Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Медициналық симуляцияның сценариі



Клиникалық жағдай: «Нефротикалық синдром»

Ситуациялық есеп: Сіз – ОКА-ң терапия бөлімінің дәрігерісіз. Бөлімшеге 30 жастағы ер адамтүсті.

Ø Науқастың анамнезін жинап, қарап тексеріңіз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеулер мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз.

Стандартты әртіске арналған сценарийдің мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Беті, аяқ басы мен балтырының ісінуіне шағымданады.

Сұрақтың мәні Әртіс үшін сұрақтың қойылуы Жауабы
Ісіктердің пайда болуын нақтылау Ісіктер басында қандай аймақта пайда болды Ісіктер басында бетте, ал одан кейін аяқтардың басында, балтырларда пайда болды
Шағымдардың пайда бо-луы мен провокациялық факторлардың арасында байланысты нақтылау Шағымдардың пайда болуы немен байланысты? Олардың пайда болуына әсер еткен факторлар бар ма? Бірінші рет шағымдар алты ай бұрын өзенде шомылғаннан кейін пайда болды
НС-ң дамуына әсер ететін факторлар мен ауруларды анықтау   Буындар ауруларымен аурасыз ба? Себепсіз терідегі бөртулер, периодты түрдегі дене қызуының жоғарлауы болды ма? Қант диабеті, жұқпалы аурулармен аурасыз ба (туберкулез, вирусты гепа-титтер)? Дәрілік препарат-тарды (СЕҚҚП, тырысуға қар-сы, антибактериальді т.б.) қабылдадыңыз ба, вакцинация жүргізілді ме? Жоқ, бұрын ешқандай аурулармен ауырмағанмын. Дәрілік препа-раттарды қабылдаған жоқпын. Вакцинациялар жүргізілмеген.    
Жанұялық анамнезді анықтау Сіздің туыстарыңызда бүйрек аурулары бар ма? Жоқ

Анамнезінде: жарты жыл бұрын жазда өзенде шомылған, қазан айынан бастап бетінің таңертеңгі уақытта ісінуін байқаған. Кейін жағдайы жақсарды – ісінулер қайтты. Дәрігерге қаралған жоқ, тексерістен өткен жоқ. Жағдайының нашарлауы бір апта шамасында, ісіну қайтадан бетінде, сонымен бірге аяқтарында да пайда болды, кіші дәретінің бөлінуі азайды.

Объективті: Салмағы 70 кг, бойы 172 см. Жағдайы орташа ауырлықта (ісіну синдромымен негізделген). Қалыпты тамақтанулы (нормального питания). Бетінің, аяқ басының және балтырларының жоғарғы үш бөлігіне дейін, симметриялы ісінуі. Өкпеде тынысы везикулярлы. ТЖ – 19 рет минутына. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 80 рет минутына. АҚ - 120/80 мм с.б. Бауыры ұлғаймаған. Пальпацияда бүйректер проекциясында ауру сезімді. Ұрғылау симптомы екі жақта да теріс. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз. Зәрі көбіктенген.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 469 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...