Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Этиологиясы. Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі (80 % жағдайда диагностикалау сәтінде метастаз анықталады)



Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі (80 % жағдайда диагностикалау сәтінде метастаз анықталады), жиі ұйқыбездің құйрық бөлігінде орналасады және диагностикалау сәтінде диаметрі 5см-ден жоғары болады (топикалық диагностикамен қиындықтар тумайды).

Мультицентрлік ісіктер тек 10–12 % жағдайда ғана көрініс береді.

9.5 кесте. Глюкагонома

Этиологиясы Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі (80 % жағдайда диагностикалау сәтінде метастаз анықталады), жиі ұйқыбездің құйрық бөлігінде локализацияланады және диагностикалау сәтінде диаметрі 5см-ден жоғары болады
Патогенезі Глюкагонның артық өндірілуі, ісіктік өршу.
Эпидемиологиясы Казуистикалық сирек дамиды
Басты клиникалық көрінісі Нейролитикалық миграциялаушы эритема, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, анемия, тромбоэмболия, бауыр мен басқа ағзаларға метастаз беру
Диагностикасы Глюкагон ↑, ісіктің топикалық диагностикасы
Салыстырмалы диагностикасы Қант диабеті, созылмалы бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, сепсис, жедел панкреатит кезінде глюкагон мөлшері жоғары болады
Емі Радикальды оперативті ем әдетте мүмкін болмайды. Октреотидпен антипролиферативті терапия
Болжамы Болжамы қолайсыз, нашар

Патогенезі

Оның патогенезі негізінде глюкагонның артық өндірілуі мен ісіктік өршу жатыр. Глюкагонның шектен тыс көп болуы көмірсу алмасуымен байланысты (бауырлық глюконеогенездің және гликолиздің күшеюі), ал амин қышқылы алмасуы бұзылғанда тері жағынан көптеген өзгерістер дамиды. І типті көптеген эндокринді неоплазия шеңберінде кездеседі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 343 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...