Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нефротикалық синдром» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны



 
  Шағымдар мен анамнез жинау Жүйелі және тәртіппен жүргізілді
  Аурудың симптомдарын салыстырмалы диагностика мақсатында қосымша сұрақтар қою арқылы нақтылау Салыстырмалы диагностика мақсатында барлық сұрақтар қойылды
  Нефротикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлары Нефротикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлар анықталды- дебютте денені салқындатумен байланыстың болуы, екіншілк нефрит дамуына алып келетін қауіп қатер факторлардың және аурулардың болмауы
  Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау Беті, аяқ басы мен балтырының ісінуі анықталды (ісігі жұмсақ консистенциялы), ережелерді сақтаумен АҚ дұрыс өлшенді
  Зәр шығару жүйесін қарап тексеру Бүйректің пальпациясы (пальпация кезінде ауру сезімі), ұрғылау симптомы (екі жақта да теріс) жүргізілді.
  Алдын-ала қойылатын диагнозды негіздеп қою Шағымдарын – алғашқыда бетінде, сосын аяқ басы мен балтырында симметриялы ісінудің пайда болуы; дебютінде салқын тиюмен байланысын; екіншілік нефрит пен НС дамуына әкелетін аурулар мен факторлардың жоқ болуын; пальпацияда бүйректер проекциясында ауру сезімнің анықталуын; ЖЗА-де нефротикалық деңгейдегі протеинурияны (тәуілігіне 3 г/л жоғары) ескере отырып мына диагноз қойылады: Нефротикалық синдром. Бүйрек қызметі тексеруді талап етеді.
  Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау Жалпы қан анализі, зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы, коагулограмма, ҚБХА - белок және оның фракциялары, креатинин, мочевина, глюкоза, жалпы холестерин деңгейі, натрий, АЛТ, АСТ; Зимницкий сынамасы; ШФЖ-н есептеу және бүйректің қызметін бағалау  
  Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау бүйректің УДЗ; морфологиялық вариантты анықтау үшін бүйректің биопсиясы  
  Жалпы қан анализі, зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы мәліметтерін интерпретациялау ЖҚА – ЭТЖ жоғарлауы; зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы – 4,6 г/л
  Жалпы зәр анализі мәліметін интерпретациялау ЖЗА-3 г/л-ден жоғары протеинурия (5,4г/л)
  Биохимиялық анализ бен коагулограмманы интерпретациялау Гипопротеинемия, гипоальбуминемия (жалпы белок 48 г/л, альбумин 20 %), гиперхолестеринемия – 8,6 ммоль/л; гиперфибриногенемия (4,8г/л)
  Зимницкий сынамасын интерпретациялау Тәуіліктік диурез 600 мл. Бүйректердің концентрационды қызметі сақталған.
  Кокрофт-Гоулт формуласы бойынша ШФЖ-н есептеу және бүйректің қызметін бағалау ШФЖ 129 мл/мин. Бүйректердің фильтрационды қызметі сақталған.
  Иммунологиялық анализдерді талдау В және С вирусты гепатит маркерлері – теріс. аутоиммуннды антиденелер бір спиральды ДНК ИФА анықтау -2,0 МЕ/мл. - теріс (қалыпты 15 ме/мл төмен), екі спиральді ДНК- 3,9 МЕ/мл. - теріс (қалыпты15 ме/мл төмен).
  Бүйректің УДЗ - н интерпретациялау   Бүйректің биопсиясының мәліметін интерпретациялау Бүйректердің өлшемі ұлғайған (паренхиманың ісінуі), асцит. Капиллярлы ілмектер (С) диффузды қалыңдаған, иммунды комплекстердің субэпителиальді жиналуы (М). Қорытынды: мембранозды нефропатия.
  Салыстырмалы диагностика үшін негізгі симптомдарды анықтау Нефротикалық синдромның негізгі симптомдары-симметриялық екі жақты сирақ және аяқ басының, беттің ісінуі, пальпация кезінде бүйрек маңының ауру сезімі, нефротикалық деңгейдегі протеинурия (более 3 г/л); гипопротеинемия, гиперхолестеринемия; гиперкоагуляция; ЭТЖ жоғарылауы; зәрде белоктың тәуліктік экскрециясы - 4,6г/л.
  Қорытынды диагнозды негіздеп қою Алдын-ала қойылған диагноздың негізделуін, сонымен бірге нефротикалық деңгейдегі протеинурияны (тәуілігіне 3 г/л жоғары); гипопротеинемияны, гиперхолестеринемияны; гиперкоагуляцияны; биопсия бойынша мембранозды вариантқа сәйкес келетін капиллярлы ілмектердің (С) диффузды қалыңдауы, иммунды комплекстердің субэпителиальді жиналуын (М), бүйректердің концентрациялық және фильтрациондық қызметтерінің сақталуын ескере отырып мына диагноз қойылады: Нефротикалық синдром. Мембранозды нефропатия. Бүйректердің қызметі сақталған.
  Емдеу тәсілін анықтау 1. Диета тұзды шектеу. Сұйықтық қабылдау тәртібі: диурез көлемі + 500мл 2. Посиндромды терапия (диуретиктер) 3. Иммуносупрессивті терапия 4. Нефропротективті терапия (ААФИ) 5. Гиполипидемиялық терапия (статиндер) Қажет болған кезде алмастырушы терапия (альбумин)
  Емнің эффективтілігінің критерийлерін анықтау 1. Жағдайының жақсаруы – ісінудің азаюы немесе жоқ болуы, тәуіліктік диурездің ұлғаюы 2. Лабораторлы анализдердің оң динамикасы – протеинурияның азаюы, қандағы белоктың деңгейінің қалыпқа келуі, холестерин деңгейінің төмендеуі
  Науқаспен оптимальді қатынасты дұрыстау және қобалжуды басу Толық өз-өзін ұстауы, дағдыларды дұрыс орындауы

Әзірлеуші: кафедра ассистенті Кедельбаева К.М.

Рецензент: м.ғ.д., Кабулбаев К.А, нефрология модулінің меңгерушісі

№1 терапия бойынша Иж/еР кафедрасында талқыланған және бекітілген (27 қаңтар 2015, №7 хаттама)

Ішкі аурулар бойынша ББК мәжілісінде талқыланған және бекітілген (29 қаңтар 2015, №5 хаттама)





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1126 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...