Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Этиологиясы. АПС-l моногенді аутосомды-рецессивті түрде дамитын сырқат



АПС-l моногенді аутосомды-рецессивті түрде дамитын сырқат. АПС-l дамуына әкелетін мутацияланған ген 21 (21q22.3) хромосомада орналасқан. Бұл ген AIRE (autoimmune regulator — аутоиммунды реттеуші) атауына ие болапы, AIRE ақуызын кодтайды, бұл транскрипция реттеушісі болуы мүмкін.

Патогенезі

Патогенезі негізінде эндокринді бездердің аутоиммунды деструкциясы жатыр. АПС-l кезінде бүйрек үсті безі стероидогенещі ферменттеріне P450scc (20,22-десмолаза), Р450с17 (17-гидроксилаза), Р450с21 (21.-гидроксилаза) қарсыденелер, ұйқыбездің β-жасушаларына (глутаматациддекарбоксилазаға және L-аминоациддекарбоксилазаға) және де басқа тіндерге қарсыденелер синтезделеді.

10.2 кесте. Аутоиммунды полигландулярлы синдромдардың салыстырмалы диагностикасы

АПС-1 АПС-2
Толық пенетранттылықпен моногенді, аутосомды-рецессивті ауру Тұқымқуалаушылық бейімділігі бар аурулар (полигенді)
Отбасылық түрлері сибстарда кездеседі Отбасылық түрлерінде бірнеше ұрпақта дамуы мүмкін
21q22.3 хромасомасында AIRE генінің мутациясы, НLА-мен ассоциацияның болмауы НLА -В8, -Dw3, -DrЗ, -Dr4 –мен ассоциация.
Манифестация шыңы 12жас Манифестация шыңы 30 жас
Гипопаратиреоз, шырыш-тері кандидозы, аутоиммунды гепатит, мальабсорбция; қалқанша бездің аутоиммунды ауруларының сиректігі Көрсетілген сырқаттар дамымайды
Қант диабеті 1 типі — 2–5 % Қантты диабеттің 1 типі -52 %
Ер адамдар-әйелдер= 1,4: 1 Ер адамдар-әйелдер = 1: 10  




Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 286 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...