Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі



Қазіргі заманғы өндірісте еңбек жағдайын жақсартуға арналған, жарақаттанудың алдын-алуға бағытталған жекелеген шаралар тиімсіз. Осыған байланысты олар жеке-жеке емес, кешенді түрде жүргізуді талап етті, яғни өндірісті басқарудың жалпы жүйесіне еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін алып келді. Осылайша, еңбекті қорғауды басқару – еңбек процесіндегі адамның жұмыс жасу қабілетін, денсаулығын сақтауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді дайындауға, қабылдауға, жүзеге асыруға арналған бағдармалы-мақсатты кешен болып табылады.

Басқару объектісі – адам-өндіріс жүйесіндегі, цехтағы, бөлімшедегі, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мен адамның еңбек заттарымен, еңбек құралдарымен және өндірістік ортамен өзара қарым-қатынасын сипаттайды.

Басқарушы бөлімге мекеме басшылары, оның бөлімшелері, еңбекті қорғау қызметі кіреді. Бақылау процесіндегі ауытқулар туралы ақпарат басқарушы органға төменгі органдардан түседі, осы жерде бұл ақпарат талқыланады және шешім қабылданады, қабылданған шешім қайтадан төменгі қызметкерлерге жіберіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбекті қорғауды қаржыландыру

2. Еңбекті қорғауларының жиынтығына нелер кіреді

3. Қауіпсіз жұмыс тәсілдерін үйрету және өндірістегі нұсқамашы

4. Ұжымдық келісім-шарт дегеніміз не?

5. Жалақы, демалыс уақыты, біліктілік разряды.

Негізгі әдебиет: [1,5]

Қосымша әдебиет: [1,3]





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1437 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...