Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есеп №4. 1) Вакцинадағы оба антигендеріне жауапты



42 жастағы ер адам. Обаға қарсы институттың қызметкері. Обаның табиғи эндемиялық ошағына жұмыс бабымен бару қажет болды. Бұрындары обаға қарсы салынған вакцинаға иммунизацияның нәтижесіздігі байқалған.

1) Вакцинадағы оба антигендеріне жауаптың болмауы қандай тәсілмен анықталған?

2) Вакцинаға генетикалық жауаптың болмауына байланысты қандай фенотипті коррекцияны жүргізу қажет?

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандығы: Жалпы медицина

Пәні: Жалпы иммунология

Кафедра: Иммунология, клинико-зертханалық және визуальды диагностика кафедрасы

Курс: 3

Тақырыптар: № 12-13,18

Құрастырушы: ассистент, м.ғ.к.

_________ Кудайбергенова Н.К.

Семей – 2012 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

№ хаттама

«____» _________ 2012ж

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Жетписбаева Х.С. _________________

1. Тақырып №12: HLA жүйесінің құрылысы, локустардың қызметтері. Трансплантациялық иммунитеттің негіздері.

2. Мақсат: Студенттерге HLA жүйесінің құрылысымен локустардың қызметтерін және трансплантациялық иммунитеттің ғылыми тұрғыда білімдерін қалыптастырып, бекіту.

3. Оқыту мақсаты: Студенттерге адамның негізгі гистосәйкестігінің құрлысы және локустарының қызметі жайында түсінік беру. Транспланттаттың ажырауының патогенезінде жатқан иммунологиялық механизмді анықтауды үйрету. HLA жүйесінің антигендерін типтеу және донормен реципиентті таңдау тәсілдеріне үйрету.

· Студент білу керек

  1. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрлысы мен локустарының қызметтерін
  2. Олардың локустарының қызметі, HLA антигендерінің тұқымқуалаушылық ауруларға бейім келетін генетикалық маркер ретіндегі ролі
  3. Трансплантологиядағы иммунологиялық механизм
  4. Трансплантаттың ажырауының алдын-алу
  5. Трансплантологиядағы иммунологиялық талдау тәсілдері

· Студент істей білуі керек

1. Транспланттаттың ажырауының патогенезінде жатқан иммунологиялық механизмді

анықтаудағы алған білімдерін қолдана білу.

2. HLA жүйесінің көрсеткіштері бойынша трансплантациялық банк арқылы донормен

реципиентті таңдау

3. Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен

жұмыс істей алу қажет

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрлысы мен локустарының

қызметтерін

2. HLA-ның I және II класс антигендері және олардың жасуша аралық қатынастағы

маңызы.

3. Гистосәйкестік комплексінің тұқым қуалауы.

4. HLA генотипін, гаплотипін, фенотипін анықтау.

5. HLA-жүйесінің антигендерін типтеу әдістері (серологиялық, жасуша тәуелді),

HLA-антигендерін анықтаудың практикалық аспектілері.

6. HLA антигендерінің популяцияларда таралуы.

7. HLA антигендері және адам ауралары.

8. Иммунды жауап гендері, негізгі гистосәйкестік комплексінің гендерімен

байланысы

9. Трансплантациялық иммунология.

10. Трансплантаттың тұрақтамауындағы клеткалық және гуморалдық механизмдер.

11. Донор мен реципиентті гистосәйкестік антигендері бойынша таңдау.

12. «Трансплантаттың иесіне қарсы» реакциясы, алдын алу шаралары.

13. Клиникада сәтті трансплантацияны анықтайтын жағдайлар.

14. Иммунологиялық мониторингтің трансплантат кері қайтуын алдын алудағы

маңызы.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс жасау: Студенттер 5-6 адамнан құралатын топ құрып, адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрлысының схемасын сызады, олардың локустарының қызметтерін айтып береді. Содан кейін осы студенттердің құрамы бойынша HLA антигендерімен әртүрлі аурулардың байланыстарын талқылайды. Ситуациялық есептерді шешеді, «HLA-комплекс» тақырыбына арналған анимациялық видеофильм көреді.





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 600 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...