Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Неврология пәні бойынша тесттер 1 страница



Тесты для ГОСТ 5 курс ОМ 2012-2013

Жалпы медицина факультеті 5 курс студенттеріне арналған

неврология пәні бойынша тесттер

1. Терең сезімділіктің 2 нейрон клеткалары қайда орналасқан:

А. теріде

Б. жұлын түйінінде

В. жұлынның артқы мүйізінде

Г. көру төмпешігінде

Д. ми бағаны ядроларында

2. Үстірт сезімділіктің 2 нейрон клеткалары қайда орналасқан:

А. теріде

Б. жұлын түйінінде

В. жұлынның артқы мүйізінде

Г. көру төмпешігінде

Д. ми бағаны ядроларында

3. Терең сезімділіктің 3 нейрон клеткалары қайда орналасқан:

А. теріде

Б. жұлын түйінінде

В. жұлынның артқы мүйізінде

Г. көру төмпешігінде

Д. ми бағаны ядроларында

4. Сезімталдық бұзылысының шеткі типінде қандай синдром байқалады?

А. шеткі

Б. таламикалық

В. сегментарлы-диссоциациялық

Г. комиссуралдық

Д. қыртыстық

5. Сезімталдық бұзылысының жұлындық типінде қандай синдром байқалады?

А. сегметтік комиссуралдық

Б. түбіршіктік

В. таламикалық

Г. капсулярлық

Д. қыртыстық

6. Сезімталдық бұзылысының церебралдық типінде қандай синдром байқалады?

А. түбіршіктік

Б. артқы мүйіздік сегментарлық

В. қыртыстық

Г. полиневриттік

Д. өткізгіштік

7. Сезімталдық бұзылысының жұлындық типінде қандай синдром байқалады?

А. мононевриттік

Б. таламустық

В. полиневриттік

Г. Броун-Сикар синдромы

Д. капсулярлық

8. 56 жастағы азаматта бастың шүйде аймағында, сол жақ мойнының, иық үстінде, қолында, кеудесінде ауырсыну мен температуралық сезімділік төмендеген. Жанасу, бұлшық ет-буын және діріл сезімі сақталған. Топикалық диагноз қойыңыз.

А. сол жақ алдынғы мүйіз

Б. оң жақ алдынғы мүйіз

В. жұлын көлденеңнен жартылай зақымдануы

Г. сол жақ артқы мүйіз

Д. оң жақ артқы мүйіз

9. Науқастың сол аяғында Д12 тұсынан төмен қарай үстірт сезімділік, ал оң аяғында бұлшқ ет буын сезімділігі жойылған. Сонымен қатар оң аяғы орталық типте сал болып қалған. Нерв жүйесінің қай құрылымы зақымданған?

А. омыртқа аралық түйін

Б. жұлынның көлденеңнең тұтастай зақымдануы

В. жұлын көлденеңнен жартылай зақымданған

Г. сопақши ми

Д. таламус

10. Орталықтан (сiреспелi) сал болудың белгiлерi

А. бұлшық еттердi семуi

Б. гипертонус

В. гипотония

Г. гипорефлексия

Д. фасцикуляциялар

11. Босаң салдануға тән симптом:

А. «тісті дөңгелек» симптомы

Б. оральдық автоматизм

В. синкинезии

Г. гиперрефлексия

Д. арефлексия

12. Аталған симптомдардың қайсысы бүгiлетiн экстензорлық патологиялық симптомға жатады?

А. Жуковский симптомы

Б. Бехтерев симптомы

В. Оппенгейм симптомы

Г. Россолимо симптомы

Д. Мендель симптомы

13. Аталған симптомдардың қайсысы бүгiлетiн патологиялық симптомдарға жатады?

А. Бабинский симптомы

Б. Гроссман симптомы

В. Оппенгейм симптомы

Г. Шеффер симптомы

Д. Россолимо симптомы

14. 65 жастағы сырқатты тексеру нәтижесiнде бел лордозының жазылуы, бел аймағында ауырсыну. Мацкевич, Вассерман симптомы оң жақта, он санның iшкi және алдыңғы жағында гипостезия, тiзе рефлексi төмендегенi анықталды. Сырқатта зақымдану деңгейін анықтаңыз.

