Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Экологиялық жүйедегі адамның орны. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. 3 страница



Өркениетті әлеуметтің айнала тіршілік ортасына бөліп тарататын шығарындыларының басым бөлігі экологиялық тұрғыдан алғанда қалдық болып табылады және оны табиғи айналыс механизміне түсіруге келе бермейді. Бұл өркениеттің дамысы табиғи жүйеден тысқары болуына байланысты, әрі осыған орай шикізат пен қалдық түрлерінің қозғалысы табиғи биотоп шеңберінен тысқары жүрілуіне әкеліп соқтырады. Экологиялық жүйенің тағы бір ерекшелігі ондағы жұмсалған еңбектің тек бір азғантай бөлігі ғана жасанды заттарды пайда болғызады да ал қалған бөлігі кері айналып энергия алмасу жүйесіне барып түседі.

Адам баласындағы қалыптасқан түсінік бойынша заттар алмасуы негізінде пайда болатын энергия көздері еш үзіліссіз тұрақты түрде пайда болып тұрады. Пайдалы энергия көзін қолдану шығыны адамзаттың еркінен тысқары жүріледі. Сонымен бірге оның өз қажеттігіне жұмсайтын пайдалы энергия шығаруы табиғи жолмен жүзеге асып отырады. Осы орайда пайда болатын шығарындылар табиғи экожүйедегі тепе-теңдік ішіне өздігінен есептеліп кірген болып келеді.

Техника саласындағы әр түрлі машиналарды алатын болсақ ондағы жағдай мүлде өзгеше болып шығады. Ондағы қолданылатын энергия жасанды энергия өндірісі арқылы іске асады. Осындай жасанды энергия өндірісінде қайтадан қалпына келмейтін қор көздері пайдаланылады, ал ондағы шығарындылар қайта айналымға келмейді. Сондықтан жасанды энергияны табиғаттың адамзатқа тартқан сыйы деп қарау керек және табиғат орны толмас қор көздерінен осылайша айрылып отыруға мәжбүр екені әрдайым есте болуы тиіс.

Жершарындағы энергия қорының бар мүмкіншілігі тұрғысынан алып қарайтын болсақ табиғи энергия қорын пайдалану шарасының ұтымдылығы мен ілкімділігі көтеріліп алға шығады. Өз кезегінде қорды ұтымды пайдалану нәтижесінде бүкіл қоғамдық шаруашылықтың ілгері жылжу дамысы да арта түсетін болады. Сонымен қатар қорды пайдалану деңгейі жақсара түскен сайын қалдық энергия туындау деңгейі де азайып отыратын болады. Қорыта айтқанда энергия туғызу шарасының өзі ту басынан табиғи ортаға кері әсерін әкелетін шара болып табылады.

Өндіріс ағымындағы адам еңбегі бүгінде осы жүйе ішіндегі адам мен техниканың бірлескен іс-әрекетіне келіп тіреледі. Бұнда олардың қай-қайсысы да үш түрлі жағдайда болып келуі мүмкін:

· Машина жұмыстап тұрған жағдай;

· Машинаның бос жүрісі, немесе адамның жұмыссыз тұруы;

· Машинаның сөндірулі жағдайы.

Өндіріс ағымында адам мен машина бірлесе жұмыстаған кезде олардың жұмыс жағдайы мен бос жүрісі арасындағы қатынасты оңтайландыру қажеттігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда өндіріс ағымы шеңберіндегі жұмыс пен бос жүрістің ара қатынасы экономикалық тұрғыда ғана емес сонымен қатар жасанды энергия пайдалану мөлшері тарапынан ерекше қарастырылуы жөн болады. Басқаша айтқанда машина сөндірулі, не бос жүріс жағдайында тұруы екеуінің қайсысы тиімді болатынын өздігінен шеше алмайды деген сөз.

Қоғамдағы адам мен техника арасындағы қатынас барысында негізгі шешім қабылдау міндеті адамда болатыны белгілі, яғни жұмыс кезінде машина қандай күйде болуын адам анықтап оған бұйрық береді. Осы тұрғыдан алғанда адамзат баласына қажетті барлық өнім түрлерін өндіру мен содан қоршаған ортаға келетін жеңілдік, немесе түсетін ауыртпалық екеуінің қай-қайсысы да өндірістің сол саласында қызмет етіп жүрген адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасына тікелей байланысты болып шығады.

