Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Олданылатын әдебиеттер



  1. Қабыш Сиранов «Киноискусство Советского Казахстана»,

изд. «Казахстан», Алма-Ата, 1966ж.

2. Қабыш Сиранов және басқалары «Очерки истории казахского кино»,

Изд. «Наука»Каз. ССР, Алма-Ата, 1980ж.

3. Тумар Смаилова «Кино Казахстана», киносправочник, 2000

4. Камал Смаилов «Қазақ киносының тарихы», 2000

5. «Қазақ киносының тарихы» Оқулық: авторлар //Б.Нөгербек,

Г.Наурызбекова, Н.Мұқышева. Алматы, «ИздатМаркет»-2005ж.

Пәннің аты: «Қазақ киносының тарихы»

Сабақтың тақырыбы: Көркемсуретті жанрдың қалыптасуы (1938-1940жж.).

Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, қазақ кәсіби театрының іргесін қалаушылардың бірі Жұмат Шанин әртүрлі жиылыстарда, шығармашылық интеллегенциялар мәжілісінде, газет-журналдарда өзіміздің ұлттық киноөнерімізді көтеру туралы жиі айтты. Мұндағы мәселе ұлттық қазақ киносын дамыту үшін қазақ көркем әдебиетінде кәсіби жанр кинодраматургияны қалыптастыру керек екендігі айтылды.

1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің бірінші декадасы болды. Мәдениеттің дамуында және болашақта шығармашылық өркендеудің қазақ халқы үшін жемісті шағы болды.

Республика баспаларына оқырмандардың бірінші қазақ картинасын жасауды талап етер тілектері туралы «Қазақстанның өз кинематографиясы жоқ», «Чапаев сияқты қазақ фильмін жасайық» деген мақалалар мен хаттар келіп жатты.

Ұлттық кинематографияның бірінші шығармасы «Аманкелді» кинопьесасы болды. Бірақ сол кездері материалдық базаның кемшіліктеріне байланысты техникалық жабдықтар жағы қиын болды. Соған қарамастан «Аманкелді» бірінші толықметражды қазақтың шынайлығы туралы тақырыптағы фильмі болды. «Аманкелді» совет кинематографиясының шедеврлерінің дәстүрін («Чапаев», «Мы из Кронштадта») жалғастыруы керек» - деп сценарий туралы көп жазылды. Сценарий жазу үшін Москвадан жазушы Вс.Иванов шақырылды. Қазақ жазушыларынан Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин қосылады. Осы сценарий негізінде фильм түсіруді «Ленфильм» киностудиясы колға алды. «Ленфильмнен» режиссер-суретші-живописец М.Левин, «Мосфильмнен» Х.Назарьянц шақырылды. Фильмнің кеңесшісі және аудармашысы Қ.Тоғызақов болды.

Халық батырын бейнелеу тақырыбы сол кезеңдегі барлық студиялар үшін жалпы тақырып болды. Мысалды: «Чапаев», «Салават Юлаев», «Щорс» т.б. фильмдер.

Фильмнің негізгі оқиғасы – қазақ төңкерісі алдыңдағы қазақ даласында көтерілген дауыл. Ол 1916 жылғы патша жарлығына қарсы шығудан басталады. Бұрынғы бұтана халықтан әскер алмаймын деген патша сөзін бұзып, соғыстағы жағдай қиындап бара жатқан соң қазақтарды қара жұмысқа алу жөнінде жарлық шығарады. Біз әскерге бермаймыз деп ауыл адамдары өре көтеріледі. Міне, осындай қарсылықпен шыққан көтерілісті бастаушы Аманкелді туралы айтылады.

Қоюшы-режиссер М.Левин сценарийдегі көркемдік ойды нақты түрде көрсетті. Бұл актерлық ансамбльді таңдағанда да байқалады. Фильмге қазақ академиялық драма театрының ең таңдаулы актерлары қатысты. Режиссер бірінші рет киноға түсуші қазақ актерларына экранда мінез-құлықты анық беру және қайғыны өзінділікпен жеткізе білуге үйретті. Аманкелді ролін актер Åлубай Өмірзақов сомдады. Бұл фильмнің өте сәтті шығуына бірден – бір себеп актерлар ойыны. Е.Өмірзақовтың Аманкелді бейнесін сомдауында оның күштілігін көрсете білді. Сонымен бірге жары Балым әр уақытта оған жар ғана емес, жақын доста бола білді. Шығыс әйелі батырмен әр уақытта бірге болып, жақсы өмір үшін, өз халқының бақыты үшін күресу, міне, осы Балым бейнесін белгілі биші Шара Жиенқұлова өте жақсы сомдады.

Экранда театр актерлары. Қазақ киносынның бастамасымен көркем суретті фильмдердегі театр актерларының экрандағы тұңғыш қадамы өте тығыз байланысты. Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсеитов, Шәкен Айманов, Қапан Бадыров, Әмина Өмірзақова, Хадиша Бөкеева, Бикен Римова.

Елубай Өмірзақов (31.01.1899-02.04.1974) кинодағы шығармашылық жолын бірден көлемді рольдерден бастайды. Ол театр және кино актері, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ АССР-нің Халық артисі (1931). СССР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1952). Туған жері – Қостанай аймағы. 1930-1940 жылдар аралығында Елубай Өмірзақов тек драма театрындағы қызметімен ғана шектелмей, сондай-ақ, ол радио, филармонияда қызмет етеді, эстрадалық концерттермен ел-елді аралайды, кино өнерінің дамуына да өз үлесін қосады.

1938 жылы түсірілген «Аманкелді» фильміндегі басты ролі киноөнеріндегі шығармашылығының басты жемісі.

Актердың Аманкелді ролінен басқа да экранда сомдаған басты және эпизодтық ролдері Жексен («Райхан»), Ерден («Абай әндері», Тұрдықұлов («Алтын мүйіз»), Ақтанбай («Дала қызы»), Бақсы («Алдар көсе», қария («Атамекен») болды.

Алғашқы қазақ әйелдер бейнесінде басты ролді сомдаған актриса Хадиша Бөкеева болды. Ол 1917 жылы 21 ақпанда Батыс Қазақстан аймағында дүниеге келген. СССР Халық артисі (1964 ж.). СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.). СССР кинематографистер Одағының мүшесі (1963 ж.). Ленинградтың Театр институтын В.Меркурьев және И.Мейерхольд шеберханасында бітірген (1938 ж.). Х.Бөкеева 1940 жылдардан бастап киноға түсе бастайды. Оның ең алғашқы экрандық ролі – Мұхтар Әуезовтің сценарийі бойынша түсірілген «Райхан» (1940 ж., «Ленфильм» реж. М.Левин) фильміндегі Райхан бейнесі болды. Актрисаның экранда сомдаған күрделі образдарының бірі Мажит Бегалиннің «Тұлпардың ізі» (1964 ж.) фильміндегі ана ролі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 571 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...