Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұқпалы аурумен ауырған науқастың тері жабындысы мен көзге көрінер шырышты қабаттарының сипатын бағалау



Менингеальды белгілерді, қалыпты және патологиялық рефлекстерді, әр түрлі жас тобындағы балаларда ошақтық симптоматиканы анықтау

       
  Менингеальды белгілерді, қалыпты және патологиялық рефлекстерді, әр түрлу жас тобындағы балаларда ошақтық симптоматиканы анықтау.   0,5  
  Бала мен анасымен жалпы қарым-қатынас орнату, оның ыңғайлы отыруына немесе жатқанына көз жеткізу. Баланың аты-жөнін, тегін, жасын, ауырған күнін көрсету.   0,5  
  Науқастың шағымдарын анықтау және ауру динамикасында оның дамуы.   0,5  
  Менингиальды синдром симптомдарын анықтау: баланың мәжбүрлі жағдайы (басының шалқаюы, қолы шгынтағында бүгіліп, денесіне әкелінген, аяғы тізе және жамбас-сан буындарында бүгілген).   0,5  
  Желке бұлшықеттерінің регидтілігі: басты жазғыш бұлшықеттердің кернеуіне байланысты науқастың басын енжар бүккенде кеудесіне әкелу мүмкін емес.   0,5  
  Керниг симптомы: арқасымен жатқан науқастың, тізе және жамбас-сан буывндарында тік бұрышты бүгеді, жамбастың артқы бұлшықеттерінің кернеуіне байланысты тізе буынында аяқтың пассивті жазылуы мүмкін емес.   0,5  
  Брудзинский І симптомы: желке бұлшықеттерінің тартылуымен бірге зерттеледі; арқасымен жатқан науқастың басын енжар бүккенде аяғы тізе және жамбас-сан буындарында бүгіледі.   0,5  
  Брудзинский ІІ симптомы: шап бөлігін басқанда аяқтары алдынғы белгідегідей бүгіледі.   0,5  
  Брудзинский ІІІ симптомы: Керниг симптомымен бірге зерттелінеді, аяқты тізе буынында бүккен кезде екінші аяқ тізе буынында бүгіліп ішке қарай әкелінеді.   0,5  
  Лессаж симптомы: омыраудағы баланы екі қолмен қолтығынан ұстап, басын арқа жағынан сұқ саусақпен демеп, көтергенде аяқтарының тізе және жамбас-сан буындарында бүгілу есебінен аяқтаның ішіне қарай еріксіз тартылуы байқалады.   0,5  
  Бехтерев симптомы: бет доғасын ұрғылағанда лакальды ауырсыну.   0,5  
  Нәрестелердің физиологиялық рефлекстері: Маро рефлексі (құшақтау), үстелдің үстінндегі жатқан бала басына 15-20 см қашықтықта екі жағынан бұрады, жауап ретінде бала қолдарын екі жаққа әкетеді, саусақтарын жазады, содан кейін қолын қайта орнына әкеліп құшақтау сияқты қимыл жасайды.   0,5  
  Бауэр рефлексі (еңбектеу) – баланы ішімен жатқызып бүгілеген аяқ табанының астына қолды тірегенде бала еңбектеу қимылын жасайды.      
  Робинсон рефлексі (ұстау) – баланың қолына салынған жіңішке затты ұстау және мықты ұстап қалуы.      
  Бабкин рефлексі (алақан-ауыз) – баланың алақанын бас бармақпен басқанда, ол аузын ашады және басын иеді.      
  Патологиялық рефлекстер: құрсақ рефлекстері іш терісін қабырға, доғасынан төмен (жоғарғы құрсақ рефлексі), кіндік деңгейінде (ортаңғы құрсақ рефлексі), шат қатпары (үстінен төменгі құрсақ) штрих тәрізді тітіркнедіру арқылы шақырылады. Жауап реакциясы іш бұлшықеттерінің жиырылуымен көрінеді.      
  Ошақты симптомдар:спастикалық сипаттағы моно- и гемипарездер, жеке бас ми жүйкелері зақымдалуы (II, III, IV, VII пары); дірілдер, гиперкинездер, атаксия, координатолық бұзылулар, сіңір рефлекстері асимметриясы, сөйлеу бұзылуы      
  Максимальды балл      

Жұқпалы аурумен ауырған науқастың тері жабындысы мен көзге көрінер шырышты қабаттарының сипатын бағалау

