Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Эпидемиологиясы. Семіздіктің таралуы 1960-2000 жылдар аралығында батыс мемлекеттерінде 12%-дан 30 %-ға дейін жоғарылады



Семіздіктің таралуы 1960-2000 жылдар аралығында батыс мемлекеттерінде 12%-дан 30 %-ға дейін жоғарылады. Висцеральді семіздік дамыған науқастардың 95 %-да жүрек-қантамыр аурулары дамуына әкелетін жоғарғы қауіп түрткісі болып табылады. МС жалпы популяцияда таралу жиілігі 15 % -25 %. АҚШ-та 20–29 жас аралығында 7 % жағдайда, 60–69 жас аралығында — 43,5 % жағдайда, 70 жас және одан жоғары — 42 % жағдайда көрініс береді.

Клиникалық көріністері

· Жүрек-қантамыр жүйесі: артериялық гипертензия, ЖИА және оның асқынулары, атерогенді дислипидемия, гиперкоагуляция, жүрек шамасыздығы.

· Қант диабеті 2 тип (7.6 бөлімді қараңыз) және оның кеш асқынулары (7.8 бөлімді қараңыз) және көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы.

· Ұйқы барысындағы апноэ синдромы (Пиквик синдромы), өкпелік жүрек.

· Асқорыту жүйесі: өт-тас ауруы,асқазанның төмен түсуі, созылмалы іш қатулар.

· Жыныс жүйесі: аналық без поликистозы синдромының қалыптасуы (5.5 бөлімді қараңыз).

· Несеп шығару жүйесі: гиперурикемия, несеп-тас ауруы.

· Аяқтық трофикалық ойық жаралары, ұршық, тізе, тобық буындарының остеоартрозы.

· Жүйке жүйесі: апатия, ұйқышылдық, тез шаршағыштық. Семіздік жиі депрессиялық бұзылыстармен, қорқынышпен, әлеуметтік мәселелермен байланысты дамиды. Қоғамда семіздікке ұшыраған адам түрлі дәрежедегі дискриминацияға тап болады, әсіресе бұл жасөспірімдерге қатысты. Науқастың өзін-өзі бағалауы төмендеп, әлеуметтік және жеке дамудың арасындағы табиғи тепе-теңдік бұзылады.

· Онкологиялық патологияның жоғарғы даму қаупі (әйел адамдарда сүт безі мен эндометридің қатерлі ісіктері, ер адамдарда тоқ ішектің қатерлі ісіктері).





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 416 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...