Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі қорытындылар



1 Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанан бері көптеген жоғарғы оқу орындарында дәрістер өз тілімізде жүргізіле бастағанымен, қазіргі кезде техникалық оқулықтар өте сирек кездеседі, қазақ инженер - металлургтарының, ғылым ізденушілерінің және студенттердің қазақ тіліндегі оқулық басылымдарына деген сұраныстары күнен – күнге артып келеді. Ал соның ішінде алюминий тотығы өндірісі жайлы қазақ тіліндегі оқулық мүлде жоқ.

Сондықтан бұл оқулықтың басты ерекшеліктерінің бірі Қазақстандағы алюминий тотығының өндірісі тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көргелі отыр.

2 Автор оқулық құралына өзінің Павлодар алюминий заводында көптеген жылдар бойы істеген қызыметінің тәжірибесі мен білімін енгізіп отыр.

3 Оқулық құралында Қазақстан республикасының жер қойнауындағы бокситтің қорлары қай жерлерде орналасқандығын және оның сапасы мен мөлшері қандай деңгейде екендігі көрсетілген.

Сонымен бірге оқулықта алюминий тотығын бокситтен басқа қандай шикізаттардан алуға болатындығы және ол шикізаттар еліміздің қандай аймақтарында орналасқандықтары келтірілген.

4 Автор оқулық құралында қазіргі кездегі Павлодар алюминий заводының Байер – күйежентектелу сұлбасының технологиясына енгізілген жаңа озық технологиялық жаңалықтарды ескеріп, оларды бірге қоса сиппаттады (бокситтің құрамындағы темір ұнтақтарын жаңа «Тік аппараттарда» бөлу технологиясы).

5 Оқулықта Қазақстанда салынып жатқан тұңғыш электролиз заводы ескеріліп,таза, қанатты алюминий өндірісінің технологиясы мен есептері ұсынылып отыр.

6 Металлургиялық пештерде қолданылатын отындардың түрлері және олардың есептері көрсетілді (таскөмірді газдандыру, газдық генератор технологиясы мен газдандыру процесінің негізгі реакциялары көрсетілді).

7 Оқулықта Байер тәсілінің технологиясы мен күйежентектелу тізбектерінің технологиялары жеке - бөлек қарастырылды. Буландыру аппараттарының түрлеріне және олардың есептеріне ерекше мән беріліп, оқулықта қарапайым тәсілмен көрсетілді.






Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 503 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...