Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бактериологиялық зерттеуге нәжісті алу



Студенттерге тапсырма: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті алу жөнінде айтыңыз. Оқытушыға істеген әрекеттеріңізді баяндап отырыңыз.

Оқытушыға ақпарат: төменде келтірілген пункттер бойынша студентті бағалаңыз.

Бактериологиялық зерттеуге нәжісті суднадан немесе тік ішектен алады (егер науқаста нәжісі болмаса).

Құрал-жабдықтар: консервант салынған пробирка (30% глицерин қоспасы немесе пептонды су) және металлдық ілмек, пеленка. Консервант пробиркасын мұздатқышта 6-8 сағат сақтауға болады

       
  Қоректі ортасы және ілмегі бар пробирка даярлау, маркирлеу және жолдама жазу.   0,5  
  Науқасқа зерттеу мақсатын және нәжісті алу әдістерін түсіндіру   0,5  
  Науқасты кушеткаға бүйірімен, аяқтарын ішке қарай бүгіп жатқызу.   0,5  
  Сол қолыңызбен науқастың бөксесін ашыңыз.   0,5  
  Пробиркадан ілмекті оң қолыңызға алыңыз.   0,5  
  Ілмекті тік ішекке 5-6-8 см тереңдікке енгізу.   0,5  
  Ілмекпен жеңіл айналдырмалы қозғалыс жасаңыз.   0,5  
  Тік ішектен ілмекті шығарыңыз.   0,5  
  Ілмекті қоректік ортасы бар пробирканың шетіне тигізбей салыңыз да ілмекті пробиркада қалдырыңыз.   0,5  
  Пробирканы тығынмен жабыңыз.   0,5  
  Пробиркаға жолдаманы жабыстырыңыз.   0,5  
  Нәжісті ыдыстан алған кезде осындай жолдама толтырылады. Нәжісті металдық ілмекпен немесе шыны түтікшемен 3 күдікті жерден аламыз (қан қосындылары бар жерден алмаймыз) 2-3 г көлемде.   0,5  
  Зерттеудің алдын-ала нәтижесін лабораториядан 2-тәулікте алуға, ал қорытынды нәтижесін 4-5 тәуліктен кейін алуға болады   0,5  
  Максимальды балл   7,5  




Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 2095 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...