Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері. Көп векторлық бағалаудан тұруы мүмкін кейбір бағалау - сараптамалардың нәтижесі болып табылады



Көп векторлық бағалаудан тұруы мүмкін кейбір бағалау - сараптамалардың нәтижесі болып табылады. Сараптамалық бағалау соңғы болып саналмайды, себебі сараптама нәтижесін қолданатын адам мен сарапшының арасында, мысалы, шешім қабылдайтын адамның немесе судьяның артында соңғы сөз қалады. Сарапшы әрқашан да шешім қабылдайтын адамға сырттай толықтырушы болып табылады. Сарапшы қорытындысының дәлелдемелердің басқа көздерінен артықшылығы болмайды.

Сарапшы қорытындысының кезеңдері:

- сараптаманы тағайындау кезінде заңнаманың талаптарын сақтауды тексеру;

- зерттелген заттардың нақтылығын және жеткілікті болуын тексеру;

- сараптама әдістемесінің ғылыми негізділігін және осы нақты жағдайда оны қолданудың заңдылығын бағалау;

- қорытындының толық болуын тексеру;

- сараптама қорытындысы нәтижелерінің қисынды негізділігін анықтау;

- осы іске сараптамалық зерттеу нәтижелерінің қатысын бағалау;

- сарапшы ой-пікірлерінің іс бойынша қолда бар дәлелдемелерге сәйкестігі;

Осыдан сараптаманың нәтижесі даулы болады, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотпен немесе шешім қабылдайтын тұлғамен тағайындалған басқа сараптамамен қайта тексерілуі мүмкін.

Заңтануда «не бұлттартпайды сол шындық» деген жауап бар. Ойлардың, теориялардың, шындықтың бәсекелестігі кез келген шындық танымал шындықтан, жасырын шындықтан және бұрмалау шындықтан тұратынын көрсететін нормалардың бірі болып табылады.

Кейбір объектілерге қатысты (сынама, үлгі, заттай дәлелдеме, құжат, ақпарат және т.б.) өкілеттікке ие адам оны және сараптамаға ілеспе құжаттарды көрсете отырып, сараптама объектісінің шынайы құрылымы (қасиеті), функциялары (тағайындау) және атауы туралы білмеуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл адам қасақана немесе қасақана емес ондағы нақты ақпаратты бұрмалауы немесе жасыруы мүмкін.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 956 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...