Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күйежентектелу цехы



Күйежентектелу цехында шикіқұрам қызыл шлам, айналымдағы сода, айналымдағы ақ шлам, жаңа сода, әктас және тотықсыздандырғыш көмір дейтін заттарынан тұрады. Кей кездерде технологияда сілтілік айналым ерітінділерін көбейту мақсатында шикіқұрамға боксит те қосып отырады.

Дайындалған шикіқұрам қысым арқылы күйежентектелу пештеріне беріледі.

Күйежентектелу ұзындығы L=100м; d=5,0м және 2,5% төмен ығысқан айналмалы құбырлы пештерде жүргізіледі.

Шикіқұрам пештің ішімен жүре келе алдымен құрғайды, содан кейін қыздырылады, күйежентектеледі және жартылай салқындайды.

Күйежентектелу аймағында шикіқұрам 1150-1200 оС қызады.

Отын ретінде күйежентектелу пешінде көмір пайдаланылады, сөйтіп физика-химиялық құбылыстармен шикіқұрамның жартылай балқуы нәтижесінде пештің ішінде күйежентек пайда болады.

Негізгі реакциялар мынадай

Na2CO3 +Al2O3= Na2O·Al2O3 +CO2 (6.1)

SiO2+ 2CaO= 2CaO·SiO2 (6.2

Салқындатылған, температурасы 80 оС жоғары емес күйежентек белгілі ірілікке дейін ұсатылып, содан кейін гидрохимиялық бөлікшенің ерітінділеуіне түседі.

Ерітінділеу ұзындығы L=36м; d=3,6м және 5% төмен ығысқан айналмалы құбырлық ерітінділегіштерде жүргізіледі.

Ерітінділеу өндіріс қайтарымды суларымен қарама қарсы тәсілмен жүреді, яғни қондырғының басқы жағынан су жіберіледі, ал төменгі жағынан күйежентек жіберіледі, осы араласудың нәтижесінде күйежентектің құрамындағы натрий алюминаты сұйық ерітіндінің құрамына көшеді.

Қондырғының ағызындысы автоклавтық батареялар бөлікшесіне түседі.

Алынған ерітіндінің кремнилік модуль 350 бірлігінен кем болмауы керек.

Ерітінді алынғанан кейін шөгеді және бақылау сүзгілерінен өткізеді.

Құрамында темірі Fe2O3 0,018 г/л аспайтын сүзілген таза ерітінді сорғылармен декомпозицияға жіберіледі.

Енді осы цехтың негізгі бөлікшектерінің технологиясына тереңірек тоқтала кетейік.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 499 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...