Өркениеттің өзі адамзатпен тығыз байланыста екені белгілі, яғни адамзат тіршілік етіп тұрған шақта ғана өркениеттің болуы мүмкін. Сонымен қатар өркениет дамысы тіршілік ортасының сапасына кері әсер етіп оны нашарлатады. Осылайша ол арықарай адам өмірінің ұзақтығы мен сапасына да әсер етеді. Сондықтан қоршаған тіршілік ортасының ластану деңгейін барынша төменгі деңгейде шектеп ұстауға қоғам тарапынан барынша мүдделі болуы тиіс.

Біртұтас алғанда өндіріс орындары қоғам тарапынан тек қана дотациялық сала ретінде қабылданатын тиімсіз жүйе болмақ емес және осы себепке байланысты қоршаған орта жауакершілігін кәсіпорындардың менежментіне жүктеу жөн болады. Сонымен бірге егер жекелеген кәсіпорын тарапынан қоршаған орта саласында көрсеткен белсенді әрекеттері жағынан дараланып жалғызсырайтындай болса онда ол шара ешқандай мән-мағналы бола алмайды. Бұл жерде жекелеген белсенділіктің екі бірдей ерекшелігін атап келтіруге болады. Олар:

1. Жекелеген белсенділік нәтижесінде тіршілік ортасына келетін ауыртпалық жеңілдейтін болғанымен де ауқымы жағынан өте кішкене болып қала бермек;

2. Егер заң талаптары бойынша бұндай өнеркәсіп орнына оның бәсекелестерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылық берілетін болса, немесе болашақ инвестиция алу мүмкіншілігі туындайтын болса ондай белсенділікті әлбетте мағнасыз деп қарауға мүлде болмайды.

Өндіріс орындары нарықта жақсы табыстарға жетіп дамуы үшін оның өндіретін өнімі сапалы болумен бірге бағасы да тұтынушыға оңтайлы деңгейде болуы шарт. Бұнда өнімнің сапасы өндіріс ағымының сапасына негізделетінін ескеретін болсақ өнеркәсіп орындары дер кезінде жаңарып, экологиялық оңтайлы технологиямен жабдықталып отыруға деген ынталы болуы маңызды болып шығады. Өндіріс ағымының сапа көрсеткіштерінің бірі ретінде одан бөлініп шығатын қалдықтың аз мөлшерде болуын келтіруге болады. Осы арқылы табиғи қор көзін үнемді пайдалану мақсаты бірге орындалады және ол қоршаған ортаны қорғаудағы бір жетістік болып есептеледі. Жалпы алғанда сапалы өндіріс ағымы дегеніміз энергия шығынын азайтып үнемдеуші, әрі дайын өнімде кездесетін кемшіліктерді арылтып сапасын жоғарылатушы күш ретінде қарастырылуы тиіс. Ал, осы келтірілген шаралардың барлығы біріге отырып тіршілік ортасын қорғауға үлес қосатын болып шығады.

Сонымен қорытынды ретінде келтіретін болсақ, өндіріс ағымының сапасын жақсарту нәтижесінде әр қашан қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықты азайтуға болады деп көру керек. Осылайша өз өнімінің сапасын арттыруға инвестиция жұмсаған әрбір кәсіпорын осы шара арқылы тіршілік ортасының сапасын арттыруға да инвестиция жұмсап отыр деп білу қажет.

Өндіріс ағымының шығыс жағы:

Өндіріс жүйесіндегі ағымның шығыс жағы ретінде өндірілген дайын өнім түрін, немесе көрсетілген қызмет түрін алып қарастыру қажет болады. Бұндай ағымның шығысы ары қарай материалдық өндірістің кіріс жағы ретінде емес тұтынушы тарапынан оны өзінің өндіріс жүйесіне жұмыс келбетіндегі кіріс түрінде пайдаланатыны, сөйтіп соның көмегімен өз еңбегін жүзеге асыратыны қарастырылуы тиіс. Өндіріс ағымының осындай шығысы екі түрлі ерекшелікке ие бола алады. Олар:

· Осындай өнім түріндегі саймандар өз бетінше әлдебір жұмысты атқаруға қабылетті емес болып келеді, яғни бұған мысал ретінде ұстаның қышқашы, төсі, шымшуыры секілді саймандарын келтіруге болады;

· Белгілі бір жұмыс түрін атқаруға қабылетті өнім түріндегі техника әлдебір жұмысты атқаруға арналған болып келеді, ал бұған мысал ретінде булдозер, трактор секілді техника түрлерін келтіруге болады.