А. L 1-L 3

Б. Th 3-Th 5

В. L 5-S 1

Г. L 2-L 4

Д. Th 12-L 1

15. Ауруханаға жеткiзiлген 68 жаста сырқат оң жақ аяқ қолындағы әлсiздiкке шағымданады. Тексеру нәтижесi: оң жақ аяқ қолдағы күшi екі балға дейiн төмендеген, бұлшық ет тонусы және терең рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер анықталады. Салданудың түрін анықтаңыз:

А. сіреспелі парапарез

Б. жоғарғы сіреспелі парапарез

В. оң жағында сіреспелі гемипарез

Г. сол жағында сіреспелі гемипарез

Д. төменгі босаң парапарез

16. Ауруханаға жеткiзiлген сырқатта тетрапарез анықталды. Қол бұлшық еттерінің семуі, гипотония, гипорефлексия, ал аяғында рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер анықталады. Құрсақ рефлекстері шақырылмайды. Зақымдану деңгейін анықтаңыз:

А. жұлынның бел буылтығы деңгейінде зақымдануы

Б. жұлынның кеуде бөлімінің зақымдануы

В. жұлынның мойын буылтығы зақымдануы

Г. жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде зақымдануы

Д. жұлынның алдынғы мүйізі

17. Сырқат аяғындағы әлсіздікке шағымданады. Аяғында бұлшық ет гипотрофиясы, гипорефлексия, шап деңгейінен сезімділік бұзылған. Зақымдану деңгейін анықтаңыз:

А. жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде

Б. жұлынның мойын буылтығында зақымдануы

В. жұлынның кеуде бөлігінде зақымдануы

Г. жұлынның бел буылтығы зақымдануы

Д. жұлынның көлденең зақымдануы

18. Сырқатты тексеру нәтижесiнде денесiнiң сол жақ бөлiгiнде белсендi қимылдары анықталмайды, сол жақ аяғының жазатын және қолын бүгетiн бұлшық еттердiң тонусы жоғары, терең рефлекстерi жоғары, сол аяқ ұшының ырғақты қимылдары, сол жағында Бабинский симптомы анықталады. Бұлшық ет атрофиясы жоқ. Топикалық диагноз қойыныз:

А. көру төмпешiгi

Б. жұлынның мойын буылтығынан жоғары

В. оң жақ iшкi капсуланың артқы саны

Г. жұлынның мойын буылтығының сол жақтан жартылай көлденеңнен зақымдануы

Д. сол жақтағы ми қыртысының алдыңғы орталық иреленi

19. Сырқат тәуліктің қараңғы мезгілінде шайқалып жүруіне шағымданды. Обьективті: күші мен бұлшық ет тонусы өзгермеген. Терең сезімталдық төмендеген. Көз бақылауымен қимыл қоғалысын қалыпты орындайды. Атаксия түрін анықтаңыз

А. маңдайлық

Б. вестибулярлық

В. статикалық

Г. динамикалық

Д. сенситивтік

20. Мишықтың жарты шары зақымданғанда қандай атаксия түрi кездеседi?

А. статикалық атаксия

Б. динамикалық атаксия

В. сенситивтi атаксия

Г. маңдай атаксиясы

Д. вестибулярлы атаксия

21. Мишықтың табаны зақымданғанда қандай симптом кездеседi?

А. статикалық атаксия

Б. гиперрефлексия

В. бұлшық ет гипотониясы

Г. гипорефлексия

Д. сенситивтi атаксиясы

22. Сырқатты тексеру нәтижесiнде бұлшық еттiң сiресуi, брадикинезия, ахейрокинез, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинездер, қол ұшы мен бастың майда дiрiлi, брадипсихия анықталды. Синдром қалай деп аталады?

А. менингиальдық синдром

Б. акинеттік - ригидтік синдром

В. гиперкинетикалық синдром

Г. мишықтық атаксия синдромы

Д. алмасушылық синдром

23. Сырқатты тексеру нәтижесiнде динамикалық атаксия, интенциялы дiрiл, нистагм, адиадохокинез, дисметрия, бұлшық ет гипотониясы, буын-буынға бөлiп сөйлеу, атаксиялық жүрiс, жүргенде бiр жағына ауытқу анықталады. Зақымданған ошақ қайда орналасқан?

