Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Қазақстан республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау



340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау

341-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың құқықтары

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты ҚР заңдарында тиым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады. Қызмекерлер бұл мақсатқа шығыстар шығармайды. Жұмыс беруші жыл сайын еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат бөледі. Қаражат көлемі жеке және немесе (ұжымдық) шарттарда белгіленеді. Қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымның қызметі тоқтатылған жағдайда ғана таратылады. Қызметкерлер саны елу адамға болатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндгі маманның лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып қабылдайды не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттерді қосып атқару үшін басқа маманға жүктеледі. Жұмысшы өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай туындағанда жұмысшының еңбек етуден бас тартуы оның дисциплинарлы және материалдық жауапкершілігіне әсер етпейді. Ұйымның еңбек қауіпсіздгі мен қорғау ережесін бұзуына байланысты уақытша жұмысын тоқтатуы кезінде жұмысшылардың орны мен жалақысы сақталады. Жұмысшыны жеке немесе ұжымдық қажетті құралдармен, арнайы киімдермен басқа да қорғау жабдықтарымен қамтамасыз етпегені үшін жұмыс беруші қызметкерден еңбек етуін талап ете алмайды және осы себептен туған жағдайларда орташа жалақы есебінде төлем төлейді. Жұмысшының еңбек ету кезінде оның денсаулығы мен өміріне қауіп төнген кезде келген зияндар ҚР заңнамасына сәйкес өтеледі. Жұмысшы денсаулығына қандай да бір өзгерістер пайда бола қалса немесе кәсіби ауруына байланысты медициналық тексеру анықтамасы негізінде оны өз келісімімен денсаулығына зияны жоқ жұмысқа ауыстыруы тиіс.

Еңбекті қорғау бойынша білім текесру комиссиясының құрамына еңбекті қорғау қызметінің басшылары мен мамандары, бас мамандар (технолог, механик, энергетик, т.б) еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік инспекторлар кіреді. Жұмыс беруші (кәсіпорын басшылығы) сәйкес кәсіподақ органымен бірге кәсіпорын қызметкерлері үшін еңбекті қорғау бойынша нұсқауларды жобалап, бекітуі тиіс.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1183 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...