Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. Ұлттық кинодраматургияның қалыптасуы



  1. Орыс кәсіби кинодраматургтерімен ұлттық тақырыптағы сценарийлер.
  2. Қазақ жазушыларының кинодраматургияға келуі, әдеби шығармалардың экрандалуы.
  3. 60-70 жылдар кәсіби ұлттық кинодраматургия.

Ұлттық кинодраматургияның қалыптасуы. Ұлттық кинодраматургия өзінің даму жолында маңызды үш кезеңді қамтиды. 1-ші кезең – Ұлттық тақырыптағы алғашқы киносценарийді жазуда орыстың кәсіби кинодраматургтерінің қатысуы. Ол негізінен революцияға дейінгі және революциядан кейінгі жылдарды қамтиды. Екінші кезең – Қазақстан жазушыларының кинодраматургияға келуі, әдеби шығармаларды экарандауға қытысуы; ол 30 жылдардың басы мен 40 жылдарға қарайды. Үшінші кезең – 1950 жылдары кәсіби ұлттық кинодраматургтер пайда болған кезі.

1925-1937 жылдар Қазақстанда бірінші этапты қамтиды. Қазақстан тақырыбында «Дала әндері» бірінші көркем сценарийде (1930, ав.сцен. Е.Арон) қазақ даласындағы жаңа өмірдің бастамасы туралы айтылады. Келесі сценарий «Жұт» (1931, сц.аворлары С.Ермолинский, М.Каростин) Қазақстанда таптық күрес туралы әңгімелейді. Бұл жерде де «Дала әндері» фильміндегідей басты кейіпкер кедей-шаруа Малайдың бейнесі суреттеледі. Қазақтардың өзіндік таптық санасын оятатының және қазақ еңбекшілерінің революциялық белесенділіктерін көрсетеді. Бұдан кейін «Қаратау құпиясы» (1932, сц.авторлары А.Дубробский, Эль- Регистан) шықты. 1930 жылдардың басында әдеби сценарийлерге алғашқы болып «Мятеж» (1928) және «Вражьи тропы» (1935) фильмдері жатады. Олар Қазақстандағы азамат соғысы уақыты мен коллективизация оқиғасын қамтиды. Сценарийлер Дм.Фурмановтың «Мятеж» және И.Шуховтың «Ненависть» романдарының желісімен жазылған.

М.Блейман, С.Ермолинский, В.Шкловский және т.б. орыстың көрнекті сценаристері Қазақстан туралы алғашқы фильмдердің авторлары болды. Әрине, олар қазақ халықының өмірінен алыс болғандықтан жазылған сценарийлері әлсіз көркемсуретті сценарийлер болып шықты. Рессей киносценаристерімен жазылған Қазақстан тақырыбындағы сценарийлердін өздерін ақтап алуы мүмкін болмады, өйткені «Оны Ғафура деп атады» фильмінің сценараийін Москвада қабылданғанмен де Қазақстан да мазмұны жағынан және көтерер мәселесі жоқ сценарий болғандықтан қанағаттандырылмады.

Алматы "Востоккиноның" сценарлық қазақ бөлімін басқарған Ілияс Жансүгіров киносценарийлердің тапшылығы «Востоккино» қоғамының жабылуына бірден-бір себеп болды деген пікір айтты.

Көркем жанрдың дамуы үшін біріншіден драматургия саласын дамыту керек болды. Ол үшін Қазақстан киноөндірісінің өсіп-өркендеуіне ұлттық кадрлардың қажеттілігі күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің біріне айналды. Әсіресе ұлттық ерекшелігін көрсете алатын жергілікті қаламгерлерді тарту керек екені айтылды. Осындай мақсатпен «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбына сценарийлер конкурсы жарияланып, бірақ бұл іс сәтсіз аяқталды, кейін 1938 жылы ғана жүзеге асты. Бұл тақырыптағы сценарий «Аманкелді» фильмінің сценарийі (сц.авторлары Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Вс.Иванов) болды.