А. мишық табаны

Б. мишық жарты шары

В. ортаңғы ми

Г. варолий көпірі

Д. iшкi капсула

24. Сырқатта бұлшық ет гипотониясы мен статикалық атаксия байқалады. Отыра алмайды, жүргенде алға, артқа құлайды, аяғының арасын ашып жүредi. Зақымданған ошақ қайда орналасқан?

А. вестибулярлық аппарат

Б. жұлының артқы мүйiзi

В. қыртыс асты түйіндер

Г. мишықтың табаны

Д. мишықтың жарты шары

25. Сырқатты тексеру нәтижесiнде статикалық атаксия, бұлшық ет гипотониясы, мас адамдай шайқалып жүруi анықталды. Ромберг кейпiнде артқа, алға құлайды, басын дұрыс ұстай алмайды. Топикалық диагноз қойыныз:

А. ми бағанының вестибулярлық ядросы

Б. капсулярлық синдром

В. бозғыл шар мен қара зат

Г. мишықтың табаны

Д. ми қыртысы ядро жолы

26. Ауруханаға 10 жастағы қыз түстi. Ол ерiксiз қозғалыстарға, қолдарының жазып бүгiлуiне,тiлдi ауызынан шығарып тұра алмайтындығына шағымданады. Оның қозғалыстары ерiксiз, тез, кең ауқымды, ренжiгенде тез күшейедi. Бұлшық ет тонусы төмен. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?

А. бозғылт шар

Б. қауыз бен құйрықты ядро

В. қара зат

Г. көру төмпешiгi

Д. алдыңғы орталық маңдай иреленi

27. Хореялық гиперкинез қандай ауруда байқалады?

А. нейросифилисте

Б. іш сүзегінде

В. ревмитизмде

Г. нейробруцеллезде

Д. паротитте

28. Битемпоральдық гемианопсия қандай құрылым зақымданғанда пайда болады?

А. көру нерві

Б. көру трактысы

В. хиазманы орталық бөлiгi

Г. хиазманың латеральды бөлiгi

Д. көру сәулесi

29. Гомонимдік гемианопсия қандай құрылымдар зақымданғанда байқалады?

А. көздің торлы қабығы

Б. шүйде бөлігі

В. көру нерві

Г. хиазма

Д. көру тракты

30. Аргайл - Робертсон синдромының белгісі:

А. экзофтальм

Б. көз қарашығының жарыққа тікелей және бірлестік реакциясы жойылған

В. көз қарашығының аккомодация реакциясы жойылған

Г. амавроз

Д. амблиопия

31. Мийяр - Гублер синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол зақымдануы

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол зақымдануы

В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол зақымдануы

Г. ХІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол зақымдануы

Д. IX жұп ядросы мен пирамидалық жол зақымдануы

32. Джексон алмасушылық синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Г. ХІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Д. VІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

32. Вебер алмасушылық синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Г. ІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Д. ІХ жұп ядросы мен пирамидалық жол

34. 30 жастағы сырқатта жоғары Т*40 градусқа дейін, птоз, мидриаз,көз қимылының шектелуі анықталды. Сырқатта қандай синдром дамыды?

А. менингиальдық

Б. акинеттік - ригидтік

В. мишықтық атаксия

Г. офтальмоплегия

Д. гиперкинетикалық-гипотоникалық

35. 34 жастағы сырқат көзінен жас ағуына шағымданды. Онда лагофтальм, желкен, леп белгiсi симптомдары анықталады. Сырқатта қандай нерв зақымдануы мүмкін?

А. вестибулярлық

Б. кезбе

В. бет

Г. қосымша

Д. үшкіл

36. Жалған бульбарлық синдромға қандай симптомдар жатады?

А. зорлана күлу

Б. тіл гипотрофиясы

В. тіл гипотониясы

Г. фибрилляциясы

Д. афазия

37. 60 жастағы сырқатта мынадай симптомдар пайда болды: жұтынудың қиындауы, гипофония, назолалия, дизартрия. Қандай синдром дамыды?

