалар тақырыбындағы туындылар емес, балалық шақты еске алумен өткенді суреттеу, қазіргі таңдағы қоғамның болмысын көрсету. Сонымен қатар қазақ киносында басты кейіпкерлер балалар бейнесі болып келетін ересектер фильмдері Д.Манабайдың «Қазақи оқиға», Ә.Қарақұловтың «Жылама», Р.Әбдірашовтың «Қаладан келген қыз» т.б туындыларымен шектеледі.

Азіргі уақытта біздің балалар кинематографиясының алға қарай жылжуының күрделеніп кеткенін немен түсіндіруге болады? Жас көрермендер үшін Қазақстан киноөнеріндегі аға буын режиссерлардың балалар туралы фильмдерінен кейін, бүгінгі таңда жас адамның мінезді бейнесін, жастардың жоғары адамгершілікті бет-пішіні және сонымен бірге бүгінде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өркендеуін, қазіргі таңдағы жастардың жоғары ғылыми-техникалық білімді меңгеруіндегі талабының көрсетілмеуін қалай түсіндіруге болады?

Мұндай жағдайды бүгінгі күні балалар киносының идеялы-тақырыптық қарым-қатынасы өз деңгейінде еместігінде екенін айтуға болады. Бүгінде балалар фильмінде тақырып өте қысқа. Кең идеялы-тақырыпты ашатын балалар фильмдерінің орнына қазіргі таңда «жаңа толқын» және кейінгі буын жас режиссерлар өздерінің ішкі әлемін, балалық сезімдерін еске алу арқылы балалық шаққа оралумен пәктік, тазалықты көрсету, балалар бейнесі арқылы коғамдағы келеңсіз жағдайларды бейнелеумен ғана тоқталған. Әр кезеңде қоғамдағы күрделі өзгерістердің міндетті түрде болып тұратындығын және сол өзгерістердің жас бала кейіпкерлер жан-дүниесінің қабылдауындағы көзқарасымен берілген шығармалар болып отыр. Әрине, олардың фильмдері авторлық қолтаңбаларымен проблемалы фильмдер. Бірақ бұл фильмдер жас көрермен үшін қызықсыз. Дегенмен де, фильмде қоғамдағы бей-берекет кеткен өз бейнесін көрген бала, оған қарап түзелмейді, керісінше соның әсерімен еліктегіш болып келеді. Кейінгі жастар жаңа уақыттың ағымындағы жақсы мен жаманды іс-әрекеттерді айырмайды емес, айырады. Бірақ, қазіргі американ фильмдерінен кейін өзін ондағы кейіпкердің бірі сезінетін ол енді С.Апрымовтың «Үш ағайынды», Ә.Қарақұловтың «Соңғы каникул күндері», Д.Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильміндегі ата-ананың қарауынсыз демалыс күндері өз білгендерін істеп жүрген балалардың іс-әрекетін көріп олардың бүгінгі таңдағы өз бейнелері осы фильм кейіпкерлеріндей болу керек деп ұмтылмаса одан кет ары емес. Әрине, фильмнен кейінгі тұжырым жас көрермендердің өздерінің шешіміне беріледі. Сондықтан да жаңа уақыттың жақсы қырынан берері бар әлемді ашуға талпынған балалардың құштарлықтарын ашып көрсететін өздері туралы және оларға арналған фильмдер керек-ақ.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 661 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...