Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банктік қызмет нарығын зерттеу



Банктік салада маркетингтік зерттеу екі бағыт бойынша жүргізіледі: банктің ішкі мүмкіндіктерін талдау және банктің нарықтық мүмкіндіктерін талдау. Банктің ішкі мүмкіндіктерін талдауға төмендегілер жатады:

- Қаржылық-экономикалық жағдайын бағалау;

- Көрсетілетін қызмет тізімін талдау;

- Жоспарлау жағдайы;

- Техникалық жабдықтандыру деңгейін бағалау;

- Персоналдың мамандануы;

- Банктің нарықтағы стратегиялық мінез-құлқын бағалау;

- Ақпаратпен қамтамасыз етуді үйрену;

- Маркетинг қызметінің сапасы;

- Банктің ұйымдық құрылымын талдау.

Ішкі мүмкіндіктерді талдау банктік баланс арқылы өткізеді. Ол кіріс деңгейін, тәуекелділік дәрежесін, жеке және тартылған қаражат көздерін, олардың құрылымын белгілі бір күнге қойып, анықтауға көмектеседі.

Банктің бар мүмкіндіктерін анықтау банктік балансты талдау негізінде үш бағыт бойынша өткізіледі:

1. Функционалды талдау – банктің алдында тұрған міндеттерді сәйкесінше орындау және тиімділікті талдау.

2. Құрылымдық талдау – операция түрлеріне байланысты банктің пайда мен шығын, құрылымдық кіріс, жеке және қатыстыру қаражаттарын талдау.

3. Операциялық талдау – банктік қызметтердің маңызды операциялар кірісіне тереңдетілген зерттеу.

Банктік заңнамалармен көзделген операцияларды жүргізу лицензиясына

сəйкес Банк мынадай банктік жəне өзге де операциялар түрлерін жүзеге асырады:

- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу жəне жүргізу;

- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу жəне жүргізу;

- банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу жəне жүргізу;

- кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды ұсату, айырбастау, қайтасанау, сұрыптау, қаттап-буу, сақтау жəне кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету;

- аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды жəне жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;

- есеп жүргізу операциялары: заңды жəне жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де борыштық міндеттемелерінің есебін жүргізу (дисконт);

- қарыз операциялары: төлем жасалу, мерзімдік жəне қайталау шартымен ақшалай кредиттер беру;

- жеке жəне заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;

- сенім операциялары: сенім білдірушінің мүддесі үшін жəне оның тапсырумен ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

- төлем карточкаларын шығару;

- кредит беру;

- банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

- чек кітапшаларын шығару;

- аккредитивті ашу мен растау жəне ол бойынша міндеттемелерді орындау;

- ақшалай орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;

- лизинг қызметін жүзеге асыру;

- меншікті бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару;

- факторинг операциялары: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемеу тəуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын иелену;

1- кесте – «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін банктік қызмет пен өнім ассортименті

Кеңдігі Тереңдігі
  Салым · - Халықтық - зейнетақылық · - Halyk - әмбебап · - Halyk - балалар үшін · - «Білім беру жинақтау салымы» депозиті · - Халықтық - стандартты
  Кредит беру   · - «Халық Кәсіпкер» · - Бизнес Medium · - Лизинг Classic · - «Халық-Агро Техника» · - «Бизнес-Контракт» · - «Халык-Агро» · - «Бизнес-Депозит» · - На покупку авто · - На покупку недвижимости · - Беззалоговый кредит · - Образовательный кредит · - На неотложные нужды
  Төлем карточкалары   · - Visa Electron · - Visa Electron Instant HalykCard · - Visa Classic · - Visa Gold · - Visa Platinum · - Visa Infinite · - Visa Virtuon · - Жалақы жобасы · - Кедендік төлемдер · - Эквайринг
  Мобильдік банкинг · - Төлем карточкадағы операциялар бойынша хабарламалар · - Банктің ақпараттық хабарламасы · - Карточкалық базадағы ағымдағы шоттың қол жетімді соманы сұрату · - Операцияның тарихын сұрату · - Берешекті сұрату · - Банк тарифтерін сұрату · - Өзінің ұялы телефонына төлеу
  Қазынашылық өнімдер мен қызметтер · - Салымдар · - Конверсиялық операциялар · - Туынды құралдар · - Қымбат бағалы металдар мен коллекциялық монеталардың сатып алу /сату бағамы · - Металл шот
  Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету   · - Шоттарды ашу және жүргізу · - Ақша аудару операциялары · - Кассалық операциялар · - Банк шотын ашуға арналған документтер тізбегі
  Қазақстан және ТМД елдері бойынша шетел валютасымен әлемнің кез- келген нүктесіне аударымдар Western Union MoneyGramm Шұғыл аударым Экспресс аударым Экономды аударымдар Карточкадан карточкаға аударым

2-кесте – Қазақстан Халық Банкі салым түрлері

Салым түрі Ең төменгі сомма Пайыздық мөлшерлеме
· Halyk - балалар үшін 15 000 8.5% (8.6%) TNG/36 ай.
Halyk - әмбебап   75 000 8.5% (9%) TNG/9 ай.
Халықтық - зейнетақылық 2 000 9.5% (10.1%) TNG/12 ай.
Халықтық - стандартты 15 000 9.5% (10.1%) TNG/36 ай.
«Білім беру жинақтау салымы» депозиті   15 000 9% (9.5%) TNG/60 ай.

3-кесте – Қазақстан Халық Банкінің SWOT талдауы:

Күшті жақтары: - Мемлекет қолдауы; - Банк тауарларының кемелденуі; - Шетел инвестицияларын тарту.   Әлсіз жақтары: - Кадрлардың жұмыстан көптеп босатылуы; - Кадрларының жалақысының төмен болуы; - Пайдалы маркетингтік стратегияның болмауы. - Басқару жүйесінің аяқталмағандығы; -
Мүмкіндіктері: - Шет елде филиалдар пайда болуы; - ТМД елдеріне қызметін ұсыну үшін кредиттік және депозиттік портфелдерге мониторинг жүргізу.   Қауіп – қатерлері: - Аймақта экономикалық және саяси жағдайдың қалыпты болмауы; - Банктік заңнамалардың әрдайым ауысып отыруы; - Бәсекелестердің кадрларының жоғарғы жалақысы.

1- сурет - Қазақстан Халық Банкі-нің логотипі

4-кесте – Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы

Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің атауы  
 
Банк басшылығы  
Қызметкерлерді басқару департаменті  
МАРКЕТИНГ және ЖАРНАМА ДЕПАРТАМЕНТІ  
Бөлшек сатулар департаменті  
Карточка орталығы  
Оперциялық және есептік қызмет департаменті  
Коммерциялық сатулар департаменті  
Проблемалы кредиттермен жұмыс департаменті  
Private banking департаменті  
№1,2 корпоративтік клиенттермен жұмыс департаменті  
Шағын бизнеске сату департаменті  
Тәуекелдерді басқару департаменті  
Заң департаменті  
Халықаралық қатынастар департаменті  
Инвестициялық банкинг департаменті  
Инкассация және күзет департаменті  
Қауіпсіздік департаменті  
Бухгалтерлік есеп және есептеме департаменті  
Контроллинг департаменті  
Қаржы департаменті  
Ақпараттық технологиялар департаменті  
Ресурстар департаменті  
Кредиттік талдау департаменті  

5-кесте – Халық банктің еншілес компаниялары





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 995 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...