Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан – тәуелсіз мемлекет



Қазақстан Республикасы – тәуелсіздік жолында (1991-2003 жж.) Қазақстан тарихының еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңін «Қазақстан Республикасы – тәуелсіздік жолында» (1991-2004 жж.) деген жалпы тақырыппен алсақ, оны шартты түрде төрт кезеңге бөліп көрсетуге болады.

1. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялануы (1991-1993 жж.)

2. Қазақстан Республикасында тәуелсіздікті орнықтыру қадамдары (1993-1995 жж.)

3. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық таныған егеменді ел (1995-1998 жж.)

4. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа белесі (1998-2004 жж.)

1991 жылы еліміз тарихынан елеулі орын алар оқиғалар болды:

Ÿ ҚР тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайлануы;

Ÿ ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы қабылдануы;

Ÿ Қазақ ССР-і ҚР джеп өзгертілді;

Ÿ Семей ядролық сынақ полигонының жабылу туралы бұйрық жарияланды;

Ÿ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды;

Ÿ 1991-1995 жылдарға арналған жекешелендіру бағдаламасының І кезеңі басталды.

1991-1993 жылдар ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңі болып табылады. Негізгі басым бағыт: елдегі демократиялық процестерді тереңдету әрі дамыту, саяси және экономикалық жүйені жаңарту. ҚР тәуелсіздігі орнықтыру қадамдары (1993-1995 жж.).

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік пен егемендік алу еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде түпкілікті қайта құруларды талап етті. Ішкі саясатты жетілдіру мақсатында мынадай бағыттарға баса назар аударылды:

Ÿ Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету және дамыту;

Ÿ Қоғамдағы ұлтаралық қатынасты реттеу;

Ÿ Саяси лидерлікті және элитаны қалыптастыру;

Ÿ Саяси талдау жасаудың кеңестік және басқа әдістерін игеру;

Ÿ Аймақтық зерттеулер жүргізу;

Ÿ Партиялық жүйені зерттеу.

Қазақстанда көп партиялықтың қалыптасуының бірінші кезеңі. (1991-1995 жж) Жетпіс жылдық бір партияның және бір партияның және бір коммунистік идеологияның тоталитарлық билеушілігі құлағаннан кейін, республикада Қазқстандық саяси партиялар мен қозғалыстар қалыптаса бастады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1390 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...