Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоғары өткiзгiштiгі бар автотиегiштер



Жалпы тағайындалуы бойынша кәдiмгi фронтальді автотиегiштерiмен қатар халық шаруашылығына қажетті жоғары өткiзгiштiгі бар автотиегiштер саз жамылғысы бар алаңдарда немесе жолдары жаман жағдайда керек болады. Мысалы, кішігірім теміржол станцияларының өтпелерінде, «Ауылшаруашылықтехника» кәсіпорындарында, совхоздармен колхоздарда және дала жұмыстары үшiн. Мұндай автотиегiштердi шетелде қолданады. Мысалы, «Росс» фирмасы (Англия) росс фирма жүккөтерімділігі 6000—50 ООО ағылшын фунттары (2, 72—22, 69 т) автотиегіштерін шығарады. Кең таралғаны автотиегiштердің түрі жүккөтерімділігі 6000—8000 ағылшын фунты (2, 72—3, 63 т) [1 а. ф. = 0,453 кг].

Автотиегiштердің алдыңғы және артқы жетекшi өтiмдері, кең көлемдегi шиналары, гидродинамикалық трансмиссиясы және (тиегішті бойлай) жылжымалы гидрокөтергiштердi бар. Саз жамылғысы бар алаңда бұрылысты болдырмау үшін автотиегiштер қайталалған басқару үлгісімен жабдықталған және бiр біріне қарама қарсы орналастырылған екi орындықтармен жабдықталған. Жүргiзушi қозғалыс кезінде бағыттардың өзгерiсімен бiр орындықтан екіншісіне отырады.

Жоспарланбаған алаңда жүкті айырларымен ыңғайлы түрде қармап алу үшін жүк көтергiш алдына тігінен 10° ауытқып және артқа 16°. Жүкті айырларға қарап алғаннан кейін жүкті аздап көтередi және жүк көтергішті жүкпен 1270мм арақашықтыққа артқа автотиегіштің бойымен жылжытады. Сонымен, жүктемені тиелген автотиегiштің көпiрлеріне бөледі жүктелген көпiрге жүктеменің үлесі автотиегiштің жалпы массасынан 40—60% аспайды. Бұдан басқа, ұтқырлығын жақсарту үшiн автотиегiштiң ұзындығын қысқартады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 566 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...