Сөйтіп, қазақ киносы тарихында кинодраматургия саласы 1925-1938 жылдар аралығында қалыптаса бастады.

1939 жылы ақпан айында Қазақ ССР Комиссарының Халықтық кеңесі және Қазақстан Космпартиясының Орталық Комитеті «Болашақта Қазақстанда өнердің және әдебиттің дамуы» жөнінде бұйрық қабылдады. Онда көрнекті қайраткерлердің арасынан киносценаристер тобы құрылды. Киносценарийстер төрағасы республиканың Ұлттық Комиссарлар кеңесің басқарды. Бұнда М.Әуезов, И.Шухов, К.Тоғызаков, А.Абишев, актер Е.Өмірзақов болды. Сөйтіп, 1940 жылы сценарийлерге конкурс жарияланды. Бас жүлдені М.Әуезовтың «Райхан» сценарийі жеңіп алды.

Міне, бұдан кейінде көптеген жақсы сценарийлер жазуда мыңдаған іс-шаралар атқарылды.

Белгілі кинорежиссер Г.Рошаль өзінің «Қазақ кинематографиясының шығармашылық кадрлары» туралы мақаласында былай деп жазды: «Әрине, белгілі жазушылардың және тәжірибелі кинематографистердің фильмдері ғана емес, сонымен бірге туа біткен таланттар, әлі кино жазушысы бола қоймаған, бірақ көп көріп қиындықтарды бастан кешіргендерді ескеру керек. Олар көп біледі, білгендері туралы айта алады. Сондықтан ондай адамдарды іздеп киноға тарту керек»-дейді. 1.

Алматыда соғыс жылдары «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиясының ірі режисерлары және актерларымен қатар жазушылары мен кинодраматургтарының үлкен тобы орналасты. С.Эйзеншейн, В.Пудовкин, Козинцев, Трауберг, Эрмлер, Рошаль мен Строева, Шкловский, Шуб Қазақстанның алғашқы кинематографистерін дайындауда үлкен істер атқарды. Олармен бірге қазақ жазушылары жұмыс жасады. М.Әуезов, А.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов және басқа да жазушылар кинематография тарихында сценарийдің авторлары, сонымен қатар олардың шығармаларының экрандалуымен ғана байланысты болмады. Сондай-ақ суретшінің жасаған еңбектерінде интеллектуалды атмосфераны жасауғада көмектесті. Бұл жылдары орыс және қазақ жазушылары арасында үлкен достық орнады. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірге жұмыс жасаудың нәтижесінде кинодраматургия саласында ірі шығармалары пайда болған. Мұнда М.Әуезов Г.Рошальмен бірге «Абай әндері», А.Тәжібаев Н.Погодинмен бірге «Жамбыл» сценарийін жазды. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановқа арналған сценарийдің авторлары С.Ермолинский мен М.Блейман болды.

Қазақ кинодраматургиясында биографиялық және тарихи оқиғаларға құрылған үздік сценарийлер жазылды. Бұл сценарийлер Абай, Шоқан, Аманкелді, Жамбыл туралы болды. Бұл биографиялық фильмдер көркемді-эстетикалық ғана емес, сонымен қатар танымдық мәні зор болды. Арнайы тарихи бейнені бере отырып, олар көрермендерге халықтың экрандық бейнесін, оның руханилығы мен бет-бейнесін көрсетті. «Абай әндері» фильмінде Абай тұлғасын оның айналасындағы шәкіртері арқылы көрсетеді. Абай халықты жақтаушы, қорғаушы. Абайдың ойы бір жерден тоғысатын жалғыз досы («единомышленник») Долгополов болды, оның өзін басқа қалаға алып кетті. Ұлы Абдрахманға сенеді, бірақ ол аурады. Осы жағдайдың бәрін Абай әндерінің музыкасы мен мазмұны сипаттайды.

