Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс № 8



Дәріс тақырыбы: Қазақстанда этнология мектебінің қалыптасуы және дамуы.

Жоспар:

1. XIX-XX ғасыр басындағы қазақ этнографтары

2. Әлкей Марғұлан, Халел Арғынбаев т.б. қазақ этнографтарының еңбектері

3. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі этнология ғылымы.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Этникалық бітімі мен өзіндік этномәдени болмыс, этникалық шығу тарихы мен олардың Орта Азия мен Қазақстан аумақтарында қоныстануы ХҮІІІ ғ. мен Қазақстан тарихының төңкеріске дейінгі алғашқы жылдарындағы этнографиялық және тарихи зерттеулер болып табылатын Ресей тарихнамасында бірен-саран сипатталды. Бұл кезеңдегі зерттеулер Ресейден Қазақстанға жіберілген бірқатар ғылыми экспедициялардың жүргізілуі нәтижесінде жүзеге асқан.

1768-1774 жж. Ресей Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедиция қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығын зерттеуге бағытталды. Осы экспедиция басшысы П.С.Паллас және экспедиция мүшелерінің бірі этнограф И.Г.Георги еңбектері қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік құрылымы мен шаруашылығы, отбасылық және туыстық қатынастар мәселелеріне түсінік берді. Бұл еңбектерде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы қожалар мен сұлтандар тарихына аздап тоқталып, олардың «ақсүйектер» тобына жататынын атап өткен.

ХІХ ғ. басындағы қазақ тарихы үшін маңызды тарихи-этнографиялық тұрғыда жазылған еңбектердің бірі А.И.Левшиннің[1] зерттеуі болды. Бұл еңбекте қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық және географиялық жағдайы мен этнографиялық мәліметтері, халықтың жанұялық-некелік қатынастары, бала тәрбиесі және өлікті жерлеуге байланысты жосын-жоралғылар, ас беру салттарындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер т.б. толығырақ қамтылып жазылды. Ал, қожаларға қатысты, олардың шығу тарихы, қожалар қыздарын басқа қазақ руларына бермейтіндігі және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бойынша қазақ қоғамының әлеуметтік статусындағы қожалардың орны сипатталды.

ХІХ ғ. соңында да қазақ қоғамының шаруашылық, әлеуметтік және әдеттік құқықтарын жинау мен отбасы және неке тарихына байланысты зерттеулер орын алды. Олардың қатарын Н.И.Гродеков, А.Н.Харузин, Ш. Ибрагимов, Г.Загряжский, И.Сотников, П.Е.Маковецкий еңбектері құрайды. Бұл еңбектерде этникалық тарихы, жанұялық-некелік қатынастарына байланысты сипаттаулар бар. Мәселен, қазақтар үшін жат, ал қожаларға тән үш ата арасындағы некелесу П.Е.Маковецкий еңбегінде[2] көрініс алды. Ал, Н.И.Гродеков[3] еңбегінен қожаларға қатысты, олардың ел арасында балаларды сүндетке отырғызу ғұрпын орындайтындығы мен некелік қатынастарына байланысты және рулық таңбасына қатысты қосымша мәліметті ала аламыз.

Г.Загряжский[4] қазақтар арасындағы «ақсүйектер» тобын сұлтандар мен қожалар құрады, мұндағы қожалардың шығу тегі Мұхаммедтің алғашқы ізбасарлары исхабтардан тарағандар және олардың қырғыз (қазақ-И.З.) қожалары арасындағы этникалық тарихын екіге бөлген болса, А.Н.Харузин[5] Бөкей Ордасындағы қожалардың әлеуметтік орнын, олардың жанұяларының санын, рулық таңбалары мен ұранына қатысты мәліметтерді атаған.

И.Сотниковтың[6] көлемді мақаласында, қожалардың халық арасындағы діни беделі, олардың діни ғұрыптық қызмттерді орындаудағы, соның ішінде қазақтар арасындағы неке қию діни ғұрпында міндетті түрде қожалардың қатыстырылатындығы сипатындағы мәліметтерден хабардар боламыз.

Ш.Ибрагимов[7] зерттеуінде молдалардың және қожалардың қазақ даласында неке қию, сүндетке отырғызу мен мәйітті жөнелтудегі жаназа шығару сияқты діни ғұрыптарды орындайтындығы көрсетілді.

И.И.Ибрагимов, Н.С.Лыкошин еңбектерінде отбасылық некелік қатынастарға, бала тәрбиесіне байланысты жазылған мәліметтер баршылық. Филология ғылымдарының докторы (1945), Қазақ КСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), республикада археологиялық мектептің негізін салушы, этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнертану салаларына мол еңбек сіңірген көрнекті ғалым Әлкей Марғүлан қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Ол бастапқы білімді ауын мектебінен алады. 1915 жылдан бастап 3 жылдық орыс мектебінде оқиды. 1920 жылы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіреді де, туған аулында мұғалім болады. Семей техникумында оқып жүрген жылдарында "Таң" журналы мен "Қазақ тілі" газетінде қызмет істейді. Осы жерде ол М. Әуезовпен танысып, соның кеңесімен 1925 жыны Ленинградтағы Шығыстану институтының әдебиет факультетіне түседі. Сонымен қоса, Ленинград университетінде және Өнер тарихы институтында дәріс тындайды. Осы жылдары Ә. Марғүлан қазақ халқының тарихына қатысты әдеби, архивтік материалдар жинаумен айналысады. Бірқатар орыс және шетел жазушыларының шығармалары қазақ оқырмандарына Ә. Марғүлан аудармасы арқылы жетті, 1926–1927 жылдары одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырған Қазақстан, Алтай экспедицияларына қатысады.

Ә. Марғүлан 1930–1938 жылдары Қаз КСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы жаңа алфавитті қабылдау жөніндегі комитеттің ғылыми жетекшісі, КСРО Ғылым академиясының аспиранты болды. 1938 жылы ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің шақыруымен Москвадағы Қазақ филиалына қызметке ауыстырылады.

1943 жылы қыпшақ жазба ескерткіштері жөнінде докторлық диссертация қорғайды. 1941–1946 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясы тарих бөлімінің, 1946–1951 жылдары – археология, палеолит бөлімінің, 1958–1976 жылдары – Ш. Уәлиханов атындағы ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институты этнография бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1945 жылы қазақ халқының мәдениеті, тарихы саласындағы зерттеулерінің нәтижесінде "Қазақ халқының эпикалық аңыздары" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ауызша эпикалық шығармашылық жанры, қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің тарихы ғүлама ғалым зерттеулерінде жан–жақты талданды. Соның арқасында халықтық эпикалық шығармалардың тарихи–әлеуметтік тамырлары ашылып, шыққан уақыггары негізделді. Мұнымен қатар, ол ежелгі сәулеттік ескерткіштерді де зерттеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ этнографиясының қалыптасуы

2. ХІХ ғ. Қазақ этнографиясының қалыптасуы

3. ХХ ғ. Басындағы қазақ этнографиясы өкілдері

4. ХХ ғ. Екінші жартысындағы ұазаұ этнографиясы туындылары

Әдебиеттер:





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1007 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...