Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ежелгi Қытай мәдениетiндегi дiн



Қытайдың мәдени тарихы б.д.д. III-II мыңжылдықтарда белең берсе де этникааралық саяси-мәдени бiртұтастық бiрте-бiрте қалыптасты. Батыс дәуiрiндегi Чжоу Ван (патша) Аспан құдайының баласы, жердегi өкiлi болып жарияланды. Ал, арғы ата-бабалар әруағына табыну патриархалдық отбасы төңiрегiне шоғырланды. Бұл жерде, азаматтық - храмдық қауымның пайда болуының негiзi болатын айтарлықтай храмдық шаруашылықтар салынған жоқ. Жерорта теңiзiндегiдей, оның бергi жағында Таяу Шығыстағыдай сияқты кең көлемде қалалық автономиялар қалыптаспады.

Қытайда қалалық типтегi рационалдық мәдениет дүниеге келтiрiлгенмен, тұйықталған абыздардың кастасы мен төрелердiң негiздерi қаланған жоқ. Бiрақ ол әкiмшiлiк басқаруды ұтымдыландырды, чиновник – басқарушының рационалдық типiн қалыптастырды. Мемлекеттiк чиновниктер тұйық кастаға айналған жоқ. Шань Янның өзi (б.д.д. IVғ.) әкiмшiлiк қызметке тағайындауды ата даңқымен байланыстырмай, керiсiнше мемлекет алдындағы еңбегiнiң нәтижесiмен бағалады. Лауазымы төмендеу әкiмшiлiк қызметтер ақшаға сатылды, және де әкiмшiлiк қызметтердi емтихан қабылдау арқылы тағайындау кеңiнен орын алды (мандаринат). Қытай тарихында басқару мәдениетiн тиiмдiлендiру тамырын терең жайды, керек болса онымен адамның қоғамдық мiнезiн салт-жорғылауға да байланысты болды (қытай церемониясы).

Ежелгi Қытай мәдениетiнiң осы тектес сипаттары, сол кезеңдегi адамдардың ұжымдары тiрi қалу үшiн жасаған әрекеттерiнiң мүмкiн болған жалғыз амалы едi. Тiрi қалудың шарты, ежелгi адамдардың мәдениетi мен дүниетану түсiнiгiнiң мәнiмен мақұлданған, қуатты деспотиялық мемлекет болды. Бiрақ, мұны күштi дамыған шығыс мәдениетi мақұлдап қана қоймай, қайта мемлекеттiң бар қуатымен адамдардың еңсесiн басуына қарсы шығып, олардың сыртқы қаталдықтан қорғана бiлуiне талаптандырды.

Ежелгi Қытайдың қоғамдық-саяси өмiрiне сай бұл мәселеге Конфуций (б.д.д.VI ғ.) жауап беруге тырысты. Кунфуций латын тiлiнде Кунцзы, немесе «Кун ұстаз» деген сөз. Төрт ғасырдың iшiнде адамдардың ақылы мен жүрегiн жаулап алған конфуцишілдік б.д.д. II ғ. императорлық Қытайдың ресми идеологиясына айналды. Конфуцианствоның негiз-гi қызметi шығыс дәстүрiнiң рухына сәйкестендiре отырып мемлекеттiк пен адамгершiлiктi бiрiктiруге ұмтылды. Кунфуцишілдік үлкен отбасында қарым-қатынасты бүкiл қоғам өмiрiне таратуды ұсынды. Мұны Қытайдағы дәстүрлi ритуалданған этика - ережелер (сыпайылық- әдеп, жорғы) арқылы iс-жүзiне асырудың қажеттiлiгiн айтты. Этикет - ереже Ли, бұл сүйiспеншiлiктiң немесе құштарлықтың көрнiсi емес. Әйтсе де Ли таза формальды қарым - қатынас (құқықтық заң типтес) емес әулиеттiк ынтымақтастық пен отбасалық борышқа негiзделген. Ол этикет тек ғана отбасы емес, сонымен қатар мемлекеттiк дәрежедегi нормаға да айналды.

Қытай мәдениетiнде конфуцианствомен қатар мүлде жаңа бағыт, өмiр туралы мүлде жаңа iлiм пайда болды. Ол адамды жорғылармен матап, бағдарлаудан бас тартты да, адамның шексiздiгiне баса назар аударды. Өкiнiшке орай бағы заман адам тұлғасын жете бiлiп түсiнбедi. Ал, даналар адамның iшкi дүниесiнiң шексiздiгi мен әмбебаптылығын көбнесе табиғатпен байланыстырды. Жаңа iлiмнiң негiзiн қалаған Лао-цзы өзiнiң шексiздiгiнiң бастауын табиғи барысынан алып, оны ұлы табиғат өмiрiнiң шексiздiгiмен ұласуы қажет дедi. Осыдан барып даосизм (иероглиф - «ЖОЛ») iлiмiнiң аталуы басталды.

