Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СТРОМАЛЫҚ-ҚАНТАМЫРЛЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР



дәнекер тінде зат алмасуының бұзылуымен, осыған байланысты ағзалар стромасы мен қан тамырлары қабырғасының альтерияциясымен сипатталады.

Зат алмасуының бұзылу турлеріне қарап:белоктық, майлы және көмірсулық стромалық-қантамырлық дистрофияларды ажыратады.

Белоктық стромалық-қан тамырлық дистрофияларға:

мукоидтық ісіну, фибринойдты ісіну, гиалиноз және амилоидоз кіреді.

Мукоидтық ісіну. Бұл үрдістің негізінде дәнекер тін құрылысының үстірт бұзылуы жатады. Коллаген талшықтары ісініп, түтелініп, бір-бірінен алшақтайды, дәнекер тін құрамынан хондроидтық күкірт және гиалурон қышқылдары, глюкозамингликандар бөлініп шығады. Осыған байланысты қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі күшейіп, плазма белоктары, оның ішінде глобулиндер айналадағы тіндереге жиналады. Нәтижесәнде бұл тіндер (жасушаарралық заттар) өздерінің белгілі бір бояулармен боялу қасиеттерін өзгертеді (метахромазия). Әдетте толуидин көгі, қалыпты тіндерді көк түске бояса, мукоидтық ісіну ошақтарында тін көкшіл-қызыл түске боялады, осылайша бұл үрдісті микроскоппен анықтауға болады.

Мукоидтық ісіну ревматизм тобына кіретін ауруларда көбірек кездеседі. Бұл үрдіс дәнекер тіннің толық қайта қалпына келуімен аяқталады немесе ол фибриноидтық ісінуге өтеді.

Фибрионоидтық ісіну. Фибрионоидтық ісіну дәнекер тіннің терең және қайтымсыз бұзылуымен, яғни деструкциясымен, қан тамыры мен тіндер өткізгіштігінің өте артып кеткендігімен сжәне фибринге ұқсас заттың (фибрионоид) пайда болуымен сиппатталады.

Фибрионоидтық ісіну нәтижесінде тін бүтіндей өледі, кейінірек склерозға немесе гиалинозға айналады.

Гиалиноз (грекше hyalos-мөлдір, шыны тәріздес) тіндерде біртекті, күңгірт, гиалин шеміршегіне ұқсас, қатты заттардың болуымен сипатталады. Гиалиноз дәнекер тінде, ағзалар стромасында және қан тамырлары қабырғаларында көрінеді.

Гиалиноздың жергілікті және жалпы түрлері болады.

Жергілікті гиалиноз келлоидты тыртықтарда, сірлі қуыстардың фиброзында, тромбтарда, ісіктердің стромасында кездеседі.

Жалпы гиалиноз гипертония ауруында, ревматизмдік ауруларда көптеген ағзалардың қан тамырларында және стромасында көрінеді. Гиалиноз талақ қабына жергілікті жиналып қалғанда, ол қалыңдап, қатайып, жылтыр сұр түсті “әйнекейлі көкбауыр” деген ерекше көрініске ие болады.

Амилоидоз деп зат алмасуының өте ауыр түрде бұзылуы нәтижесінде ағзалардың аралық тінінде құрамы өте күрделі, қалыпты жағдайда кездеспейтін, аномалды белоктық заттың түзілун айтады.

Амилоидоздың жалпы және жергілікті түрлері бар. Жалпы амилоидозда амилоид көбінесе көкбауырда, бауырда, бүйректерде, бүйрекүсті бездерінде, ішекте шөгіп қалады.

Көкбауырда амилоид ретикуляр талшықтар бойлап жайылмалы түрде немесе тек лимфа фолликулаларында түиін түрінде жиналады. Амилоид жайылмалы түрде тұнғанда көкбауырдың көлемі 2-3 есе ұлғаяды, тығыздап, қатаяды, кесіп қарағанда ол қоғыр-қызыл түсті, май жағып қойғанда жылтырақ болады. Бұған майлы көкбауыр деген ат берілген. Егер амилоид тек лимфа фолликулаларына жиналып қалса, көкбауыр оншалықты үлкеймейді,кесіп қарағанда қоңыр-қызыл түске кіреді, солардың арасында ақшыл-сұр түсті, үлкейген лимфа фолликулалары көрінеді. Бұны саго дәні тәрізді көкбауыр дейді.

Бүйректе амилоид бүйрек шумағындағы капиллярлардың эндотелиінің астында, мезангиумда, ірі қан тамырларының қабырғасында, түтікшелердің негізгі мембранасында шөгіп қалады. Бүйректің қыртысты қабаты қалыңдаған, ақшыл-сары немесе бозғылт түсті болады. Бұл өзгерісті үлкен майлы бүйрек деп атайды.

Амилоидоздың даму себептеріне қарап:

-біріншілік (идиопатиялық)

-тұрмыста арттырылған (егіншілік)

-тұқым қуалау жолымен (егіншілік)

-кәрілік турлерін ажыратады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3321 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...