Осы келтірілген ерекшелік түрлерінің бастапқысын қоршаған ортаға түсіретін ауыртпалығы тұрғысынан алып қарайтын болсақ ол саймандардың жасалған материалы мен оларды өндірудегі қолданылған өндіріс ағымының сапасы алынып қарастырылуы қажет болады. Ал, жоғарыдағы екінші ерекшелікке келетін болсақ ондағы атқарылатын жұмыстың қоршаған ортаға тигізетін әсері қарастырылатын болады, яғни бұнда техника жұмыс барысына энергия көзін пайдаланып қоршаған ортаға шығарынды тарататындығымен ерекшеленеді деген сөз.

Техниканың жаңа түрін ойлап тауып қолданысқа енгізетін инженердің жұмысы келесі басты мақсаттарға бағытталатын болады. Бұнда ондай техника алдымен өнімнің жаңа түрін өндіріп шығаруға арналады, әйтпесе белгілі бір өнімнің қолданысқа қолайлылығына баға бере отырып оны өндіруге кететін пайдалы энергия шығынын азайтуға, немесе өндіріс жүйесін пайдалану барысында оның сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталатын болады. Өнімді өндіруге кететін энергия шығынын төмендету бағытында өнімнің келбетін осы мақсатқа сай өзгерту мүмкіншіліктері алдымен қарастырылатын болады.

Жоғарыда келтірілген мақсатқа жету жолында көптеген физикалық, техникалық ықпалдастықтар мен ұйымдастыру шараларын өзара үйлестіру қажеттігі туындайды және сонымен қатар өнімнің нарыққа бейімделу жағдайы да бірге қарастырылады. Бұндағы ең жақсы техникалық шешім ретінде шығарылатын өнімнің нарықта оңтайлы орнын тауып алуына қол жеткізетіндей деңгейде болуын алып көреді. Осы шешім ауқымында содан кейін барып ең тиімді энергия көзін бар мүмкіндігінше оңтайлы жолмен пайдалану мәселесін шешу жолдары қарастырылуы тиіс. Осылайша қоршаған тіршілік ортасына келіп түсетін ауыртпалықты азайту бағытындағы ең маңызды шаралардың бірі ретінде пайдалы энергия қорын ұтымды жолмен керектену арқылы оны барынша үнемдеу мәселесі алдыңғы қатарға шығатын болады.

Өндіріс өнімін тіршілікте пайдалану барысында олардың істен шығып бұзылып қалуы жиі болып тұратындықтан өнімнің сенімділігі мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Өнімнің бұзылып істен шығуы көп жағдайда жүйе ішінде жіберілген қателік салдарынан, не оны пайдаланып жұмыстату кезінде жіберілген қателіктер кесірінен, әйтпесе сол ортаның ыңғайсыз әсерінен барып пайда болуы мүмкін. Осындай кедергілерге өнімнің қарсыласу қабылеті оның сенімді жұмыстау деңгейін айқындайды, басқаша айтқанда қайбір өнімнің сенімділігі ең алдымен оны тұтынушының қауіпсіздігі тұрғысынан бағалануы тиіс.

Өнімді пайдалану барысында ол істен шығып бұзылатын болса қандай жағдай туындауы мүмкін деген мәселе алдымен ойластырылуы тиіс. Бұндай жағдай техникалық қондырғылар тарапынан туындайтын болса оны жұмыстататын адамдардың қауіпсіздігіне де тікелей, не жанама жолмен қатер төнуі мүмкін. Кей жағдайда ол техникалық қондырғыларға еш қатысы жоқ кездейсоқ адамдарға да қатер төнуі ғажап емес.

Техникалық қондырғыларда туындауы мүмкін қауіп қатердің алдын алу мақсатында оның конструкциясы жұмыс кезінде туындайтын жүктемелерден артық, әлдеқайда ауыр жағдайға шыдайтындай болып есептеліп өндірілуі қажет. Осы мақсатқа конструкторлар қауіпсіздік коэффициенті деп аталатын арнайы көрсеткішті қолданады. Бұл қауіпсіздік коэффициентінің мөлшері арнайы норма арқылы қатаң белгіленіп көрсетілмеген, сондықтан көп жағдайда оны таңдап алу конструктордың тәжірибесі мен сезімталдығына байланысты болып келеді.

