Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Экологиялық жүйедегі адамның орны. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. 6 страница



Қыста сырттағы ауаны ішке кіргізерде алдымен оны жылту қажеттігі туындайтындықтан бұл шара бірқатар энергия шығынын қажет ететін болады. Бұндай энергия шығынын азайту мақсатында сыртқа шығаратын ауаның жылуын қайта айналдырып пайдалануға мүмкіншілік беретін арнайы жабдықпен желдету жүйесін жабдықтайды. Ғимараттан сыртқа шығатын ауаның жылуынан 80%-ға дейінгі мөлшерін алмастырып ішке кіретін ауаны жылтуға қолданатын осындай жылу алмастырғыш жабдықтар желдету жүйесінде кеңінен қолданыс тапқан.

Метал өндірісінде және соған ұқсас ыстық ортада жұмыстайтын жерде жыл бойына айнала ортаға көп мөлшерде жылу бөлініп таралады. Бұндай өндіріс орындарындағы желдету шарасы құрылыс қабырғаларынан арнайы шығарылған желдеткіш тесіктер арқылы табиғи аэрация жолымен жүзеге асырылады. Құрылыстарға таза ауа кіргізетін желдеткіш тесіктер ондағы қабырғаның төменгі жағынан шығарылатын болса ластанған ауаны сыртқа шығаруға арналған тесіктер терезенің жоғарғы бөлігінен шығарылады. Метал өндірісіндегі бір ерекшелік ретінде сырттан кіретін таза ауаны сүзіп тазалау қажеттігі жоқ деп есептейді.

Өндіріс кеңселерінде, тұрғын үй мен көпшілік орындарға арналған құрылыстардың ішіндегі ауаны жыл бойына автоматты түрде белгіленген деңгейдегі тазалық, ылғалдық пен жылу көрсеткіштеріне сай бірқалыпты ұстап қамтамасыз ету мақсатында арнайы ауа алмастыру қондырғылары (кондиционер) қолданылады. Бұндай ауа алмастыру қондырғылары ғимарат ішінде жұмыстайтын адамдардың талғамына сай келетіндей оңтайлы етіп ішкі ауаны реттеп отырады. Кәзіргі заманғы ғимараттарда кең қолданыс тапқан сыртқы қабырғаларды изоляциялы жеңіл материалдан тұрғызып, оның сыртын айналдыра әйнекпен жауып әшекейлеу нәтижесінде жаз айларында ондағы ауаны салқындатып отыру қажеттігі туындайды. Сонымен қатар ауа алмастыру қажеттігі адам көп жиналатын сауда орталықтары, театр мен кино ғимараттарының ішінде жиналатын адамдардан бөлініп шығатын ылғалды жылы ауаны реттеуге де қолданылуы тиіс. Өндіріс жағдайында ауа алмастыру қондырғысын тек арнайы технологиялық талап болған жағдайда ғана алып пайдаланады. Бұндай арнайы технологиялық талап қоятын өндірістер қатарында оптикалық аспап жасайтын, электрондық құрал жабдық шығаратын, жоғары дәлдік механикасы саймандарын өндіріп шығаратын өнеркәсіп секілді салалар жатады.

Ауа алмастыру қондырғыларының көмегімен бөлме ішіндегі ауаның жылуы, оның салыстырмалы ылғалдығы мен ауа қозғалысының жылдамдығы реттеліп отырады. Бөлме ішіндегі ауаның ең қолайлы көрсеткіштері ретінде жылу мөлшері қыста 22o C, ал жазда 26oC шамасында, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 50%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,25 m.s-1 мөлшерінен төмен деңгейде болуын алып қарайды. Бұл келтірілген гигиеналық талаптармен салыстырғанда арнайы технологиялық талаптардың көрсеткіштері мүлде басқаша, әрбір жекелеген жағдайдың өзіндік ерекшелігіне сай болып келеді.

Театр, ресторан секілді ауқымды бөлмелерде қолданылатын ауа алмастыру қондырғылары бұл бөлмелерден тысқары жерде орналасқан болады және қондырғының автоматты реттелуі арқасында бөлме ішіндегі белгіленген параметр көрсеткіштерін қалыпты ұстап тұруға қол жеткізеді. Ауа алмастыру қондырғысының автоматты реттеу жүйесі қондырғы құрамына кіретін ауа жылтқыш, салқындатқыш, ылғалдатқыш, желдеткіш пен сүзгіш фильтр қатарлы агрегат бөлшектердің жұмысын реттеп отырады. Бұндағы ылғалдатқыш негізінен қыста пайдалануға арналады және оның себебі ретінде қыста сыртқы ауа өте құрғақ болып келетіндігі көрсетіледі.

Өндірістік ғимараттардағы ауа алмастыру және желдету жүйелерінің маңызды бір бөлігі ретінде құрылыс қабырғаларының бойымен өтетін ауа өткізетін қуыстар, ауа бөлетін қабаттар мен ауа таратқыш тесіктер және желдеткіш вентилятордың шуылын басатын тұншықтырғыш, шу өшіргі секілді арнайы құрылымдарды келтіру керек.

