Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері



Эргономикалық қасиеттері – тұтынушының гигиеналық, антропометриялық, психологиялық және психофизиологиялық сипаттамаларына сәйкес тауарлардың жанға жайлылықты, қажеттілікті толық қанағаттандыру қабілеттілігі.

Эргономика – еңбек құралдары мен процестерін оңтайландыру немесе пайдалану не тұтыну мақсатында адамды оның әрекетінің нақты жағдайларында кешенді зерделейтін ғылым. Алғашқы кезде эргономика бұйымдарды, еңбек шарттары мен процестерін оңтайландыру үшін еңбек қызметін кешенді зерделеумен және жобалаумен ғана айналысты. Қазіргі кезде оның қолданылу аясы кеңейді және ол тауарларды тұтынуды да (пайдалануды) қамтиды.

Эргономикалық қасиеттер тұтынушының белгілі бір сипаттамасына сәйкес физиологиялық және/немесе психологиялық қажеттілігін қанағаттандырады. Осы сипаттамаларға байланысты эргономикалық қасиеттер: гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және психофизикалық топшаларға бөлінеді.

Гигиеналық қасиеттер – адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін сыртқы жағадайларды көрсететін тауардың қабілеттілігі. Оларға үй-жайлардың жарықтығы мен шаң болуы, ауа қысымы мен ылғалдылығы, ылғал тартқыштығы, шу, діріл, адамның денесінің жанасуынан бөлшектердің қызуы және т.б. жатады. Адам әрекетінің қалыпты жағдайлары көбінесе аяқ киім мен киімдердің, әсіресе, полимерлік материалдардан жасалғандарының гигиеналық қасиеттеріне байланысты болады, себебі олар статистикалық электр зарядтарын жинауға қабілетті және олардың ылғал тартқыштығы, бу өткізгіштігі төмен.

Гигиеналық қасиеттерге бұйымдарды таза ұстау мүмкіндігін де жатқызуға болады, ол материалдардың табиғилығына, бұйым нысанына және оның беткі сипатына байланысты болады. Тік және тегіс нысанды, беті айнадай жылтыр бұйымдар едәуір таза болады.

Антрополиметрикалық қасиеттері – тауарларды тұтыну (пайдалану) кезінде тұтынушының өлшенетін сипатының едәуір деңгейіне сәйкес жайлы жағдайлар жасау қабілеттілігі. Олардың азық – түлік емес тауарлардың, әсіресе, киім – аяқ киімдердің сапасына баға беру кезінде едәуір маңызы бар. Сондықтан өнімді жобалау және әзірлеу кезінде халықтың антропометрикалық өлшемдері туралы мәліметтер қолданылады, олардың негізінде киімнің, аяқ киімнің, бас киімнің мөлшері белгіленеді.

Жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамдардың антропометрикалық сипаты (бойы, толықтығы, белінің көлемі, ұзындығы, ені және т.б.) бірдей болмайды. Нәтижесінде әр түрлі елдерде өндірілетін киімнің және аяқ киімнің мөлшерлерінің айырмашылығы болады. Мәселен, бірдей мөлшерде маркаланған итальян, қытай, вьетнам аяқ киімдері ресей аяқ киімдерінен кішірек болады. Саудагерлар мен сатушылар осыны ескере отырып, тұтынушыларға ол жөнінде ақпарат берулері керек.

Киім, аяқ киім, бас киім мөлшерлері ғана емес, сондай-ақ ұйымдастыру техникасының, тұрмыстық техниканың, кеңсе тауарларының және басқалардың жұмыс детальдарының мөлшерлері де антрополиметрикалық қасиеттердің көрсеткіштері болып қызмет етеді. Қаламдардың, қарындаштардың, фломастерлердің диаметрлері кездейсоқтық емес, олар адам қолының антрополиметрикалық сипатын бейнелейді және пайдалануға жайлы болуын қамтамасыз етеді. Олардың көлемі үлкен немесе кішкентай болғанда, адам тез шаршайды, жайсыздық пайда болады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1482 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...