Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Неврология пәні бойынша тесттер 5 страница



Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

*галлюцинаторлы-сандырақтық

*ұлылық сандырағы

*соңына түсу сандырағы

*+Кандинский - Клерамбо

*параноидты

54. 79 жастағы ер адам есте сақтау қабілетінің төмендегеніне шағымданады. Соңғы жылдардағы және соңғы он жыл ішіндегі жағдайларды еске түсіре алмайды. Осыған қарамастан «ерте жастық шағын» және әскери жылдарын жақсы есіне түсіреді

Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

*ретроградты амнезия

*антероретроградты амнезия

*амнестикалық синдром

*+үдемелі амнезия

*конградты амнезия

55. 17 жастағы бозбала шизофрениял ұстамасынан кейін өзінің «ауруы» жөнінде көп талқылайды. «Өзіңізді аурумын деп есептейсіз бе?», деген сұраққа ол «ауруды қалай түсінуіңе байланысты, дейді. Егер ауруды тіршілік ету түрінде санайтын болсақ, онда тіршілік ету -өмір сүру, ауру –сол өмір. Өмір сүру ащылығы қайғымен тікелей байланысты. Қайғы қанша көп болса, өмір ащылығы сонша көп болады. Егер менде ешқандай қайғы болмаса, онда мен ауырмаймын және өмір сүрмейді. Онда менің өмірім физиологиялық бөліністер деңгейінде формальды, бұзылмаған»

Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсыс болуы мүмкін?

*үзілуі

*байланыссыздық

*+резонерлік

*персеверация

*сандырақтық идеялар

56. 30 жастағы әйел, мінез-құлқы күдікті. Қараған кезде өте сақ, қабағының астынан қарайды, жұмысындағы қиын жағдайларды нақтылап әңгімелейді, әріптестерім маған жамандық ойлайды дейді. Сөзінің соңында бөлім меңгерушісімен сөзге келіп қалғаны анықталды, өзінің кабинетіне кіргенде онда бейтаныс адамның оның столының үстінде бірдеңе іздеп отырғанын көрді. Ол адамды бөлім меңгерушісі оның құжаттарын «ұрлап алуға» «жіберген» деп ойлайды.

Төменде аталған психопатия формаларының қайсысы болуы мүмкін?

*+паранойяльды

*шизоидты

*қозғыш

*истериялық

*эпилептоидты

57. 30 жастағы науқас әйел, тамсанып және көп сөзбен күйеуінің үнемі «жүйкесін тоздырып, бұлай өмір сүру мүмкін емес» екендігін әңгімелейді. Кезекті жанжалдан кейін білек аймағына бірнеше тілім салып, айқайлап, жылап, көршілеріне жедел жәрдем шақыруларын өтініп жүгіріп барған. өз күйзелістерін әңгімелеу кезінде дәрігердің реакциясын бақылап отырады, дауысы бірде көтеріңкі, біресе төмендетеді, қолдарын бейнелі майыстырады.

Төменде аталған психопатия формаларының қайсысы болуы мүмкін?

*паранойяльды

*шизоидты

*+истериялық

*психастениялық

*қозғыш

58. 47 жастағы ер адам екі жақты пневмониямен емделуге түсті. Анамнезінде ішкілікке салынғандығына байланысты бірнеше рет емделген. Терапиялық бөлімге түскеннен кейін үшінші күні кешке қарай мазасыздана бастады, төсекте жата алмай, қорқыныш сезімі билеп, төсегіне көп тышқандардың секіріп жатқанын көреді. Оларды көрпенің үстінен қағып тастап, төсектен тұруға әрекеттенеді, өзін үйдемін деп сезініп әйелінің дауысын естиді

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+интоксикациялық делирий

*интоксикациялық галлюциноз

*алкогольді параноид

*алкогольді сандырақ

*Гайе-Вернике энцефалопатиясы

59. 18 жастағы бозбала төсекте жатыр, жан-жағына немқұрайлы қарайды, ешкіммен сөйлеспейді. Тамақтандыру кезінде ерінін қысады, аузын аштыртпайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*каталепсия

*апатиялық ступор

*+белсенді негативизм

*пассивті негативизм

*истериялық ступор

60. 37 жастағы әйелде айқын қайғы, үрейлену жағдайы байқалады. Мимикасы уайымды көрсетеді. Кейде, жылап, менің «күнәларым» үшін жауапқа тартыңдар деген сөздермен, қозу жағдайы бақыланады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*истериялық қозу

