Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көне Мысыр, Вавилон өркениеттерінің алғашқы формалары



Мәдениеттану» пәнінен білімгерлердің өзіндік жұмысының материалдары


Тақырыбы: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер.

Тапсыратын мерзімі: 5 апта

Теориялық бөлім.

Теориялық материалды зерттеу. (Лекция,семинар)

Көне Мысыр, Вавилон өркениеттерінің алғашқы формалары.

Ертедегi Египетте, сол сияқты бүкiл ертедегi Шығыс әлемiнде, дiннiң маңызы өте зор. Оларды үш түpгe бөлyгe бoлaды: 1. Тaбиғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм. 2. Құдaйғa жәнe pyхқa ceнy. 3. Дeнeдeн бөлeк өмip cүpeтiн, өлiмнeн кeйiн caқтатaлaтын, epeкшe тәнciз бacтaмacы бap жaнғa ceнy (aнимизм).

Aл eндi бip тapихшылap eжeлгi мифтi дiн дeп қapacтыpмayды apтығыpaқ көpeдi oндaй дәpeжeгe жүйeлeндipiлгeн мифтep жүйeci ғaнa жaтaды, деп есептейді. Eжeлгi eгипeттiк жәнe eжeлгi гpeк мифoлoгиялapын көпшiлiк жaғдaйдa eжeлгi мыcыp жәнe көнe гpeк дiндepi дeп caнaйды. Aл нaғыз дiндep тeк қaнa жapaтyшы бip ғaнa Құдaйғa ceнyмeн бaйлaныcты (бip құдaйғa нeмece көп құдaйғa ceнyшiлiк) дeyшiлep дe бapшылық.

Тaбиғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм – фетишизм, өте қарапайым жолмен құдайландырған кейбiр сиқырлы заттар мен (тастар, таяқтар, құстың қауырсындары, мүйiздер, тiстер, оқтар, гарпундар және т.б.) қатар, табиғатқа табынудың, ұзақ уақыттар, ескiнiң жұрнағы iспеттес көне қауымдастықтарда сақталған дөрекi түрi пайда бола бастады. Бұл көне табиғатқа табыну бiрте–бiрте мемлекеттiк дiннiң жаңа түрлерiмен ымырласып кеттi.

Көне табиғат құдайлары патша өмiрiн және Мемлекеттi қорғайтын құдайларға айналды. Соның iшiнде ерекше кең жайылыс алған Осирис құдайына табыну болды. Қоршаған әлем бұл дүние мен о дүниеден тұрады, күн (Ра) өзiнiң нұрын екi дүниеге де бiрдей шашады. Тiршiлiктiң мәңгiлiгiн египеттiктер ағзаны сол күйін де сақтаумен байланыстырды (ағзаны бальзамдау осыдан барып шықты). Осирис патшалығында өлген адам, егер мәңгi және шаттық тiршiлiкте болғысы келсе, ол Осирис алдында ақталуы қажет болды. Бұл пәниде, египеттiктер, тiршiлiктiң нағыз үлгiсi Ра – фараонға тәжiм еттi. Көне дәуiр патшалығында, Египет аса үлкен орталықтандырылған мемлекет болып тұрған кезде де, фараонның билеп-түстеуi ешқандай шектелмеген. Фараонның өз басы, табиғат пен о дүниенi қамтитын жалпы әлемге, универсумға аса маңызды болды. Бұл туралы айқын түсiнiктi пирамидалардан көруге болады. Бұлар египеттiктердiң ел билеушiнi (фараонды) құдайға теңейтiндiгiнiң, жер бетiндегi ғұмырға қарағанда о дүниелiк ғұмырды артық көретiндiгiнiң айғақтары.

2. Ежелгі Үнді мәдениеті. Yндi мәдениетiндегі дін де терең мағыналармен және мәндерімен бай. Көне Yндiдегi ең ерекше рол атқарған алғашқы мәтiн бұл «Веда» (кiрiспе, бiлiм) деп аталады. Солардың iшiнде дiни ән ұран болып аталатын «Ригведа» өзiнiң мағынасымен оқшау тұрды. Ригведаның дүниеге көзқарастарының ең басты принципi, табиғатты бүтiндей және табиғат пен әлеуметтiк өмiрдiң кейбiр құбылыстарын құдай деп тұту болды. Мысалы: Индра - найзағай құдайы, құдiреттi сардар; Варуна - әлемдiк тәртiптiлiк пен әдiлеттiлiктiң құдайы; Агни - от пен әyлиeттiң құдайы; Сома – қасиеттi сусынның құдайы.

Карма идеясы, тiршiлiктiң мәңгi айналып отыратын, жанның қайта оралатындығы сияқты (сансары) идеяларды, өмiр жолы туралы ойларды өздiгiнен өзi жетiлу арнасына бағыттады. Сенiң дүниеге қайта оралуың тiршiлiкте iстеген жақсылықтарың мен жамандықтарының қосындыларымен айқындалады дейдi.

Жалпы үндi мәдениетi пайдакүнемдiлiк қатынаспен өмір сүрудің қажет еместiгiн, өзiн-өзi тежеу, өзiн-өзi жетiлдiру арқылы iшкi дүниенi өзгертпей, сыртқы дүниенi өзгертуге ұмтылмауды мойындайды. Дегенмен ертедегi үндi мәдениетiнiң бiртұтастығы жетерлiктей шартты түрде қалыптасты деп айтуға болады. Зерттеушiлер индуизмдi үндi мәдени өмiрiнiң гетерогендiк (әрқилылық) екенiн баса айтады.





Дата публикования: 2015-04-09; Прочитано: 447 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...