Бұл мәселенің маңызы әсіресе көп сатылы деңгейде дайындалып барып өзара құрастырылып дайындалатын өнім түрлерінде одан сайын арта түседі. Оның басты себебі өнімнің әрбір сатыдағы конструкциясына белгіленіп таңдалып алынған қауіпсіздік коэффициенттері өнімді біріктіріп құрастырғаннан кейін өзара қосынды түрінде бірігетіндіктен оның мөлшері шамадан тыс көбейіп, ең соңында өндіріс барысында техникалық қондырғыға орынсыз қымбат материалдар қолданылған болып шығады. Бүгінде бұл проблеманы оңтайлы шешудің бір жолы ретінде қаржылық шығын көлемін математикалық жолмен оңтайландыру тәсілін алып пайдаланады.

Жоғарыда келтірілген мәселе төңірегінде алып қарайтын болсақ өнімнің сенімділігі екі түрлі тұғырға ие болмақ. Олар:

· тұтынушының қауіпсіздігі тұрғысынан, және

· өнім өндірісінің шығынын барынша азайту тұрғысынан қарастырылуы қажет.

Өндірістен шыққан өнімді пайдалану барысында оның сенімділігін конструктор тарапынан белгілеген деңгейде қамтамасыз ету шарасы кешенді түрде жүрілетін диагностика, техникалық бақылау, күтім жасап реттеу және білінген ақауды дер кезінде жөндеу шаралары арқылы іске асатын болады. Бұл келтірілген техникалық амал шаралардың әр қайсысы өзіндік белгіленген әдіс-тәсілдерге сай жоспарлы түрде жүргізіліп тұруы өнімнің сенімді жұмысын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Бүгінде соңғы үлгідегі өндіріс орындарында технологиялық шешімдердің көпшілігі кешенді түрде автоматтандыру тәсілдерін кеңінен қолдану арқылы жүзеге асумен бірге ауыр, не денсаулыққа зиянды болатын жұмыс түрлеріне арнайы бағдарлама арқылы басқарылатын роботтар қолданылады. Өндірістегі толық автоматтандырылған желі арқылы өндірілетін өнімнің сапасы мен бөлшектерінің дәлдігін ең жоғары деңгейде шығару мақсатына жетуге болады. Алайда, өнімнің құрамындағы бөлшектің дәлдігі артқан сайын оның бағасы да үлкен қарқынмен өсе түсетінін ескеру керек. Өндіріс ағымы толық автоматтандырылған жүйеде роботтарды көптеп пайдалану арқылы автоматты түрде атқарылатын жұмыс көлемі артқан сайын ондағы жұмысшылар санын барынша азайтуға қол жеткізіп, сол арқылы өндірістегі қауіпсіздікті жоғары деңгейге көтеруге болады. Өндіріс ағымын толық автоматтандыру және оған бағдарламалы роботтарды көптеп пайдалану шарасы аса көп мөлшердегі қаржы шығынын талап ететін күрделі инвестициялық жоба арқылы жүзеге асады.

Өндіріс қалдығын кәдеге жарату:

Өндіріс ағымы барысында және оның шығыс жағында пайда болуы мүмкін қалдық түрлері қоршаған тіршілік ортасына түсетін ауыртпалықты көбейтіп залалын тигізуі мүмкін. Сондықтан қоршаған орта тазалығын қалыпты сақтауға арналған қондырғылар өндіріс желісінің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Техниканың бұндай түрін экотехника деп атайды. Бұған әр түрлі тексеру мен қадағалау бекеттері, сарқын суды тазалау қондырғылары, жылту қазандықтарындағы мұржаларға орнатылған ажыратушы сүзгіштер, автокөліктерге орнатылған катализаторлар және тағы басқа осындай көптеген техника түрлері жатады.