Жамбыл туралы фильмнің сценарий жазылады. Сценарийстердің алдыңда өте күрделі ойлар болды. Сценарийді жазуда арнайы қойылған талапқа сай жазылды. Сценарийде Жамбылдың 100 жылдық өмірін қамту керек болды, сондықтан да сценарийстер Жамбыл өмірінің үлкен биографиясынның ең негізгісіне тоқталған. Еңбек пен күресте рух берген Жамбыл әндері, оның суырып салма өнерімен шыққан өлеңдерінің мазмұнында да айтылады.

С.Ермолинский мен М.Блейман сценарийлерінің негізгі мақсатыңда – Шоқанның ғалым-демократ, өз халқының патриоты екендігін және патшаға деген қарсы наразылығын көрсеткісі келген. 1952 жылы 23 қазанда «Казахстанская правда» газетінде жазылған мақалада «С.Ермолинский үлкен тақырыпты ала отырып Шоқанның өмірін терең үңіліп-зертеп оқымаған, оны жалғандықпен берген. Сценарий Шоқанның ағартушы ретінде ғана емес, ғалым ретінде де рухани–жан дүниесін ашпаған. С.Ермолинскийдің трактовкасында Уалиханов авантюристикалық тыңшы. Уалихановтың ғылыми жұмысын көрсету авторды қызықтырмайды»-, деп айтылғаның кинотарихшы К.Смаилов өз жұмысында көрсетеді.

М.Әуезов кейіннен қолдау көрсетіп сценарийдің бірінші жазылған варианты сақталып қалады. М.Әуезов бұл сценарий жайында «Казахстанская парвда» газетінің 1952 жылғы 28 қазан күнгі санындағы мақаласында «Сценарий өте лайықты шығарма. Қазақстан қоғамы авторға алғыс айтуы керек»-, деп жазады.

Міне осы сценарий бойынша 1957 жылы кинорежиссер Мажит Бегалин «Оның уақытысы келеді» фильмін түсірді. Бұл фильм биографиялық жанрда түсірілген қазақ киносындағы ең үздік шығармалардың бірі болып отыр.

1950 жылдың екінші жартысы мен 1960 жылдары көркемсуретті фильмдер өндірісі біртіндеп қарқын ала бастайды. Егер 1953 жылы шамамен 8 фильм шығарылған болса, 1954 жылы шыққан көркемсуретті фильмдер саны 15-ке жетті. 1955 жылы көркем фильмдер саны жылына 23-ке дейін көтеріледі. Үш жыл ішінде көркем фильмдер саны үш есе арта түсті. Алматы киностудиясы жылына екі фильм шығарса, кейіннен 4-5 фильм шығаруға дейін жетті. Дегенмен де фильмнің санынан, сапасы төмен фильмдер де болды. Бұл кезеңде А.Галиевтің «И в шутку и всерьез», «Мальчик мой», М.Ерзинкянның «Песня зовет», «Хочу увидеть океан» сценарийлері қазақ кинодраматургиясына еш жаңалық әкеле қоймады.

Отызыншы-қырқыншы жылдар аралығында Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов сынды жазушылардың кино саласына келеу кезеңінен ұлттық кинодраматургия бастау алған болса, қазақ кинодраматургиясының бұдан былайға дамуында өрлеу және тоқырау кезеңдері үнемі алмасып отырды. Жоғарыда айтылғандай қазақ кинодраматургиясында өрлеумен қатар әлсіз сценарийлердің септігінен әлсіз фильмдер де шығып жатты.

Студия үшін 1955 жылдан 1960 жылдар аралығында өте қызықты фильмдер де шықты. Бұл жылдары «Біздің сүйікті дәрігер» (реж.Ш.Айманов), «На диком береге Иртыша», «Тишина», «Сплав» және т.б. фильмдер болды. Бүкілодақтық мәжілісте кинодраматургия бойынша баяндама оқыған Е.Габрилович «Кинодраматургия өте жоғары деңгейге көтерілді, оның ішінде әсіресе Қазақстандағы В.Абызов, Ш.Хусаинов, Ж.Жұмақановтардың жұмысын атап өтер едім»,-деді.