       
  Пациентті жалпы қарап, ыңғайлы отырғанына немесе жатқанына көз жеткізу. Аты-жөнін, жасын, ауру күнін сұраңыз   0,5  
  Шағымдануын сұрастыруда терідегі бөртпелердің шығу сипаты және бөрту басталған кезде интоксикация белгілерінің айқындылы, қосымша катаральды белгілердің байқалуы: көмекейде ауырсыну, жарықтан қорқу, көзі жасаурау болуы, сонымен қатар басқа да мүшелер мен жүйелер бойынша ауытқулар болғаны жөнінде ақпараттарды толығымен анықтау керек. Асқынумен өткен ағымда ауа – тамшылы жұқпалы ауруларда неврологиялық симптомдпр да байқалуы мүмкін.   0,5  
  Сырқат анамнезінде:сырқаттану басталу мерзімі мен бөртпе шығу уақыты, орналасуы мен сипаты, сырқаттану барысында интоксикация және катаральды белгілерінің айқындылығы, бөрту кезеңінің ұзақтығын анықтап алу керек   0,5  
  Эпидемиологиялық анамнезде:бала қоғамдық орындарға, балалар ұжымына барғандығы жөнінде жайттарды, краснуха, қызылша, желшешек, жәншаумен ауырған немесе қандай да бір бөртпесі бар не жұқпалы аурумен ауырып жүрген сырқаттармен қатынаста соңғы үш аптада болу мүмкін жайттарды толықтай сұрастыру керек.   0,5  
  өмір анамнезінде:краснуха, қызылшаға қарсы екпе алу мәліметтерін және аллергиялық реакциялар туралы мәлімет жинау қажет   0,5  
  Объективті статус: баланы қарау кезінде жалпы жағдайына назар аударыңыз(ауыр, орташа ауыр, қанағаттанарлыққа жақын), интокцикаци белгілері мен олардың айқындылығы (дене қызуы, тәбеті нашарлауы, құсу, бас ауруы, әлсіздік, ұйқышылдық, мазасыздану, қозу)   0,5  
  Терісін сипаттауда оның түсін, фонын бағалаңыз::
  • Қызылшы мен краснуха кезінде өзгермейді;
  • Жәншау кезінде – терісі құрғап, қызарып кетеді
     
  Бөртпе болуы және оның сипатын көрсету керек:
  • краснухада боз – қызғылт түсте, дақты, кейде папулезды, ұсақ, өзара қосылуға бейім емес, дөңгелек не сопақ пішінде;
  • жәншауда – нүктелі,милиарлы, петехия не сызат тәрізді геморрагиялық;
  • қызылшада – айқын дақты, папулезды, кейде геморрагиялық, (дақтану кезінде), көлемі – орташа немесе ірі, өзара қосылуға бейім, кезеңділік тән
     
  Бөртпе орналасуы орнын көрсетіңіз:
  • краснуха - көбінесе арқасында, жамбасында, аяқ – қолд буынының жазғыш бөлігінде;
  • жәншауда – кеуде қуысының бүйірінде, іштің төменгі бөлігінде, шап ұшбұрышында, аяқ – қолдың бүккіш бөлігінде, Пастия мен Филатов симптомдары болады;
  • қызылшада - бөрту шығу күніне қарай 1 – ші күн – бетінде, 2 – ші күн – беті мен кеуде, 3- ші күн – бетте, кеудеде және аяқ – қолда байқалады
     
  Ауызды қарағанда ұрт шырышына, тілге, қызыл иекке назар аударыңыз:
  • краснухада -таза, қызғылт түсте, жылтыр
  • жәншауда – 2 – 3 – ші күндері «таңқурай тәрізді тіл»;
  • қызылшада – ұрт шырышы теңбілденген, Бельский –Филатов –Коплик дақтары болады
     
  Жұтқыншақта (жұмсақ таңдай, доғашықта, бадамша безде)
  • краснухада - жұмсақ таңдайда энантема
  • жәншауда – 1 – ші күннен бастап айқын қызару «жалындаған аран» тәрізді, бадамша безде іріңді жабынды байқалады;
  • қызылшада – жайылмалы қызару, жұмсақ таңдайда түйіршікті және дақты энантема;
     
  Конъюнктиваны қарағанда:
  • краснухада – қабағы қызарып, ісініп тұрады
  • қызылшада - Гиперемия и отек конъюнктивалары қызарып, ісінеді,олардың фолликулдары ұлғаяды, склерит, жарықтан «қорқу», жасаурау болады
     
  Максимальды балл      



Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 928 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...