Кез келген шаруашылық саласында бұрын пайдаланылған заттардың қалдығын қайтадан өңдеуден өткізіп тауарлық өнім шығару мақсатындағы екінші реттік шикізаттың материалдық ресурсы болып табылатын құнды құрамдастарын алу арқылы қайтадан кәдеге жарату ісін кең тұрғыдан алғанда техникадағы «рециклинг», не «рециркуляция» деген термин сөзбен орыс тіліндегі басылымдар айқындап жүр. Сонда техниканың барша саласында қабылданған жалпылама анықтама бойынша бұл терминдер қолданыстан шығып қалған қатты, сұйық, немесе газ түріндегі қалдықтарды өңдеуден өткізіп барып қайтадан айналымға енгізіп пайдалануды білдірумен қатар қалдық энергия мен жылуды да кәдеге жарату шарасын қамтиды деген сөз. Ал, «рециклинг» деген сөздің шығу төркініне келетін болсақ, ол ағылшын тіліндегі «recycling» - қайта айналдырып пайдалану, яғни кәдеге жарату деген ұғымды білдіреді.

Өндіріс ағымы барысында шыққан, немесе тұрмыс-тіршілік нәтижесінде пайда болған қалдықтардың барлық түрін кәдеге жарату процесінің объектісі деп қарауға болады. Алайда, осы рециклинг процесінен кейін кәдеге жарамай қалатын қалдықтың бір бөлігі болатын болса, ол табиғи ортаға кері қайтып, біржола пайдасыз қалдық түріне айналатыны түсінікті. Сонымен қатар дайын өнім түрлері, немесе ұзақ мерзім бойына халық көпшілікке қызмет ететін заттар да рециклинг процесінен өтуге жарамай қалған жағдайда пайдасыз қалдық түріне айналуы әбден мүмкін. Міне сондықтан кез келген қалдық түрі рециклинг процесіне жарамды болса, онда соның нәтижесінде ол өнім айналысына келіп қайта қосылады және ол бұл жерде жаңа өнімнің шикізатына, әйтпесе энергия көзіне айналады деген сөз. Осылайша рециклинг шарасын өндіріс ағымының бір түрі деп қарастыру қажет. Егер табиғаттағы зат алмасу тізбегіне назар аударатын болсақ ондағы рециклинг тізбегі ешбір қадағалаусыз, басқарусыз ең ұтымды деңгейде жүріліп жатқанын байқауға болады. Ал, адамзат өркениеті биотоп емес болғандықтан бұнда табиғи рециклинг жүрілмейді.

Бұл жерде табиғаттағы өзара үйлесу қағидасы мен жасанды өндіріс жүйесіндегі ұйымдастыру қағидасы екеуінің аражігін ажыратып, салыстыра қарастыру дұрыс болады. Бұнда:

1. Табиғаттағы өзара үйлесу қағидасы. Табиғи кіріс-шығыс жүйесінің басты құрамдас бөлігі болып табылатын тірі ағзалар өз қарекетінен пайда болатын шығарындыларға арнайы көңіл бөліп жатпайды. Онда басты назар тіршілігіне қажет болатын кіріс жағына аударылады, яғни олардың жұмыс ауқымының негізгі бөлігі осы кіріс бөлігіне шоғырлана жұмсалады. Бұнда кірістің қандай қор көзінен алынғаны сондай маңызды емес, ол табиғи қор, әйтпесе әлдебір шығарынды болуы мүмкін, не басқа ағза қарекетінен туындаған әлдебір зат, әйтпесе шығарынды болуы да ғажап емес. Бұндағы басты нәрсе осы кіріс олардың қажеттігін қанағаттандырса болғаны. Егер осы кіріс әлгі ағзаның қажеттігіне сай бола алмаса, онда келесі үш түрлі жағдайдың бірі туындауы мүмкін. Олар:

· бұл тірі ағзаның түрі жойылып кетеді;

· тірі ағзалар басқа жаққа қоныс аудару арқылы қажетті кіріс заттарымен өздерін қанымдайды;

· сол ортада кездесетін кіріс заттарының басқа түріне ауысып пайдалануға бейімделеді.

2. Жасанды өндіріс жүйесіндегі ұйымдастыру қағидасы. Бұнда өндіруші өзінің жүйесінен сыртқа таралатын шығарындыларға көп көңіл аудара бермейді. Бұл табиғи жүйеде де бар қалыпты жағдай. Сонымен қатар бұндағы табиғи жүйеден бір айырмашылығы өндіруші тарапынан өзінің кіріс жағына да көңіл бөлмейді. Сөйтіп өндірушінің басты назары өндіріс ағымы мен шығыс жағындағы өнімін нарықтағы орнын тауып орналастыруға бағытталады.