Бұл жылдары В.Абызов пен Ш.Хусаинов өте жақсы жұмыс жасады. Олармен көркемсуретті фильдерге жазылған сценарийлер «На диком береге Иртыша», «Шабандоз қыз», «Біз осында тұрамыз». Танымал кинодраматург Б.Метальников Б.Теткинмен «Березы в степи», А.Сацкий Дж.Ташеновпен «Ана туралы аңыз», Н.Зеленарский «Менің атым Қожа» сценарийіне көмектесті, Қ.Сиранов «Ақ гүл» (В.Морозовпен), «Дорого дружбы» (Д.Тарасовпен) сценарийлерін жазды, Б.Теткин, О.Бондаренко және И.Саввин ВГИК-тың сценарий факультетің бітірісімен «Береза в степи», «Тишина», «В одном районе», «Перекресток» сценарийлерін жазды.

Қазақ авторларымен бе әлде өздері ме? Алматы киностудиясы үшін танымал кинодраматургтер А.Медведкин («Беспокойная весна»), М.Вольпин («Возвращение на землю»), С.Листов («Твои друзья»), Я.Зискинд («Наш милый доктор») сценарийлерін жазды. Тақырыптық жоспарлар әруақытта қазіргі таңдағы магистральды тақырыптармен әсіресе, жұмысшы класста сценарийлерді қарастырды: олардың гидроэлектростанциясының құрылысы, алыс кішкентай теміржол станциялары, ғалым-физик, металлургиялық комбинат құрылысы жөнінде сценарийлер пайда болды.

«Ели бы каждый из нас» қой шаруашылығы мәселелері жөніндегі көп сценарийлердің бірі болды, ал Ш.Аймановтың «Біз бір ауданнанмыз» фильмінің де әлсіздігі сценарийден болды. Бұл жылдары біраз сценарийлердің әлсіз болды. Өйткені сценарийде өмірдегі шынайлықтың аздығы, жеке характер сипатындағы әлсіздік сияқты көп кемшіліктерден, қазақ кинодраматургиясы біраз кәсіби деңгейінге көтеріле алмады. Тақырыптық жоспарлау мақсатында 1958 жылы киносценарийлер байқауы өтеді, бірақ одан нәтиже болмайды. 1962 жылы Жазушылар Одағының Басқармасы және Қазақстан кино өнері қызметкерлері бюросының ұйымдастыруымен бірлескен пленум өтеді. Пленумда біраз сын-ескертпелер айтылады. Пленумнан кейін жазушылар киноға тығыз түрде ден қоя бастады. А.Токмағамбетов «Маржан» («Если бы каждый из нас»), И.Есенберлин көптеген жылдар студияның сценарлық бөлімінде істей жүріп бірнеше сценарий жазды. Оның бірі «Сплав» қойылды. Бұл жылдары ең үздік тұпнұсқалы сценарийлермен танымал фильм «Ана туралы аңыз» (сц.авт. Дж.Ташенов, А.Сацкий) қойылды. Дм.Снегин өз повесі бойынша «Біз Жетісуданбыз» сценарийін жазды. Б.Соқпақбаев өзінің повестері бойынша «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» сценарий-экранизация жасады. 1960 жылдары жазушылар өз әдеби шығармалары бойынша сценарий жазуға белесене кірісті.

Әдеби шығарманың алғашқы экранизациясы Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Корпеш-Баян сұлу» драмасы бойынша фильмі қойылды. Автордың халық эпосының желісімен жазған, қазақ драматургиясындағы ең үздік пьесаларының бірі болды. Оның нық және қайратты мінездері, терең сезім мен кейіпкерлер құштарлығы – бұның барлығы, әрине нағыз терең-ойлы фильм жасауға мүмкіндік берді. Эпостың және пьесаның леймотиві – мәңгілік тақырып: махабат мұңы мен бақыттылықты береді.

