Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Белоктық паренхималық дистрофиялар



ПАРЕНХИМАЛЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР

Паренхималық дистрофия деп зат алмасу үрдісінің тек жасуша ішінде бұзылуын айтады. Бұлар: белоктық (диспротеиноздар), майлы, көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп бөлінеді.

Белоктық паренхималық дистрофиялар

Жасуша ішіндегі белоктар әдетте майлармен қоспа түрінде (липопротеинді кешен) кездеседі. Тек ферменттер ғана таза химиялық зат түрінде болады.

Гиалин - тамшылы дистрофия жасуша цитоплазмасында гиалин белогінде ұқсас ірі-ірі белок тамшыларының (коагуляттардың) пайда болуымен сипатталады. Сонымен гиалин- тамшылы дистрофия гломерулонефритке байланысты дамыған нефроздық синдромда, бүйрек амилоидозында, диабетте айқын көрінеді. Бүйректін сыртқы көрінісі осы дистрофияның қай науқасқа орай шыққанына байланысты. Гиалинге ұқсас заттар гепатоциттерде алкогольдік гепатит кезінде эозинофильдік қоспалар түрінде көрінеді.

Гидропиялық (суды, вакуольді) дистрофия жасуша цитоплазмасында сұйықтықпен толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады. Кейде цитоплазманың ультра құрылымдары толығымен деструкцияланып жасуша сұйықтықпен толған баллонға ұқсап қалады, оның ішінде тек жүзіп жүрген ядросы ғана көрінеді. Бұл өзгерістерді баллондық дистрофия немесе жасушаның фокальды колликвациялық некрозы деп атайды. Даму себептері гидропиялық дистрофия гипоксия нәтижесінде, әр түрлі инфекция, улану, ыстық немесе суық температура әсерінде болады. Гидропиялық дистрофияда қалыптасқан жасушадағы ауыр өзгерістер нәтижесінде жасуша өз тіршілігін жояды.

Патологиялық түлеу - түлеу үрдісінің күшеюімен (гиперкератоз) немесе оның қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде ұшырауымен сипатталады. Патологиялық түлеудің тума түрі ихтиоз деп аталады. Ихтиоз теріде балықтың қабыршағындай қатты қатпарлардың пайда болуымен ерекшелінеді. Бұл сырқатқа байланысты балалар өлі туылады немесе туғаннан кейін тез арада өледі. Түлеу үрдісі жалпақ эпителийден өсетін эпидермалық рак үшін де тән құбылыс болып, рак жасушаларының арасында кератинизация нәтижесінде «рак інжулері» деген қабат - қабат болып жайғасқан құрылымдар түзіледі. Түлеудің екінші түрі қалыпты жағдайда түлемейтін шырышты қабықтарда ұшырап (ерінде, жыныс ағзаларында) лейкоплакия деген ат алған. Лейкоплакия ошақтарынан кейін қатерлі ісік рак өсіп шығу қаупі бар.

Майлы паренхималық дистрофия (липидоздар)

Майлы паренхималық дистрофия деп жасуша цитоплазмасында майдың көбейіп кетуін, кейде майдың қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуын немесе химиялық құрамы басқаша майлардың жиналып қалуын түсінеміз. Майлы дистрофия көбінесе жүректе, бауырда, бүйректе кездеседі. Май жиналу үрдісі жасушаның жойылуына (деструкция) соқтырады. Бауырдың майлы циррозының дамуының негізінде осы механизмдер жатыр.

Бауырдың майлы дистрофиясы. Бауыр май алмасуы үрдісіне тікелей қатысатын ағза болғандықтан бұл жерде гистохимиялық реакциялар арқылы әрдайым май тамшыларын табуға болады. Сондықтан, бауырдың майлы дистрофиясы дегенде, біз осы жердегі май мөлшерінің әдеттегіден көбейіп кетуін немесе химиялық құрамы басқаша болған майлардың жиналып қалуын түсінеміз. Бауыр жасушаларында әуелі майда тамшылар пайда болады (майда тамшылы семіру), кейінірек олар бір- біріне қосылып ірі тамшылар түзеді (ірі тамшылы семіру). Бауырдың майлы дистрофиясы улы заттар әсерінде, алкоголизмде, қантты диабетте, семіздікте, белоктық затардың жетіспеушілігіне байланысты дамиды. Егер ауру арақ-шарап ішуін тоқтатса, жасушадағы май бауырдан 2-4 апта ішінде жоғалып кетеді. Ал арақ-шарап ішу жалғаса берсе, ауруда алкогольдік гепатит, кейінірек цирроз дамиды.

Қантты диабетте, инсулин гормонының тапшылығына байланысты май «қорларынан» майдын қанға өтуі (липолиз) күшейіп, гиперлипидемия дамиды.

Майлы бауыр негізінде бауырда мезенхималық реакциялар басталып, фиброз және цирроз дамуы мүмкін.

Жүректін майлы дистрофиясы. Жүректін майлы дистрофиясы кардиомиоциттерге май қышқылдары көбірек тасылып келгенде (инфильтрация), жасуша ішіндегі май белок кешендері тасылып келгенде (декомпозиция) келіп шығады. Электрондық микроскопта зерттегенде май тамшылары цитоплазманы бүтіндей жайлап алады, митохондрилер ыдырап, кардиомиоциттердің көлденең жолақтары жойылады.

Май тамшылары жиналған жерлер, эндокард жағынан қарағанда ақшыл-сары түстегі жолақшалар, түрінде көрінеді. Бұл көрініс «жолбарыс терісіне ұқсас жүрек» деген ат алған. Жалпы жүрек үлкейіп, қуыстары кеңіп, босап қалады. Кесіп қарағанда миокард көмескі, сарғыш-қоңыр түсті болып көрінеді.

Бүйректер майлы дистрофияға байланысты үлкейіп, божырап қалады. Бүйректін қыртысты қабаты қалыңдап, көмескіленіп, арасында сары түсті ұсақ бедерлер пайда болады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 5212 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...