Егер конфуцишылдік отбасының, қоғамның және мемлекеттiң тағдырымен айналысса, ал даосизм өзiнiң назарын ең алдымен адам тағдырына, адамның кәуділгi өмiрiне аударды. Осындай дүниетану түсiнiгi Ежелгi Қытай мен Онтүстiк-Шығыс Азия елдерiнiң өнерлерiнiң негiзiне ендi. Табиғатқа назарын аударып, адам уақытша болса да салт-жораланған әлеуметтiк және отбасылық өмiрдiң қыспағынан бiр босанады. Ондай сезiм өзiнiң көрiнiсiн өнерден тапты да, ол мәдениеттiң нышаны болып қалды.

Сонымен, алғашқы қауымдық магиялық әдет-ғұрыптың бастапқы архаикалық мәдениетi мен жаңа рациональдықтың синтезi құрылды. Ол басқару мен ритуалдық қоғамның нормаларында iске асырылды. Солай бола тұра, органикалық, өзiн ұдайы өндiретiн, болмыстың толықтығы мен өзiмен өзiнiң жеткiлiктiгiн, әлеуметтiк және табиғилықтың бiрлiгiнің негiзiнде табиғи реттiлiктi мойындайтын жалпы тиiмдi дүниетанымдылықтың бiр бөлiгi болып қалды.

Тақырып бойынша БӨЖ мақсаты:

Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер деген не? Түсіндіру, белгілерімен таныстыру, құқықтық мемлекетке өту жолдырын көрсету.

БӨЖ міндеті:

А) Берілген тақырыпты қосымша метериал көмегімен толықтыру.

Б) Мәдениеттің пайда болу тарихы.

В) Тақырып бойынша глоссарии құрастыру

Есеп беру формалары.

А) Зерттелген тақырып бойынша білімгерлер арасында дисскусия жүргізу.

Б) Глоссарии қорғау.

БӨЖ –ді қорғауға қойылатын талаптар:

1. Дискуссия қорытындысы бойынша өз ой-пікірін білдіру арқылы қысқа, нақты түрде оқытушымен сұхбаттасып тақырыпты қорғау қажет.

2. Глоссариді қорғау.

Глоссариді құрастыру тәртібі:

1. Глоссариде кем дегенде 10 шақты сөзден құрылуы қажет.

2. Тақырыпты бейнелнуі тиіс.

3. Қосымша глоссариге белгісіз ұғымдар мен түсініктер енуі керек.

4. Білімгер жазған терминдеріне жауап бере алатын болуы тиіс.

Негізгі әдебиеттер.

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер.

1. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. -Алматы, 1996.

2. Төкенов Ө.С. (Көбейтілген лекциялар жинағы.) Тараз-2005.

3. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

4. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

5. Абай Құнанбаев. Сочинения.-Алматы, 1995.

6. Алъ-Фараби. Философские трактаты. -Алматы, 1970.

7. Баласағұн Ж. Құтты білік, Алматы, 1986.

8. Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. Алматы, 1988.

9. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы, 1991.


Тақырыбы: Антика мәдениеті

Тапсыратын мерзімі: 8 апта

Теориялық бөлім.

Теориялық материалды зерттеу. (Лекция,семинар)

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекция мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик» - көне, ежелгі деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты олданған. Бұл мәдени мұра Европаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптауына елеулі ықпал жасады. Грек және Рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемдік, қарапайымдық, шыншылдық және шеберлік қасиеттерімен, белгілі болды мәдениеттің алқақ үлгісі ретінде күніі бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе грек мәдениетіне ерекше мән береді. Дүниежүзілік мәдениетпен таныстығыленудың өзі де гректердің таңқарларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, сәулет, мүсін т.б. Өнер саларында кең көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхия, Софокл, Платон, Геродот, Фукидия, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты.

Грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да, Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған.

Грек, ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері, суретшілері миф оқиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына сәйкес жаңа мазмұн беріп отырды.

Гомер дәуірінде әдебиет саласында тамаша туындылар өмірге келді. Ақын Гесиод жазған «Теогония» (құдайлардың шығу тегі жөнінде) және «Еңбектер мен күндер» атты дастандары – гректердің көңілінен шықты. Лирикалық поэзияның Архилог, Солон, Алкен, Анахреонт және т.б. адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды.

Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500-449 ж) Грекция тарихында бетбұрыс кезең болды, өйткені осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талғандалуы экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Б.з.д. 5 ғ Афина, Периклдің басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Грек театры гүлденіп, трагедиялық және комедиялық шығармалар дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енді (Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан).

Философиялық мектептердің біразы мәдениет жетістіктерінен безініп «елеусіз өмір сүру» принцпипін уағыздады, өз заманының саяси оқиғалары түсті суреттелетін мән-мағынасыз комедиялар пайда болған тарихи жағдайда грек мәдениетінің тоқырау кезеңі басталды.

Эллинизм кезеңі А.Макендонскийдің бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды (б.з.д. 356-323). Ол 10 жыл ішінде Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб Сахараларына дейінгі ұланғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде осындай орасан зор мемлекет еш уақытта болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс пен Батыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі деуге болады.

Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александарды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға өмір берді. Грек мәдениеті жетекші орында болды.

Сауданың дамуы, шығыста жаңа қалалардың пайда болуына ықпал етті. Мысырдағы Алексаирия, Сириядағы Антохия Кіші Азиядағы Пергам эллиндік елдердің мәдени орталығына айналды. Жаулап алынған халықтар грек, мәдениетін қабылдады. Шығыс өркениетімен өзара ұштасудан – дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар, грифондар, өлгендердің аруағы боп есептелінетін адам басты құстар – сиреналар т.б. пайда болды.

Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мән берді және өз даңқын арттыру үшін өз маңдарына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдырды, ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмыстар жүргізді.

Б.з.д ІІ ғ өмір сүрген мүсінші Александрдың жасаған «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енгн Афродитаның мүсіні әлемге белгілі құндылық (Париждегі Лувр музейінің мақтанышы).

Эллинизм дәуірінде патшаны құдай дәрежесінде мадақтауға негізделген – монархтарға табынды. Ежелгі Рим мәдениеті басталды. Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет саналды. Этрустар егіншікті жетіп меңгерген. Олар салған жолдар, көпірлер, қазған каналдар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазды.

Этрустардың әлем туралы дүниенің жаратылуы туралы түсініктері вавилондықтарға өте ұқсас болды. Б.з.д. VII-VI ғ Этрурия шеберлері Жерорта теңізінің барлық елдеріне танымал өзгеше керамика жасауды меңгерді және асыл металдарды өңдеу тәсілдерін жетіп меңгеріп өте нәзік зергерлік бұйымдар жасады.

Үздіксіз соғыстар мен әлеуметтік қақтығыстардың салдарынан этрурияның мәдениеті б.з.д. 5 ғ құлдырай бастады. Б.з.д. 474 ж оңтүстік итальян қалаларыныңң біріккен флоты этрустарға күйрете соққы берді. Сөйтіп құлиеленушілік Рим біртіндеп бүкіл Этрурияны бағындырды. Бұл кезең патшалық дәуір аталды.

Рим республикасының кезеңі басталды. Дүниежүзілік өркениетке гректердің, римдіктердің де қосқан үлесі ұман теңіз, бұл ұлы халықтар бірін-бірі толықтырып отырды.

Римнің әскер басылары жаулап алынған грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Римнің храмдары мен алаңдары Мирон, Фидий, Сконас, Поликлет, Лисипп, Пракситель сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды, олардың көшірмелері дайындалды.

Рим әдебиетіне грек әдебиетінің ықпалы зор болды.

Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Баррон мен Цицерон болды. Барроның (б.з.д. 116-27 ж) ең әйгілі «Древности для божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедия болды. Ал аса көрнекті қоғам қайраткері, шешен, дарынды заңгер, философ, жазушы Цицерон саясатқа байланысты «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» және т.б. ғылыми трактаттар жазды. «Құдайлардың табиғат туралы», «Көріпкелдік туралы», «Қарттық туралы», «Академиктер ілімі туралы», «Тағдыр туралы», «Достық туралы», «Жамандық пен жақсылық туралы» философиялық трактаттар жазды. Империя қалаларында бірнеше қабатты үйлер, соттар мәжілісі өтетін, сауда-саттық жүргізетін, ұзына бойына колонналар қатарымен бөлінген «базиликалар» деп аталатын портиктер, гладиаторлар шайқасатыын орасан зор амфитеатрлар, жүзу бассейндері, спорттық алаңдар, бай кітапханалар, моншалар т.б. көбейді.

Тақырып бойынша БӨЖ мақсаты:

«Антика» туралы ұғым. Ежелгі Грек және Рим мәдениеті дегеніміз не? Олардың ерешелігін және өту жолдарын көрсету.

