Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Медициналық симуляция сценариі



Клиникалық жағдай: «Сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозын анықтау»

Ситуациялық жағдай: Сіз – кезекші дәрігер.Қабылдау бөліміне 22 жастағы ер адам келіп түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: ентігу, құрғақ жөтел, шаршағыштық, бас айналу, жүрек қағу, бір реттік қан түкіру болды. Төсекке жатқан кезде – қатты ентігу пайда болады, сондықтан жоғары орналасқан жастық қойып, жартылай отырып ұйықтауға мәжбүрлі.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Ентігу сипатын анықтау Ентігу қандай – тыныс алу әлде тыныс шығару қиын ба? Тыныс алу қиын
Ентігудің физикалық жүктемемен байланысы Қандай жүктеме кезінде ентігу мазалайды? Ентігу шамалы ғана физикалық жүктемеде, бөлмелер арасында қозғалғанда, қарқынды құрғақ жөтелмен мазалайды
Жүрек соғуы   Жүрегім кеудеден шығып кететін сияқты, тыныс алуым қиындап, көз алдым қарайып, басым айналады.
Қан қақыру Қай кезде қан қақыру болды? Бір рет қатты жөтелгенде шамалы ғана қан ұйындысы шықты

Анамнезінде: Өзін қалыпты жүктемені көтере алмағаннан бастап шамамен жарты жылдай аурумын деп санайды. Жағдайының нашарлауын суық тиюмен байланыстырады. Шамалы ғана физикалық жүктемеде қатты жүрек соғуы және ентігу мазалайды. Бала кезінен жиі суық тиюмен байланысты аурулармен, баспамен ауырған. Буындары ауырған.

Объективті: бойы 162 см және салмағы 58 кг. Дене бітімі қалыпты. Тері жабындылары боз, шамалы акроцианоз. Беттері нәзік қызарған. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде крепитация естіледі. ТАЖ 22 рет минутына. Жүрек ұшы түрткісі ығыспаған, әлсіреген. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында қолтық асты аймағына берілетін диастоликалық шуыл естіледі. Сол жақ II қабырғааралықта 2 үннің акценті естіледі. Бауыры қабырға доғасы бойымен.

АД 112/78 мм.сб.б., ЖСЖ 60 рет мин





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 498 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...