А. акинетикалық - ригиттік

Б. жалған бульбарлық

В. гиперкинетикалық - гипотониялық

Г. бульбарлық

Д. офтальмоплегия

38. Симпатико-адреналдық кризде қандай сезімдер пайда болады?

А. қорқыныш сезімі

Б. көру елестері

В. құлақ шуылы

Г. көз қарауытуы

Д. бас ауруы

39. Вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті құрылымдары:

А. қызыл ядро

Б. қауыз бен құйрықты ядро

В. торлы формациясы

Г. бозғыл шар

Д. қара зат

40. Сырқатта қалшылдап-дірілдеу, бас ауруы, тынышсыздық, жиі-жиі кіші дәретке отырғысы келуімен қатар жүрегі аса жиі соғатындығынан мазасы кететіндігі байқалады. Ол есінен танбайды. Бұл қандай синдром?

А. истериялық талма

Б. тырыспалы талма

В. ваго-инсулярлық криз

Г. таламикалық синдромы

Д. симпатико-адреналдық криз

41. Сырқаттың қол ұшында үнемі ауырсыну мен жансыздану байқалады. Тексеріс кезінде:қол ұшында акроцианоз, акрогипергидроз, алақанында гиперкератоз, тырнақтары сынғыш,"қолғап"тәрізді гипестезия. Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

А. ганглионит

Б. бас сақинасы

В. вегетативтік полиневрит

Г. Рейно синдромы

Д. Меньер ауруы

42. Сырқатта клоникалық тырысу оң аяғының ұшы тартылуынан басталып, оң қолы мен оң жақ бетіне дейін таралады. Талма 1-2 минутқа созылады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. оң жақ алдыңғы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

Б. сол жақ артқы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

В. сол жақ алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі

Г. жоғарғы маңдай ирелеңі

Д. мидың маңдай бөлімі

43. Сол жақтағы артқы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. оң жағында гемигипестезия

Б. сол жағында гемигипестезия

В. оң жағында гемипарез

Г. сол жағында гемипарез

Д. гемиатаксия

44. Оң жақтағы алдынғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. сол аяғында анестезия

Б. сол қолында анестезия

В. сол бетінде анестезия

Г. сол жағында гемипарез

Д. оң жағында гемипарез

45. Алдынғы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. гемигипестезия

Б. сіреспелі гемипарез

В. орталық тетрапарез

Г. шеткі монопарез

Д. шеткі парапарез

46. Мидың қандай бөлігі зақымданғанда акалькулия байқалады?

А. шүйде

Б. маңдай

В. төбе

Г. ішкі капсула

Д. самай

47. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

А. гемипарез

Б. моторлық афазия

В. сенсорлық афазия

Г. алексия

Д. гемианопсия

48. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

А. квадранттық гемианопсия

Б. битемпоральдық гемианопсия

В. биназальдық гемианопсия

Г. есту агнозиясы

Д. астереогнозия

49. Мидың самай бөлігі тітіркенгенде қандай симптом кездеседі?

А. есту елесі

Б. макропсия

В. гемианопсия

Г. көру елесі

Д. аносмия

50. Сырқатты тексерген кезде анықталған симптомдар: астазия-абазия, есерлік, эйфория, Осы симптомдар мидың қай құрылымы зақымданғанда пайда болады?

А. шүйде бөлімі

Б. мишық

В. маңдай бөлімі

Г. төбе бөлімі

Д. сопақша ми

51. Сырқатта сол қол қлының әлсіздігі пайда болды. Обьективті: сол қолы салбырағын, қол ұшын жаза алмайды, күші 3,5-4,0 баллға дейін төмендеген, карпо - радиалдық және шынтақ жазылу рефлексі төмендеген. Топикалық диагнозын анықтаңыз:

А. оң жақ шынтақ нерві зақымданған

Б. сол жақ кәрі жілік нерві зақымданған

В. сол жақ кәрі жілік нерві зақымданған

Г. сол жақ шынтақ нерві зақымданған

Д. ортаңғы нерв зақымданған

52. Науқас белінің сол жағындағы, сол аяқтың артқы аймағына, аяқ басының І бармағына берілетін қатты ауру сезіміне шағымданады. Объективті: жүрісі аяушы, аяқ басына басады, Ласег, Нери симптомдары айқын оң. Бөксе және балтыр бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Сол жақ ахилл рефлексі төмендеген. Ошақ деңгейін анықтаңыз.