Келесі экранизация қазақ халқының өмірі, олардың сағы сынған кездері жайында «Ботакөз» атты фильм болды. Сол уақыттары ірі прозалық шығармалар экранға неғұрлым оқиғасы мен кейіпкерлері көбірек болу керек деген (принципы) қағидаларда экрандалды. Бұдан «Ботакөз» экранизаторларыда қалыс қалған жоқ.

Н.Аноновтың романы бойынша «Ән қанатында» сценарий жазылды. Сценарийстер роман оқиғасынан біраз батылдырақ алшақтап кеткенменде ең негізгі бастысын сақтап қалған. Сценарийдегі қақтығыс Мұсаның драмалық тағдырына құрылды. Оның бейнесі романда қателеспейтін, не адаспайтын бір бағытта суреттеледі. Сценарийдегі Мұсаның адамгершілікті, сенгіш, адал, өте көңілшек мінезін жаулары өзіңе қарсы қолданды. Фильмде кейіпкердің өз-өзімен күресу драмасы өте терең берілген.

М.Әуезовтың «Өскен өркен» атты соңғы романымен Қ.Мұхаметжанов және С.Ходжыковпен жазылған «Шындағы шынар» сценарийі сәтті экранизация болмады. Бұл жазушының қазіргі таңдағы тақырыпқа жазылған соңғы шығармасы.

«Қыз Жібек» өте кең танымал қазақ эпосының желісі бойынша Ғ.Мүсіреповпен жазылған сценарийдің екі варианты болды. Біріншісі 1961 жылы, ал екіншісі 1967 жылы. 2-ші варианты 1-ші вариантына қарағанда сценарий оқиғаны кеңірек қамтиды. ««Қыз Жібек» История любви и гибели Жибек и Тулеген проходит на фоне крупных социальных явлений прошлых веков. Лирическая поэма превращается в эпический сказ о судьбах и бедах народа. «О чем будет наш фильм? Сюжет казалось бы, традиционный. И героями движет любовь – на этом вечном чувстве держится эпос. Но фильм не только о любви двух молодых сердец. Это философское раздумье о формировании нации, о судьбе народа, его горестях и чаяниях, его вековой мечте о свободе...», - так изложил Г.Мусрепов свой замысел-кредо, философскую и художественную суть сценария «Қыз Жібек», по которому поставлен фильм.

1960 жылдың екінші жартысында «құнарландырылған» стилді деп аталатын тарихи-биографиялық фильмдерге сценаийлер пайда болды. Бұнда барлық биографиялық тұлға ғана алынбайды, сондай-ақ кейіпкерлердің өміріндегі бір ғана сәтті емес, оның бірнеше күнмен шектелген бір немесе бөлек оқиғаны көрсетеді. Сонымен бірге «Артымызда Москва», «Мәншүк туралы аңыз» фильмдеріне сцеарийлер жазылды. Өте кәсіби тұрғыда жазылған қазақ драматургиясындағы әдеби сценарийдің бірі «Атаманның ақыры» (сцен. авторлары А.Михалков-Кончаловский, Э.Тропинин). Фильмде іс-әрекет өте динамикалы, оқиғаның өткірлігі фильмнің ең бастысы емес, ол негізінен кейіпкер мінезін ашу.

«Жұлдыздар өшпейді» сценарийі революция қызметі және Т.Бокиннің өлімімен байланысты фактілер және оқиғалармен жүрді. Бұл «Қилы кезең» фильмі болды. Осы фильмнен кейін А.Қарсақбаевтың тарихи-революциялық тақырыпта «Біздің Ғани» фильмін түсірді. Қазақ драматургиясы М.Әуезовтың шығармаларын экрандауда үлкен маңызды жетістікке жетті. Бұндай өте күрделі және жауапты істі кәсіби драматургтер А.Тарази, Б.Шамшиев («Қараш-қараш»), А.Кончаловский мен Э.Тропинин (Көксерек) қолға алды.

