Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Эвтектоидке дейінгі және кейінгі болаттар үшін II типті күйдіру түрлері



Дәріс №9

II типті күйдіру

Сабақтың жоспары:

1. Эвтектоидке дейінгі және кейінгі болаттар үшін II типті күйдіру түрлері

2. Шойындар үшін II типті күйдіру түрлері

3. Графитизация процесі

4. Түсті металлдар үшін II типті күйдіру түрлері

Кілт сөздер: толық, изотермиялық және толық емес күйдіру,критикалық нүктелер,шойынды күйдіру, графитизация процесі.

Эвтектоидке дейінгі және кейінгі болаттар үшін II типті күйдіру түрлері

Болатты қыздыруда II типті күйдіру температураны Ас1 немесе Ас3 нүктелерінен жоғары температурада жүзеге асырылады,шарт бойынша кезекпен салқындатылады.Бұл қыздыру және салқындату процесстерінде болаттың құрылысы мен қасиеттерін анықтайтын фазалық айналулар (α,γ) жүреді.

Күйдірудің қыздыру температурасына байланысты келесі түрлері ажыратылады: толық,изотермиялық және толық емес.

1. Толық күйдіру,А3 критикалық нүктесінен қыздыру температурасы 30…50 oС жоғары.

Тқ = А3 + (30..50)оС

Эвтектоидке дейінгі болаттардың құрылымын түзету үшін қолданылады.Мұндай температурада аустенит ұсақ түйіршікті болады,салқындатудан кейін де болат осындай ұсақ түйіршікті құрылымын сақтайды.

2. Толық емес күйдіру, А1 критикалық нүктесінен қыздыру температурасы 30…50oС жоғары

Тқ = А1 + (30..50)оС

Эвтектоидтен кейінгі болаттар үшін қолданылады.Мұндай қыздыруда құрылымда екінші реттік цементит сақталып,.күйдіру нәтижесінде цементит сфералық формаға ие болады (сфероидизация). Түйіршікті цементиттің алынуына цементит торлары ұнтақталатын күйдірудегі пластикалық деформация әсер етеді.Түйіршікті цементит құрылымы жақсы өңделеді және шыңдалудан кейін де жақсы құрылымға ие болады.Толық емес күйдіру аспапты болаттар үшін міндетті саналады.Кейде толық емес күйдіру құрылымды түзету қажет болмай,тек кесу үшін болаттың қаттылығын төмендету қажет болса эвтектоидқа дейінгі болаттар үшін де қолданылады.

3. Циклдік немесе маятникті күйдіру толық емес күйдіруден кейін цементит иілімді күйінде қалса қолданылады. Бұл жағдайда А1 нүктесінен жоғары температурада күйдіруден соң 680 oС дейін салқындатылу жүреді,кейін қайтадан (750…760) oС қыздырылып салқындатылады.Нәтижесінде түйіршікті цементит алынады.

4. Изотермиялық күйдіру – қажетті температурада қыздырған соң, өнімді тез арада А1 критикалық нүктесінен 50…100oС төмен температурада салқындатады және аустентиттің перлитке дейін толық айналуына дейін ұстайды, кейін қалыпты ауада салқындатады. Изотермиялық ұстау температурасы аустениттің тұрақтылығының кіші мәндегі температурасына шамалас болады.

Нәтижесінде салқындату бірқалыпты дәрежеде болғандықтан біртекті құрылымға ие болады.Процестің жүру уақыты айтарлықтай қысқарады.Қоспалы болаттар үшін қолданылады.

Изотермиялық күйдіру режимі

Толық емес күйдіру толық күйдіруден біршама төмен температурада қыздырылатындығымен ерекшеленеді (А1 температурасынан аздап жоғары.).

Толық емес күйдіру эвтектоидке дейінгі болаттар үшін оларды кесуде жақсы өңделуі мақсатында қолданылады.Толық емес күйдіруде болаттың қайта кристалдануы жиі байқалады,яғни аустениттің перлитке өтуі.Мұндай күйдірулер қоспалы конструкционды болаттар үшін 750 - 7700Сжүргізіліп, сосын 30-600С/сағ 6000С дейін температурада салқындатылады, кейін ауада салқындатылады.

Эвтектоидтен кейінгі болаттар үшін толық емес күйдіру кесуде жақсы өңделу мақсатында қолданылады;эвтектоидтен кейінгі және қоспалы болаттарда түйіршікті перлит алу үшін және цементитті торды бұзып,нормализациядан кейін түйіршікті құрылым алу үшін қолданылады.

Эвтектоидті құрылымға жақын болаттардың қыздыру температуралары шағын интервалда болады;мысалы түйрішікті цементитті күйдіру үшін(750 - 7600С) температура, ал эвтектоидтен кейінгі көміртекті қоспалы болаттар үшін бұл интервал 770-7900С аралығында немесе одан да артады.Қоспалы электроидтен кейінгі болаттардан түйіршікті карбид алу үшін оны жоғары температурада және кең интервалда қыздыру қажет (770- 8200С). Сфероидизация кезінде салқындату ақырын жүреді, ол аустениттің толық жойылуын қамтамасыз етеді.Эвтектоидті және эвтектоидтен кейінгі болаттарды перлитке күйдіруден кейін олар кесуде жақсы өңделінеді,яғни жоғары жылдамдықпен кесу немесе беттік жоғары жиілілік байқалады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 813 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...