Жоғарыда келтірілгендей өндірістегі кіріс-шығыс жүйесінде қажетті материал мен жұмыс күші оның ішкі жағына қарай бағытталады да шығысындағы өнім мен шығарындылар сыртқы ортаға қарай бағыт алады. Табиғатта бұндай жүйе кіріс жағында реттеліп тұрады. Егер жүйенің кіріс жағында қажетті заттар жеткіліксіз деңгейде болса, онда жүйе өз жұмысын тоқтатады. Ал, өркениет бұл жүйеде керісінше оның шығыс жағын реттеуге бейім тұрады. Бұнда егер жүйенің шығыс жағының қажеттігі шамалы болса онда жүйе жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.

Өндіріс жүйесіндегі рециклинг қағидасына қатысты көрсеткіштер арасынан маңызды екеуін бөліп қарауға болады. Олар:

1. Өндіруші өндірісіндегі қалыптасқан жүйеге өз тарапынан кіріс жағын қалыптастыруға ізденіс жасамаған, тек оған дайын нерсе ұсынылған болуы мүмкін. Бұндайда қанымдаушы тарапынан үнемі осындай ұсыныс жасауға мәжбүр болу себебі ол өзінің жүйесіндегі шығыс жағының өнімдері мен шығарындыларын өзі реттеп отыруға мәжбүр болуында.

2. Жүйенің шығарындылары оны бітеп тастауына жол бермеу үшін олар толығымен жүйеден аластатылуы тиіс. Алайда, өндіруші бұдан пайда таппайды, керісінше осы салаға жұмсалатын қаржылық инвестиция іздеп табуға мәжбүр болады.

Дүниежүзілік нарық жағдайында қалыптасқан кіріс жағындағы баға өзгерісіне назар аударатын болсақ онда белгілі бір деңгейде жетіспеушілік бар екенін аңғаруға болады. Ал, бұған сәйкес экожүйеден де оның кіріс жағында жетіспеушілік орын алатыны байқалады және ондай жағдай дүниежүзілік нарық деңгейінде ғана емес тіпті кішігірім шектеулі аймақ көлемінде де көрініс табуда.

Жүйедегі қалыптасқан осындай жағдайда рециклинг қағидасы айтарлықтай табысқа қол жеткізуі үшін экожүйедегі ағзалардың өз шығарындыларына назар аудармайтындығы ескеріле отырып қалдықты кәдеге жарату мақсаты іске асырылуы тиіс. Ал, жалпы өркениет шеңберінде керісінше өндіруші өз өндірісінен шығатын қалдық түрлері мен шығарындылардың барлығына да көңіл бөлетіндей міндетті арқалауы қажет.

Өркениет ауқымында бұндай қағиданың қалыптасуы нәтижесінде өндіруші өнеркәсіп орындары өз шығарындыларының көлемін барынша шектеп азайтуға бағытталған өздерінің күш жігерін ең жоғары деңгейде жұмылдыра жұмсайтын болады. Осы мақсатқа жету жолында олар амалсыз пайда болған шығарындыларын өңдеуден өткізу арқылы кәдеге жаратып нарыққа шығарып орналастыруға да қол жеткізе алатын болады.

Рециклинг қағидасы бойынша кәдеге жарату жүйесі келесі талаптарға сай келетіндей болуы керек. Олар:

· пайда болған қалдық түрлерін жинап алуға арналып жақсы ұйымдастырылған желі құрылуы қажет және ол қалдықты кәдеге жарату салалары бойынша ылғап іріктейтін болуы шарт;

· қалдық түрлері кәдеге жаратуға қолайлы болатындай етіліп дайындық өңдеуден өтіп тұруы қажет;

· шығатын қалдықты кәдеге жарату шарасын жобалап белгілеу ісі өнім өндірісін жобалап бекіту шарасымен бірге қатарластырыла шешілуі тиіс;

· бұған дейін өндіріс орындарының өзіндік құпиясы болып есептеліп келген мәліметтер арасынан кәсіпорыннан шығатын қалдық түрлеріне қатысты мәліметтердің ашық болуын қамтамасыз ету қажет;





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 914 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...