А. L 3 – L 4

Б. L 5 – S 1

В. L 4 – L 5

Г. L 1 – L 2

Д. S 3 – S 5

53. Бел-сегізкөз радикулопатиясына қай симптом тән?

А. анталгиялық қалпы

Б. зәрін ұстамау

В. төменгі сіреспелі парапарез

Г. тізе рефлексінің жоғарылауы

Д. ахилл рефлексінің жоғарылауы

54. Иық өрімінің жоғары салы Дюшен – Эрба салданыу қандай деңгейде зақымданғанда дамиды.

А. С 3 – С 4

Б. С 1 – С 2

В. С 5 – С 6

Г. С 7 – С 8

Д. С 8 – Th 1

55. Иық өрімінің Дежерин – Клюмпке салдануы қандай деңгейде зақымданғанда дамиды.

А. С 3 – С 4

Б. С 1 – С 2

В. С 5 – С 6

Г. С 7 – С 8

Д. Th 2 – Th 3

56. Ортаңғы нерв зақымдануына тән?

А. 5 саусақты бүге алмау

Б. «салбыраған» қол басы

В. «маймыл қол басы»

Г. аяқ басын бүге алмау

Д. 4 саусақты бүге алмау

57. Кәрі жілік нервінің зақымдануына тән?

А. «салбыраған» қол басы

Б. «маймыл қол басы»

В. бүгу - шынтақ рефлексінің жоғарылауы

Г. «тырнақ тектес» қол басы

Д. карпорадиальды рефлекстің күшеюі

58. Шынтақ нервінің зақымдануына тән?

А. «салбыраған» қол басы

Б. «маймыл қол басы»

В. тенор бұлшық еттерінің атрофиясы

Г. «тырнақты қол басы»

Д. карпорадиальды рефлекстің күшеюі

59. Науқас К., 28 жаста, сол жақ білегінің жоғары үштен бір бөлігінің оқ жарақатын алған. Объективті: сол қол басының, 1,2,3 саусақтардың ортаңғы және соңғы фалангтарының бүгілуі шектелген. Үлкен саусақтың қарсы орналасуы бұзылған, тенор атрофиясы, сол алақанның күйдіріп ауруы анықталады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. кәрі жілік нерві зақымдануы

Б. ортаңғы нерві зақымдануы

В. шынтақ нерві зақымдануы

Г. иық өрімінің зақымдануы

Д. шынтақ және ортаңғы жүйкелерінің бірлескен зақымдануы

60. Науқас, 25 жаста, бетінің сол жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі кенеттен, күйдіргіш, ұстама ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін. Ауру сезімі жоғарғы еріннің сол жағынан басталған, шайнау кезінде, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімімен қатар гиперемия, сол жақтық жасаурау анықталады. Клиникалық диагнозын қойыңыз?

А. варолий көпірінің ісігі

Б. үшкіл нерв ІІ тармағының сол жақтық невралгиясы

В. қанат-таңдай түйінінің невралгиясы

Г. бет нервінің нейропатиясы

Д. үшкіл нервтің І тармағының сол жақтық невралгиясы

61. 55 жастағы науқас бетінің жарты бөлігіндегі ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады, қолмен сипағанда, желде, шайнағанда, жұтынғанда күшейетін, кеңсірік аймағында үстінен басқанда ауру сезімі пайда болатын нүкте анықталады. Болжамалы диагнозын анықтаңыз.

А. есту нервінің невриті

Б. тілжұтқыншақ нервінің невралгиясы

В. үшкіл нерв невралгиясы

Г. шонданай нервіневралгиясы

Д. кіші жіліншік нервің нейропатиясы

62. Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясына тән?

