Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рычковтын зерттеулер



Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков (1712—1777) кызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де карайтын.

Рычков «Орынбордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайықөңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар.

Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жаткан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П.И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты окиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазақ халкының тілі мен мәдениетін терең білді, қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинастырды.

XVIII ғасырда Ресей империясында әкелі-балалы Рычков текті орыстың екі ғалымы болған. Олардың үлкені – Петр Иванович (1712-1777 жж.) – география, экономика, тарих жөніндегі еңбектердің авторы, 1759 жылдан бастап Петербург ғылым академиясының тұңғыш корреспондент-мүшесі. Негізгі еңбегі – «Топография Оренбургская, то есть: обстоятельное описание оренбургской губернии (1762)». Ол оңтүстік Орал, Еділ бойы, Каспий өңіріндегі халықтардың тарихы, этнографиясы жөнінде еңбектер жазған, оның ішінде қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қатысты да құнды деректер бар.

Кіші Рычков – Николай Петрович (1746-1784 жж.) – орыстың саяхатшы – ғалымы. 1768 жылдан Петербург Ғылым академиясының П.С.Паллас басқарған экспедициясында қызмет істеді. 1769-1770 жылдары Қазан, Орынбор, Уфа, Вятка және Пермь губернияларын аралап шығып, осы жерлердің табиғатын, ерте замандағы қалалардың орындарын, халықтардың әдет-ғұрыптарын баяндап жазады. 1771 жылы Батыс пен Солтүстік Қазақстан аймақтарына саяхат жасайды. Оның құнды еңбектері – Журнал или дневные записки путешествия по разным провинциям Российского государства 1769 и 1770 годов. (Санкт-Петербург,1770-72 гг.); Дневные записки путешествия вКиргиз – Кайсацской степи в 1771 году (Санкт-Петербург, 1772 г.). Соңғы еңбек Алматыдағы бұрынғы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қорында сақтаулы. Осы кітаптың «Қырғыздар туралы» деген тарауын «Қазақстан коммунисі» журналының жетекші редакторы Д.Сейсенов қазақшаға тәржімалап, оны аталмыш журналдың 1991 жылғы 3-ші санында бастырып шығарған-ды.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1717 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...