Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Катанаевтің зерттеулері



Отанымыздың өткенін толық және шындық тұрғысында жазуда оның өлкелерінің

нақты тарихын жасаудың маңызы зор. Осы талапты іске асыруда ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар кө-

леміндегі Қазақстанның шығысы, Батыс Алтай аймағын мекендеген қазақ руларының

тұрмысы, шаруашылығы, әлеуметтік дамуы мен салт-дәстүрлерін саралап, оған көптеген

шығармаларын арнаған, халқымыздың өткеніне осы арқылы жан-жақты сипаттама бер-

ген прогрессивтік бағыттағы орыс зерттеушілерінің шығармалары үлкен маңызға ие.

Аталған тұрғыдан алып қарағанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында еліміздің

көрсетілген өңірін мекендеген қазақтардың әлеуметтік, шаруашылық даму түрлеріне тал-

дау жасаған орыс зерттеушісі Г.Е.Катанаевтың еңбегін ерекше атап кетуге болады.

Мысалы, оның зерттеуінде [1] Қазақстанның шығыс өңіріне әскерилендірілген

казактардың орналасуының тарихына тоқтаған. Осы шығармасында ол Ресейдің

қарамағына өткен Орта жүз рулары қазақтарының отарлық билікке қарсылығынан да

көптеген мәліметтер келтірген. Ал өлкетанушының Ресей географиялық қоғамының «Ба-

тыс Сібір бөлімі хабаршысы» журналының 1893 жылғы санының 15-томының 2-

шығарылымында жарияланған «Прииртышские казаки и киргизы Семипалатинского

уезда» деп аталған мақаласының «Зимующие при поселке Белокаменом киргизы» деген

бөлімінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша өкіметі тарапынан іске асырылған

аталған аймақты қоныстандырудың нәтижесінде күйзеліске ұшыраған халқымыздың

ауыр тағдыры баяндалған. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-шаруашылық өзгерістерге тал-

дау жасалынған.

Осы шығармада жазылғанындай: «Далаға келіп, казак шекара жүйелеріне, әсіресе

Ертіс бойындағы, қоныс тебе бастаған қырғыздардың саны жыл сайын артып келеді деп

есептеуге болады. Даладағы әрбір көлемді мал шығыны, кез келген құрғақшылық,

үлкенді-кішілі, жалпы немесе жеке кедейлену жүйеде ашылып жатқан әртүрлі табыс көзі

немесе жұмыс қолына деген сұраныс және т.б. қырғыздардың жаппай немесе жекелеп

орыс қоныстарына келіп орналасуларымен жалғастырылуда.

Кейбір орыс қоныстары аудандарында, әсіресе Павлодар уезінде, қырғыздар орыс-

тардан да көп тұрады немесе қыстайды. Олар негізінен әскерилердің қосымша

жерлерінде, казак иеліктерін қыстау етеді. Негізделіп, жақсы салынған қырғыз

қыстауларын кездестіруге болады. Оларды жалпы қабылданған ұғымға сәйкес

отырықшылар қонысы деп есептеуге болады.

15-30 жыл бойы тұрғандықтан бұл қоныстар казак жерлеріне тәртіпсіздікпен шашы-

рай орналасқан киіз үйлердің ұясындай елестейді. Қазіргі күні қысқы киіз үйлер мүлдем

кездеспейді, барлық жерде, казак жүйелеріне жақын өңірлерде, олар тұрақты деревнялар

сияқты бір жерге шоғырландырылған жертөлелермен немесе шағын ағаштан салынған

үйлермен ауыстырылған. Қыс кезінде міндетті түрде осы деревняларда тұратын

қырғыздар жаз кезінде де одан алысқа ұзап кете қоймайды





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 418 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...