Кәсіби қазақ драматургиясы 1960 жылдардың екінші жартысында өздерін нағыз кәсіби киносенарийстер А.Ашимов (Тарази), О.Сүлейменов, Қ.Исқақов келгеннен бастап нық қадамдарын көрсетті. Ә.Тарази тіптен өзінің алғашқы әңгімелері мен повестерінен бастап-ақ адам мінез-құлқындағы байқалмайтын, көзге түспейтін нюанстарын өте жақсы суреттейді. Ол М.Бегалин қойған «Тұлпардың ізі» психологиялық фильмінде өзінің бірінші сценарийі «Жазираны» солай береді. Сценарийде өткір оқиға, қарсыластық, тіпті қарсы тұратын мінезде жоқ. Әртүрлі көзқарастағы адамдар, тұрмыстары жақсы, олар сыртай бірге, бірақ бұл адамдар сонау кезден-ақ әртүрлі, өзара бөлек адамдар. Бұлардың өзара қатынастарын шешетін бір жағдай керек пе еді? Олар әуел бастан-ақ бөлек тұру керек еді. Ш.Аймановтың «Атамекен» сценарийіде қазақ драматургиясында үлкен жетістікке жетті.

«Қазахфильмде» балаларға арналған фильмдерде өз деңгейінде түсірілді. Соғыс жылдарынан кейін «Сенің достарың», «Қанатты сыйлық», кейінірек «Менің атым Қожа» фильмдері шықты. 1970 жылдары «Арман атаман» «Балалық шаққа саяхат», «Заставадағы қызыл тас», «Біз төртеуміз», «Лесная баллада», «Шок пен Шер», «Алты жасар Алпамыс» атты кәсіби сцеарийстермен жазылған сценарийлерге фильмдер қойылды.

Қазақ драматургиясы өзінің даму жолында бірнеше этаптардан өтті. Драматургияның дағдарыс кездерінің тууы және қалыптасуы, жалпылай дамуы, барлық ұлттық кинодраматургия өзіне тән заңдылықтары, сондай-ақ оның әдеби және кинематографиялық жанр ретінде өзінше қалыптасуы.

Қазақстан көркем кинематографиясы мен оның драматургиясының советтік киноөнерінің тарихына енген өзіндік әртүрлі жақты және жоғары көркем әдеби сценарийлері бар. Оған төмендегі фильмдерді жатқызуға болады. «Аманкелді» М.Байлин, Ғ.Мүсірепов, Вс.Иванов, «Абай әндері» М.Әуезов пен Г.Рошаль, «Жамбыл» Н.Погодин мен А.Тажібаев, «Оның уақытысы келеді» С.Ермолинский мен М.Блейман, «Біздің сүйікті дәрігер» Я.Зискинд бен Ш.Айманов, «Ана туралы аңыз» Дж.Ташенов пен А.Сацкий, «Менің атым Қожа» Б.Соқпақбаев пен Н.Зелеренский, «Атамекен» О.Сүлейменов, «Тұлпардың ізі» Ә.Тарази, «Қилы кезең» З.Шашкин мен И.Саввин, «Мәншүк туралы аңыз», «Атаманның ақыры», «Көксерек» А.Михалков-Кончаловский мен Э.Тропинин, «Қыз Жібек» Ғ.Мүсірепов, «Шоқ пен Шер» С.Нарымбетов, «Қараш-қараш» Ә.Тарази мен Б.Шамшиев, «Гауһартас» Д.Исабеков.

1970 жылдары барлық қазақ кино өнері мен кинодраматургиясы жаңа өріс алды. Ірі маштабты фильмдер шыға бастады. Олар «Транссібір экспресі» (сценарийін «Атаманның ақыры» фильмін жасаған адамдар жазды), «Қан мен тер» (романның экранизация авторлары Ә.Нүрпейісов, А.Михалков-Кончаловский және Р.Тюрин) және «Жаушы» (А.Алімжанов романы бойынша).





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1060 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...