Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүкті жеткізу нұсқалары бойынша экономикалық көрсеткіштерді есептеудің жалпы ережесі



5.1 Әрбір жеткізу нұсқалары бойынша экономикалық көрсеткіштер есебін нақты шығындар мен белгіленген баға (тариф) арқылы 1 тонна неттоға теңгемен жүргізіледі.

5.2 Нақты шығындар бойынша жүк иесінің қаржысымен жасалатын көліктік-техникалық операцияларына сәйкес келетін көрсеткіштерді есептейді. Бұл көрсеткіштер тобына мына шығындар жатады:

- Жүкті жеткізу мен пайдалануға кететін дайындаудың барлық түрі;

- Жоғарыда көрсетілгендей жүк иесіне тиісті пакет құралдары, контейнерлер және көліктік ыдыстар паркін ұстауға кететін;

-Жүк иесінің орындалатын жалпы және жалпы емес пайдалану орындарында тиеу-түсіру және қойма жұмыстарына кететін;

- Жүк иесінің маневр құралдарымен жалпы пайдаланбайтын орындарға және орындарынан вагондарды беру мен әкетуге кететін;

- Жүк иесінің көлік құралдарымен жүкті тасымалдауға кететін.

5.3 Жүк иелеріне қызмет көрсету бойынша көліктік ұйымдардың шығындарын белгілеген бағамен (тарифпен) анықтайды. Бұған мына тарифтік төлем мен алымдар жатады:

- Көліктік ұйымдардың жеке тасмалдауларынан басқа, көліктік ұйымның магистральды көлік түрімен жүкті тасымалдауға;

-Темір жолдың күші мен қаражаты арқылы жалпы және басқа орындардан вагондарды беру мен әкетуге; сонымен бірге жүк пункттерінен немесе содан басқа көлік түрлерімен жүкті шығаруға, жеке және өзіндік тасмалдауды есептемегенде;

- Көлікті жалға алуға;

- Көліктік ұйымның контейнерлері немесе жүкті пакеттің әмбебап құралдарымен, вагондарымен жүк иесінің пайдалануына;

- Жалпы пайдалану орындарында жүкті сақтауға;

- Көлік ұйымдарының қаражатымен жалпы пайдалану орында-рында тиеу-түсіру және қоймалық жұмыстарға.

5.4 Көліктік ұйымдар жағынан жүк иесінің қызметінде белгіленген баға (тариф) есебі тарифтік басқаруда сәйкес көрсетілген тарифтік баға бойынша жүргізіледі. Алынған тариф шамасын дисконтты шығындарға және 1 тонна нетто жүкті теңгеге келтіреді. Егер тарифтік басшылықта қарастырылған қызмет тізіміне орындалатын операция кірмесе, онда бұндай операциялар төлемін келісімді (еркін) тарифтік баға бойынша жүргізеді.

5.5 Экономикалық көрсеткіштер есебінде шығындық баға тәсіліне сәйкес қосымшаларға келтірілген анықтау әдістемесі қолданылған. Сонымен бірге сонда жекелеген көрсеткіштер бойынша анықтамалық берілгендер және қажет кезде олардың есептеу әдістемесі көрсетілген.

5.6 Еңбек төлемімен байланысты шығындарды анықтау кезінде қызмет көрсету персоналының сағаттық тарифтік бағасына еңбек ақыға есептелген қаржы коэффициентін ескеру қажет.


Бұл коэффициенттің шамасын 2,62 – деп алған дұрыс:

мұнда: 0,25 – материалдық мадақтау қорына тарифтік бағаға есептелген қаржы; 0,10 – демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа;

0,10 – демалыс жалақысына; 0,30 – тікелей жалақыға үстеме шығындар; 0,39 – жалпы еңбек ақы қорынан мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға бөлінісі, оның құрамында міндетті медициналық сақтандыруға 3,6%, әлеуметтік сақтандыруға 5,4%, зейнеткерлік қорға 2,8%, жұмыс қорына 2,0%, бөліністер бар.

5.7 Технологиялық операциялардың өнімділігін қолданып отырған, есептеулерде не Біртекті Өндеу Нормасы (БӨН)-ын қолданып, не есептік жолмен, хронометрияның немесе басқа да берілгендер негізінде анықтайды. Осыған ұқсас етіп сәйкес технологиялық операцияларды орындайтын бригадалардың сандық құрамын анықтайды.

5.8 Қойманы ұстауға жылдық пайдалану шығындарын есептеу кезінде алып жатқан ауданның 75 өлшемінің жерге салығын ескеру керек.

5.9 Көліктік ыдыстарды және көп айналымдағы көліктегі жүкті пакетті, сонымен бірге контейнерлерді ұстауға және алуға кететін шығындар бұл құралдарға байланысты жеткізу кезеңдерінің тек біреуі арқылы есептеледі. Егер бұл қаржылар айналым уақытында бір немесе бірнеше жеткізу кезеңдерінде ұзақ жиналуда болса, онда олардың айналым ұзақтығын есептегенде олардың көліктік операцияларда жүк пункттерінде әкелу-әкету бойынша болуын ескеруге болады.

5.10 Тек қана қоймада жүкті тиеу және сақтау үшін қолданылатын пакеттеу құралдарын қоймалық қондырғылар мен сәйкестендіру керек, ал оларды алу мен ұстауға кететін шығындарды қоймалық шығындармен есептейді.

5.11 Арба, поддон – аула, т.б. жүк орындарын ірілету құралдарымен байланыстыру керек, ал олардың шығындарын тиеу-түсіру операцияларына есептеу керек.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 529 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...