Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Салыстырмалы диагностикасы. · Гипогонадизмнің дамуына әкелген сырқаттар арасында жүргізіледі



· Гипогонадизмнің дамуына әкелген сырқаттар арасында жүргізіледі.

· Аталық без патологиясына және гонадотропиндер өндірілуінің бұзылыстарымен байланыссыз дамитын гипогонадизм: гиперпролактинемия, эстрадиол гиперпродукциясы (аталық без, бүйрек үсті безі, бауырдың ісіктері) және т.б.

Емі

Андрогендермен орынбасушы терапия. Орынбасушы терапияға абсолютті қарсы көрсеткіш болып көкірек безі мен қуық асты безінің қатерлі ісігі, ал салыстырмалы қарсы көрсеткіші қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, полицитемия, ұйқы кезіндегі апноэ синдромы болып табылады. Андрогендермен орынбасушы терапияны бастамас бұрын мынадай шараларды орындау міндетті: қуық асты безін ректальды зерттеу, көкірек бездерін пальпациялау, простат-спецификалық антигендерді, гемоглобин, гемотокрит, липидті спектрді анықтау.

Тестостеронның көптеген дәрілік түрлері белгілі. Тестостерон эфирлерінің қоспасы (сустанон, омнадрен) 2–4 аптада 1 рет бұлшықетке 250 мг мөлшерде енгізеді. Таблетка түрінде тестостерон андеканоаты тағайындалады (40 мг тәулігіне 3 рет). Сонымен қатар, трансдермальды жүйелер, теріастылық имплантатттар, гельдер секілді дәрілік зат түрлері белгілі. Тестостеронмен орынбасушы терапияның мониторингі мынаған негізделеді: қуық асты безін ректальды зерттеу, 45 жастан асқан ер адамдарда простат-спецификалық антиген мөлшерін, гемоглобин, гемотокрит, липидті спектрді анықтау. Аталған бұл зерттеулер ем басталғаннан 3 айдан кейін жасалынып, кейін 6–12 ай интервалмен қайталанып отырады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 342 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...