Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс № 5



Дәріс тақырыбы: Этнопсихологиялық мектеп.

Дәріс жоспары:

1. Этнопсихологиялық мектептің негізгі қағидалары.

2. З. Фрейдтің антропологиялық зерттеулерге қосқан үлесі.

3. Р. Турнвальд, Руд Бенедикт, Маргарет Мид және т.б.ғылыми еңбектері.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Гобиноның арийлік нәсілдің болашағынан түңілген болжамына қарағанда, оның жақтаушылары – антропосоциологтардың нәсілдік концепциясы прогрестің сергек рухына негізделді. Бұл прогресс адамзат тұқымын табиғи немесе әлеуметтік іріктеу арқылы жақсарту мәселелерін көздейді.

XX ғасырдың басында француз Ваше де Ляпуж және неміс Отто Аммон бұл бағытта үлкен нақты тәжірибелік жұмыс істеді. Аммон Баден қаласында әскерге жаңадан алынған 30 мың адамды, ал Ляпуж 20 мың француздарды тексеріп, зерттеген. Соның нәтижелері бойынша олар мынадай ереже шығарды: адамдардың дарындылығы олардың психикалық қасиетіне, мінез–құлқына және әлеуметтік жағдайына байланысты.

Адам басының мөлшерінің көрсеткіші төмен адам – дарынды, өмірге бейім саналады, осыған байланысты оның әлеуметтік жағдайы да жоғары болады. Брахикефалдар – ежелгі жергілікті халықтың ұрпақтары, негізінен шаруалар. Долихокефалдар – герман жаулап алушыларының ұрпақтары, қалаларда тұрған.

Нәсілшіліктің әрі қарай дамуына неміс антропологы Людвиг Больтман мен неміс болып кеткен ағылшын Хаустон Чемберлен үлес қосты. X. Чемберлен – британдық адмиралдың баласы, неміс композиторы Вагнердің қызына үйленген. Олар нәсілдік теорияны герман фашизмі және нацистік кезкарасқа орайластырып жасады. Жоғары арийлік нәсіддің айрықша белгілеріне олар мыналарды жатқызды: шашының және түсінің ақсарылығы және терісінде акшыл дақтың (пигментация) болуы. Больтман мен Чемберлен
барлык еуропалық өркениетті жасаушылар дарынды германдық нәсіл деген көзқарасты растап, қуаттады.

"Германдық нәсіл бүкіл жер шарына өз үстемдігін жүргізуге қабілетті, нақ осы нәсіл табиғат қазыналарына және жұмыс күшін өзіне бағындыруға, енжар нәсілдерді өзінің мәдени дамуына қызмет етуге кірістіруге бейім", – деді Л. Больтман.

Бақылау сұрақтары:

1. Этнопсихологиялық мектептің негізгі тұжырымдары.

2. З. Фрейдтің антропологиялық зерттеулерге қосқан үлесі.

3. Р. Турнвальд, Руд Бенедикт, Маргарет Мид және т.б.ғылыми еңбектері.

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1173 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...