*кататониялық қозу

*жедел сандырақтық жағдай

*+ажитациялық депрессия

*дисфория

61. 40 жастағы әйел адамда еш себепсіз көңіл-күйі түсіп кетті. Үйден шығуды қойды, төсекте жата беретін әдетті шығарды, өз-өзіне қарамайды. Тәулік бойы көңіл-күйі өзгеріп отырады, әсірісе ертеңгісін өзін-өзі нашар сезінеді, тәбеті төмендеп 7 кг салмақ тастады. Емделгеннен кейін көңіл-күйі орнына түсті, бұрынғысынша эмоциональды, ақкөңіл күйіне түсті, жанұясынмен айналысты, шамамен 2-3 жылда бір рет осы тәріздес жағдайлар қайталанды. Емделуден кейін психикалық жағдайы бастапқы күйіне оралды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*рекуррентті шизофрения, депрессивті синдром

*депрессивті невроз

*+маниакальды-депрессивті психоз, депрессивті фаза

*маниакальды-депрессивті психоз, биполярлы тип

*инволюциялық депрессия

62. 38 жасар әйел, сауда қызметкері. Шапшаң, мимикасы тіріленген, көздері жылтырайды, көп және жылдам сөйлейді. Қимыл-әрекет кезінде жиі ән айтады. Бөлімшеде барлығына араласады, сексуальды тежеусізденген, сексуальды тақырыпта көп және тамсанып әңгімелейді, өзін ерлерге жіберуді талап етеді. Осымен қатар тітіркенгіш, кейде төбелеске бейім тұрады. Қарсылыққа төзбейді, ескертулерге қарқынды және агрессивті реакция береді.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?

*көңілді мания

*шатасқан мания

*+атипті мания

*өнімсіз мания

*типті мания

63. 55 жасар ер адам, анамнезінде алкоголизация, инсульт. Баяу, сөздерді созып сөйлейді. Байымды, әңгіменің басты мазмұнын ажырата алмай детальдарда тұрып қалады. Жиі ары қарай не айтарын білмей тоқтап қалады, бір тақырыптан екіншісіне ауысуы қиын. Есте сақтау қабілеті күрт төмендеген, жеке өмірінде болған оқиғалардың уақыттарын айта алмайды десе болады. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенген күйге ауысады.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?

*лакунарлы деменция

*ақыл аздығы (олигофрения)

*+психоорганикалық синдром

*тотальды деменция

*концентриялық деменция

64. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер. Ауғаныстанда әскери қызметін өтеген. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «Душмандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шықты, оқ атқан дауыс шықты, нәтижесінде екі жай өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «душмандар» тарапына төндіріп сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, милиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*сананың аментивті бұзылысы

*сананың онейроидты бұзылысы

*+сананың қарауытқан бұзылысы

*сананың делириозды бұзылысы

*кататониялық бұзылыс

65. Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде бала дауысымен сөйлеседі, көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, тізеге отырғысы келеді, еденде еңбектейді. Тергеушіні «ағатай» деп атайды, «конфет» сұрайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*кататониялық ступор

*истериялық ступор

*реактивті ступор

*псевдодеменция

*+пуэрилизм

66. 35 жасар әйел, бухгалтер, ірі көлемдегі банк ақшасының ұрлануына қатысы бар. Өзге қалаға қашып кеткен, сонда ұсталды. Тергеу кезінде – жүріс-тұрысы адекватсыз: уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған, айналадағыларды танымайды, көздерін бақырайтады, өзін буындыратын «кірпіктерімен үлкен көз» көреді, қарапайым сұрақтарға қисынсыз жауап береді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*шизоаффективті бұзылыс

*аффективті психоз

*сананың делириозды бұзылысы

*+истериялық психоз

*реактивті параноид

67. 29 жасар әйел көңілдесінің бұрын кездеспеген бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзіінң тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*симуляция

*реактивті психоз

*+шизофрения

*истериялық психоз

*аггравация

68. Ер адам 37 жаста, созылмалы соматикалық аурумен зардап шегеді. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Жанжалдасу үстінде әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретініні айтады. Осыған жауап ретінде науқас дірілдеп, әйелін мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ». Шамамен таңғы 6-да еденде жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсін жатты.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*кататониялық қозу

*психомоторлы қозу

*+патологиялық аффект

*аффективті бұзылыс

*аментивті бұзылыс

69. 27 жасар әйел көңілдесінің өзі бұрын кездеспеген бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзіінң тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім.