Қонақүй, ауырухана, кеңсе құрылысы секілді көп бөлмелі ғимараттардағы ауа алмастыру қондырғысының басты ерекшелігі ретінде бұндағы бөлмелердің барлығына таралатын ауаны жылтуға, не салқындатып суытуға арналған агрегаты барлығына бірдей ортақ болатын бір жерге топтастыра орналастырылатынын алып қарау керек. Бұндай агрегатта ауаны жылтуға ыстық суды, ал салқындатуға суық суды пайдаланады. Жоғарыда келтірілген ғимараттардағы желдету жүйесі бір орталықтан, немесе әрбір қабат сайын бөлініп әрбір бөлмеге таралатын болса, ауа алмастыру қондырғылары ғимарат қабырғасының алдыңғы бетіне орналасып пайдаланылуы мүмкін.

Ғимарат бөлмелеріне ауа тарату жүйесінің келесі бір түрінде құрылыс қабырғасының ішінде орналасқан арнайы қуыстар арқылы алдынала дайындықтан өткен жылы және салқын ауаны бір бірінен бөлек оқшаулай жіберу тәсілі қолданылады. Сосын бұндай қуыстардың әрбір бөлмеге шығар аузына орнатылған араластырғыш аспап арқылы жылы және салқын ауа ағысын өзара араластырып бөлме ішіндегі қажетті жылу мөлшерін реттеп отыруға болады.

Жекелеген ауа алмастыру қондырғысын әрбір бөлмеге жеке дара орнатып пайдаланады. Бұндай қондырғыларда электр ауа қыздырғыш, жекелеген салқындатқыш құрылым және автоматты реттеу желісі орнатылған. Қондырғыны орнату барысында электрмен қанымдайтын өткізгіш сым желісі тартылады және жазғы айларда салқындатқыштың сыртқы бетіне тершіп тоқтайтын ылғалды жинастырып алатын желі орнатылады.

Өндіріс орындарын жылумен қанымдайтын жүйе екі түрде болады, яғни олар орталықтандырылған, не жекелеген түрде жылу шығарып алатын жергілікті қазандық пайдаланатын болуы мүмкін. Осындай жылу жүйесіне қосылған жердегі құрылыс бөлмелерінің ішкі жылу деңгейі норма бойынша тоқтатылған және оның мөлшері бөлменің ерекшелігіне сәйкес 15oC–тен 20oC аралығында болуы керек.

Жергілікті қазандық пайдаланған жағдайда жылу беретін көз сол ғимараттың өзімен бірге орналасқан болады. Оған керектенетін энергия көзі қатты отын, не жағар май, әйтпесе газ түрінде болумен бірге кейде электрді де пайдаланады.

Орталық қазандық пайдаланған жағдайда жылу беретін орталық арнайы салынған бөлек қазандық ғимаратында орналасады. Жылу беретін көз болып табылатын орталық қазандықта дайындалған жылуды таратып тасымалдаушы ретінде суды, буды және ауаны пайдаланады. Жылу беретін көз ретіндегі орталық қазандық түрлеріне мыналар жатады:

· тұрғын үйлердің орталықтанған қазандығы;

· үлкен ғимаратқа жанаса орналасқан қазандық;

· жылу орталығы.

Жүйе ішіндегі жылу тасымалдаушы ретінде 90oC-қа дейін ысытылған жылы су қолдануы, не 150oC-қа дейін ысытылған ыстық су қолдануы, әйтпесе 50 kPa қысымға дейінгі төменгі қысымдағы бу пайдалануы және 50oC ыстыққа дейін жылытылған ауа пайдалануы мүмкін. Газ жағып жылтатын жүйеде 400oC-ге дейін қабырғаларын қыздыратын қоңырқай түсті жылу таратқыштар, немесе 850oC-ден 950oC аралығында қыздыратын ашық түсті қондырғылар пайдаланылады. Жылту жүйесі арқылы жылынатын бөлмелердегі жылылық деңгейі құрылыс қабырғасы мен бөлме ішіндегі ауаның жылу ұстау қабылетіне тікелей байланысты болады.

Жылту жүйесінде жылу таратқышты терезе астына орналастырған болса оның айналасындағы ауа қыза келе айналысқа түсіп бөлме ішіне жылу тарататын болады. Кейде тұрғын үй, бала бақша секілді құрылыстарда үйдің еденінің астынан қыздырып жылтатын, әйтпесе өндірістік залдың төбесін газ пайдаланатын қыздырғыш арқылы жылтатын желі құрылып қолданылады. Бұндай қызу таратушы жүйеде қабырғаның беті толығынан қызатындықтан жылудың кеңістікте біркелкі таралуына өте оңтайлы болып келеді, әрі жұмсалатын энергия шығыны тұрғысынан да тиімді болады.

Өндіріс технологиясының қоршаған ортаға әсері:

Қоғамдағы тұрақты түрде өсіп келе жатқан экономикалық белсенділік нәтижесі көп жағдайда биосфераға кері әсерін ала келуде. Жыл сайын табиғи қор көздерінен миллиондаған тонна минералдық және органикалық заттар қазылып алынады да өндірістік өңдеуден өткен соң олардың бір бөлігі қалдық түрінде табиғатқа қайта келіп түседі. Осындай әрекет барысында биосфераның басты құрамы болып табылатын топырақ, су және ауа ластануда, бұлар өз кезегінде сондағы тіршілік ететін жан-жануарлар мен олардың қоректенетін заттарына зиянды әсер етуде. Осылайша қалыптасқан жағдайға байланысты адамзат әрекетінен туындайтын кері әсердің негізін зерттеп білу нәтижесінде келтірілген залалды шектеп қана қоймай оларды дұрыс бағытқа бұру шарасын жүзеге асырудан басқа жол жоқ болып табылады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 842 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...