БӨЖ міндеті:

а) Берілген тақырыпты қосымша материалдың көмегімен толықтыру

ә) Антика дүниесінің мәдениетінің мәні

б) Тақырып бойынша реферат жазу

Есеп беру формасы

а) Зерттелетін тақырып бойынша білімгерлер арасныда дисскусия жүргізу

ә) Реферат қорғау

БӨЖ –ді қорғауға қойылатын талаптар:

1. Білімгер дайындаған баяндамасын меңгеріп, проблемалар мен оны шешу жолдарына байланысты талқылауға түскен мәселелер бойынша өз ой-пікірін білдіру.

Реферат қойылатын талаптар:

1. Реферат кем демуі 3-5 беттен болу қажет

2. Тақырыпты бейнеленуі тиіс

3. Қосымша әдебиеттер қолданлу қажет

Негізгі әдебиеттер.

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер.

1. Асмус. Античная философия. М., 1970

2. Кун. Ежелгі Грек аңыздары. М., 1977

3. Жанакулов. Мәдениеттану, А., 2002


Тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті

Тапсыратын мерзімі: 13 апта

Теориялық бөлім.

Теориялық материалды зерттеу. (Лекция,семинар)

Өткен тақырыптарда айтып өткендей мәдениеттану ғылымының пәні мәдениет, алайда ол белгілі бір нақты объекті емес, ол нақты құбылыстардан тысқары, рухани мәдениеттің сыңарлас жақтарының (мифтік, діни, философиялық, ғылыми, өнер т.б.) сұрыпталған ақпараттарынан туындайтын ерекше жүйеленген білім. Ал, мәдениетті анықтау әрқашан да концептуалды, өйткені оның өзі нақты адам әлемінің бағытына меңзейді; оның ең маңызды өзегі болып адам, ізгілік, әсемдік, сенім, ақиқат сияқты ұғымдар саналады; ол, адамдардың әлеуметтік өміріне байланысты адамның мәнін, болмыс жүйесіндегі орнын ұғу сияқты бақилық сұрақтардың жорамалдарын ұстанады. Сол арқылы рухани мәдениеттің негiзгi мұраты болып адамның өзiн және қоғамды гуманизациялау саналады. Мәдениеттанудағы «Әлем» адам арқылы айқындаған болмыс ретiнде қарастырылады және дәл осындай ғана болмыс мәдениет деп аталынады.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан қазақтар ғасырлар бойында жазба әдебиеті болмаса да, өз тарихында дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның күй-жайын жете түсінген және өзіне тән рухани мұра жасай білген. Олардың алғашқы рухани мұралары халықтық болып келеді. Халық өз шығармаларында адамның көңіл-күйін, қуанышы мен ренішін, қайры-қасіретін, сүйініші мен күйінішін, достығы мен махаббатын, сенімі мен үмітін, мұраты мен мақсатын бейнеледі. Қазіргі тілмен айтқанда, осы тектес экзистенциалдық мәселелер халықтың дінін, әдет-ғұрпын, сана-сезімін айқындауда жалпы рухани мәдениеттің негізгі өзегі болды.

Қазақ халқының руханилығы аңыз әңгімелер, жыр дастандары, поэзиясы арқылы ауыз екі таралып күні бүгінгі жаңа заманға дейін жетті. Өзінің бастауын сонау б. з. дейінгі VII ғасырдан бастап б. з. ІІ ғасырына дейін өмір сүрген сақтар әулетінен бастау алғаны тарихта айқындалды. Оның негізін қалаған Алып Ер Тұнға (Афрасияб) болды. Олар Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында «скифтер» деген атпен белгілі болған. Сол кездері сақтардың өте жауынгер халық ретінде аты шықты.

Өз мәдениетін жасамаған халық жоқ. Сол сияқты көшпенділердің де өзіндік мәдениеті болған. Жазуы қазіргі ғылыми тілде айтылып жүрген рун жазуы немесе түркі жазуы деп есептеледі. Олардан бүгінгі күнге дейін жетіп жалпы адамзаттық мәдениеттің нұсқасы аталған «хайуанаттар стиліндегі» (скифский зверинный стиль) мұралар жеткілікті. Солардың бірі 1969-1970 жылдарда Алматы қаласына таяу жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» деген атпен белгілі болған 17-18 жастағы сақ жауынгерінің мәйіті. Мазмұны анықталып әзірге оқыла қоймаған. «Есік жазуы» деп аталып кеткен бұл жазулар Қазақстан тұрғындарының бұдан екі мың жеті жүз жылдар бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін айғақтайды.

