Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Этиологиясы. ЖА дамуына генетикалық бейімділіктің әсер ететіні сөзсіз: бір жұмыртқалы егіздерде конфорданттылық 50 %



ЖА дамуына генетикалық бейімділіктің әсер ететіні сөзсіз: бір жұмыртқалы егіздерде конфорданттылық 50 %, ал егіз болып табылмайтын апалы-сіңілілерде — 20 %. Генетикалық бейміділік, тұлғаның преморбидті ерекшеліктері, эмоционалды лабильділік, психопатизация, «мінсіз дене пішіні» жөніндегі қоғамда қалыптасқан пікір ЖА дамуына әкеледі. Үлкен маңыздылыққа отбасыда тәрбие, науқастың физикалық және психикалық дамуы, әлеуметтік түрткілер ие болады. ЖА-мен жиі жоғарғы интеллекті, эмоциональді лабильді, депрессияға бейім, клептомания, фобияға жақын, истероидты, шизодты, параноидальді тұлғалық типті қыз балалар ұшырайды. ЖА сирек жағдайда психикалық аурулары бар ер адамдарда дамиды. Әдетте, ЖА перипубертантты кезеңде, эндокринді жүйеде дамитын физиологиялық өзгерістер көрінісінде жарыққа шығады. ЖА-ның булимиялық түрі гипоталамус-гипофизарлы жүйенің преморбидті ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Патогенезі

Жоғарыда көрсетілген түрткілер науқастардың тағам қабылдаудан бас таруына әкелетін тұрақты дисморфоманиясы мен дисморфофобиясына әкеледі. ЖА түрлерінің бірі жүйкелік булемия болып табылады. Жүйкелік булемия ұзақ уақыт бойы ашығу эпизодтарының ретсіз көп мөлшерде тағам қабылдауынан кейін жасанды түрде құсу рефлексін шақырып, асқазанды шаюымен сипатталады. Жүдеуге әкелетін ашығу екіншілік нейроэндокринді және метаболикалық өзгерістердің дамуына жол ашады. Менстуральды цикл аменореяға дейін бұзылады, бұл гонодотропты гормондар деңгейінің пубертаттық кезеңге дейінгі мөлшерге дейін төмендеуімен түсіндіріледі. Ауыр ЖА-ға гипокалиемия, калийдің абсолютті тапшылығы, сусыздану, жасушаішілік ацидоз тән. Кенеттен дамитын науқастардағы өлім себебі элекролитті бұзылыстармен байланысты.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 405 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...