Аталған қорытындылардың барлығы дұрыс, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ

*науқаста созылмалы психикалық бұзылыс

*шизофрения

*+симуляция

*құқық бұзушылық сәтінде өз әрекетіне жауап бере алмаған

*күштеп емдеуді қажет етеді

70. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақтық пневмония қалдық белгілері. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. “Көптеген жылжып жатқан тышқандарды, жыландарды, жәндіктерді көретінін” айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром

*сананың аментивті күйі

*жедел реактивті қозу

*+сананың делириозды күңгірттенуі

*интоксикациялық психоз, параноидты синдром

71. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: “бақалар, жыландар, тышқандар”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*сананың делириозды күңгірттенуі

*сананың қарауытқан күңгірттенуі

*Корсаков психозы

*+сананың аментивті күңгірттенуі

*интоксикациялық психоз

72. Қыз бала 17 жаста, студент. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі. Дене температурасының жоғарылауына, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдерге, ентігуге шағымданған. Уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған. Үрейлі, контакт мүлдем жоқ. Қашуға тырысады, ұстауға тырысқанда күшті қарсылық көрсетеді. Соңынан біреу аңдып жүр деп, оны өлтіретініне сенімді. Айтқан сөздеріне критика жоқ.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*шизофрения, параноидты формасы

*соматогенді психоз, параноидты синдром

*+интоксикациялық психоз, делириозды синдром

*интоксикациялық психоз, аментивті синдром

*соматогенді психоз, психопатия тәрізді синдром

73. Науқас, 36 жаста. Екі жыл деңгейінде 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейшіл, тұйық. Осы кезде соматикалық ауруының өршу кезеңі. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальды ойлар айтады. Критика жоқ.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса тән?

*галлюцинаторлы-сандырақтық

*реактивті параноид

*+депрессивті-ипохондриялық

*сенесто-ипохондриялық

*обсессивті-фобиялық

74. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел, тұмаурату мазалаған. Мазасыз, үрейшіл. Айналадағының барлығы ”әдейі ойластырылып қойған”, ”қос ойын” жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханада, біресе тергеу изоляторында. Айналадағылар дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал ”киімдерін ауыстырып алған агенттер”. Көндіруге келмейді, толығымен өзінің дертті күйзелістерінің қоршауында.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы-параноидты синдром

*жедел шизофрениялық эпизод, әсер ету сандырағы

*интоксикациялық психоз, сананың аментивті күйі

*+интоксикациялық психоз, сахналау сандырағы

*интоксикациялық психоз, қарым-қатынас сандырағы

75. 17 жасар қыз балада жоғары температурамен тұмау болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейшіл, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Кезеңмен қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

*галлюцинаторлы

*параноидты

*+делириозды

*санананың қарауытқан бұзылысы

*аментивті

76. 42 жастағы әйел, сауыншы. 10 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл деенсіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің тереңінен оны өлтіремін деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». “Дауыс” шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром

*шизофрения, параноидты формасы

*реактивті параноид

*интоксикациялық психоз, депрессивті синдром

*интоксикациялық психоз, делириозды синдром

77. 48 жастағы ер адам. Мастану жағдайында 2-ші және 3-ші дәрежедегі күйік алған. Күйік бөлімінде ем алып жатыр. Қарау кезінде: беті, құлақтары, қолдары, кеудесі іріңді қабыршықтармен жабылған, температурасы – 39,3. Науқас өзін үйімдемін деп ойлайды, мазасыз, қозған, тоқтамастан бірдеңені іздейді, ауадан қармайды. Төсектен тұруға талпынады, өз денесінен дәкелердіалып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. өз есімін дұрыс атайды, «денсаулық үшін» ішуге «шақырып» тұрған “достарын” кіргізуді өтінеді

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром

*интоксикациялық психоз, санананың қарауытқан күйі

*+интоксикациялық психоз, делириозды синдром

*алкогольді делирий

*интоксикациялық психоз, аментивті синдром

78. 47 жастағы әйел жедел жәрдем бөлімшесіне өз үйінің өртінен кейін жеткізілді. Қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, қоршаған ортада болып жатқанға қатыссыз, контакт мүмкін емес. Осындай жағдайда болғанына алты сағаттай өтті.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 877 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...