Миф басқа да халықтардағыдай қазақ халқында да өте ерте заманымызда пайда болып рухани мәдениетіміздің бастауы болды. Мифтік аңыздар ежелгі жабайылық дәуірден бастап пайда болғандықтан, бұл дәуірді басынан өткермеген халық болған жоқ. Оларды кейбіреулер мифтік шығармашылық тұрғыда қараса, енді бірі ата бабаларынан қалған мұ-ра ретінде құрметтейді.

Халқымыздың ежелгі тәжірибелеріндегі жағдайлардың аңызға айналуына негізгі және алғашқы себеп болып жансыз заттарға жанды мақұлықтардың қасиеттерін таңу, бүкіл табиғатты жандандыру болып саналады. Көшпенділер үшін аспандағы жұлдыздар, күн, тау мен өзендер, өсімдіктер және т.б. - жанды, олар да адам не жануарлар сияқты өздеріне тән қызметін орындайды. Осылайша адамдар өзін қоршаған ортаны өзіне ыңғайластырып бейнелеу арқылы өзіне жаңа болмыс - мәденитті туындатады. Бұл олардың алғашқы табиғат философиясы, әрине дөрекі, шындыққа жанасымсыз бірақ шындап оймен толықтырылған және анық түсінуге болады.

Қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуына мифологиялық (аңыз) ертегілері; хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс-салт) ертегілерінің де әсері өте үлкен роль атқарды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда, адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кезінде туған. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте қарапайым болған. Күн, ай, от пен судың жойқын қүштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Табиғат құбылыстарын адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп түсінген.

Қазақтың қайсыбір эпос жырларын алмаңыз, олардың өзіндік құндылықтары жоғары, мазмұнды, онда халықтың табиғи болмысы емен-жарқын ашылады, тұрмыстық, фольклор жанрларының, әсіресе, эпос жырларының бар мазмұны халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Бұларды тек бұрынғы заманның мифі, аңыз-ертегісі деп қарамай, тым ерте заманнан халық санасында туған рухани қазына деп қарағанымыз жөн.

Әлем – адам үшін о бастан ыңғайлылығымен айқындалған. Ол қатынас табиғатпен байланыс жасау тәсілі ретінде адамға басымдылық көрсетпей, өзінің шексіздік түрі арқылы жайсыздық сезімін қозғамай, қайта тіршілік күштерін көбейтеді және оның көтеріңкі рухтану сезімдерін күшейтеді. Әлемнің шексіздігін, үйлесімділігі мен сұлулығын қабылдау ақын-жыраулардың шығармаларынан көруге болады. Қазтуған жыршы бейне бір табиғаттың осындай қасиеттерінің жаратылуын көріп тұрғандай жырлайды:

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер,

Жатып қалған бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.

...Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас.

Балығы көлге жылқы жаптырмас.

Сонымен қорытындылай келе қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуы, сол ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың рухани мәдениетінен туындайды деп тұжырымдауға болады. Бұл уақыттары қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқының рухани мәдениетінің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұраларын жасаушылар да және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы да халықтың өзі болды.

Тақырып бойынша БӨЖ мақсаты

Қазақ халқы этногенезінің мәдениетін ерекшеліктерін ашу.

БӨЖ міндеті:

а) Берілген тақырыпты қосымша материалдың көмегімен толықтырып, баяндама жасау

ә) Қазақ халқы этногенезінің мәдениеті, қазақ хандығының құрылуы, тіл, жазу, халық медицинасы, халық ауыз шығармашылығын ашып көрсету.

Есеп беру формасы

а) Зерттелетін тақырып бойынша білімгерлер арасныда дисскусия жүргізу

ә) Баяндама жасау

БӨЖ –ді қорғауға қойылатын талаптар

1. Білімгер дайындаған баяндамасын меңгеріп, проблемалар мен оны шешу жолдарына байланысты талқылауға түскен мәселелер бойынша өз ой-пікірін білдіру.

Баяндама жазу тәртібі:

1. Реферат кем демуі 2-3 беттен болу қажет

2. Тақырыпты бейнеленуі тиіс

3. Қосымша әдебиеттер қолданалуы қажет

Негізгі әдебиеттер.

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер.

1. Әл-Фараби: философиялық трактаттар. А., 1973

2. Марғұлан А., Акышев К. Орталық Қазақстанның мәдениеті, А., 1966

3. Сүйіншалиев ХІІІ-ХVІІІ ғғ қазақ әдебиеті, А., 1989

4. Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. 3 томдық. А., 1983





Дата публикования: 2015-04-09; Прочитано: 917 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.022 с)...