А. тіл түбіріндегі атпалы ауру ұстамалары

Б. жұтқыншақ рефлексінің жоғарылауы

В. сөйлеу бұзылысы

Г. бетте ұстама аймақтарының анықталуы

Д. тіл ұшында дәм сезудің бұзылуы

63. Біріншілік Гийен - Барре полирадикулонейропатиясы кезінде патологиялық үрдіс қайдан басталады?

А. қолдардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

Б. аяқтардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

В. аяқтардың дистальды аймақтарынан

Г. бас миы қыртысының зақымдануынан

Д. ішкі капсула зақымдануынан

64. Люмбалды пункцияға абсолютті көрсеткіш болып табылады?

А. жалпы әлсіздік

Б. артқы қаңқа шұңқырының ісігі

В. менингеалдық симптомның оң болуы

Г. дисфагия

Д. ми бағанасының зақымдалуы көріністері

65. Мидың өлуінің диагностикасында шешуші рөл атқарады?

А. электроэнцефалография

Б. комьютерлі томография

В. ангиография

Г. реоэнцефалография

Д. магнитті-ядерлі томография

66. Ишемиалық инсульттің диагностикасындағы ең ерте әдіс болып табылады?

А. электроэнцефалография

Б. реоэнцефалография

В. магнитті – резонасты томография

Г. электромиография

Д. эхоэнцефалогафия

67. Геморрагиялық инсульттің диагностикасындағы ең ерте әдіс болып табылады?

А. электроэнцефалография

Б. реоэнцефалография

В. компьютерлі томография

Г. электромиография

Д. эхо – энцефалогафия

68. Ультрадыбыстық допплерография анықтауға мүмкіндік береді?

А. артериялардың окклюзиясы

Б. эпилепсиялық ошақ

В. ишемиялық ошақ

Г. геморрагиялық ошақ

Д. коллатералды қан айналымды бағалау

69. ЭЭГ-нің патологиялық ритмі болып табылады?

А. альфа-ритм амплитудасы 100 мкВ дейін

Б. бета - ритм амплитудасы 15 мкВ дейін

В. тета – ритм с амплитудасы 40 мкВ дан жоғары

Г. альфа ритм амплитудасы 12 мкВ дейін

Д. бета - ритм амплитудасы 19 мкВ дейін

70. Бас миының қан тамырлық патологиясының диагностикасында қолданылатын әдіс?

А. электроэнцефалография

Б. эхоэнцефалография

В. ультрадыбыстық допплерография

Г. электромиография

Д. нейросонография

71. Науқас, 25 жаста басын артқа шалқайтқанда бас айналу мазалайды, жүрген кезде қисаландау байқалады, баста шумның болуын қан қысымының 169/100 мм сын.бағ. Объективті:есі анық бас ми нервтер – өзгеріссіз, рефлекстер бірыңғай, Ромберг кейпінде басын артқа шалқайтқанда қисаландау күшейеді, басы айналады. Ең қолайлы зерттеуді таңдаңыз?

А. электромиография

Б. электростимуляция

В. ультрадыбыстық допплерография

Г. электроэнцефалография

Д. эхоэнцефалография

72. Науқас К – на, 40 жас ауруханнаға есін жоғалтумен және тонико – клоникалық тырысулармен әкелді. Ең тиімді зерттеу әдісін таңдаңыз?

А. электромиография

Б. реоэнцефалография

В. ультрадыбыстық допплерография

Г. электроэнцефалография

Д. эхо - энцефалография

73. Сырқатта оң көзінде птоз, мидриаз, жарыққа реакциясы жойылған. Болжамалы диагнзын анықтаңыз.

А. туберкулздік менингит

Б. шашыранды склероз

В. жұлын семуі

Г. полинейропатия

Д. масалық энцефалит

74. 58 жастағы науқаста, анамнезінде өкпе туберкулезі бар, бас ауыруы, арықтау, әлсіздік, шаршағыштық, әкелуші қитарлық, төмен қарағандағы көз алдындағы екеу болып көрінуі. Болжамалы диагнозын анықтаңыз.

А. ишемиялық инсульт

Б. геморрагиялық инсульт

В. энцефалит

Г. туберкулезды менингит

Д. әкеткіш нервтің нейропатиясы





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1337 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.051 с)...