Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банк саласындағы маркетинг



УНИВЕРСИТЕТІ

«Маркетинг» Кафедра

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Халық Банкі

Орындаған: Әліпхан А.Р

Тексерген: Жунусбекова Б.Б

Мамандығы: Маркетинг

Тобы: 441

Алматы, 2014

Банк саласындағы маркетинг

Менің зерттеп отырған объектім «Қазақстан Халық Банк» АҚ болып табылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 90 жылдан аса табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі

1923 жылдың тамыз айында* Халық комиссарлары кеңесінің бұйрығымен Ақтөбе қаласында бірінші жинақ кассасы ашылды. Айта кетейік, кешегі Қазақ КСР-і Жинақ банкісінің мирасқоры болып табылатын бүгінгі Халық банкінің ресми тарихы да дәл осы кезеңнен бастау алады. Кейіннен, яғни 1936 жылы, жаппай ұжымдастыру және индустриализация кезеңінде Алматы қаласында КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассасының филиалы ашылды, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРОЖинақ банкінің филиалы ашылды. Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 90 жылдан аса табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі. Сондай - ақ банк өз қызметін Россия, Грузия және Кыргызстан мемлекетінде де көрсетеді. 2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді, біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.

Құндылықтары:

ü Клиентке бейімділік

ü Сенімділік

ü Көшбасшылық

ü Әлеуметтік жауапкершілік

ü Әділеттілік

ü Біліктілік





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 742 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...