Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ноотропты заттар: пирацетам, церебролизин, актовегин, аминалон, глиатилин және Т. Б



Бұл термин грек сөзі - noos - ойлау, tropos - туыстық, ұмтылу дегенді білдіреді. Бас миының жоғары интегративті қызметіне арнайы әсер ететін, оқуды, есті белсендіретін, ойлау қабілетін жақсартатын заттар.

Бұл топтың негізгі әсері болып психикалық, ойлау қызметтерін жақсарту саналады. Осы әсерлер бас миының органикалық зақымдалуымен байланысты ой қабілетінің төмендігінде байқалады.

Нейрофизиологиялық деңгейдегі ноотропты заттардың әсер ету механизмі: ЭЭГ тіркелетін трансканальді және басқа да полисинаптикалық потенциалдарға әсер етеді.

Ноотропты препараттар әсерінің бағыты бас миының интегративті қызметіне және мидағы ақпараттарды беру процесстеріне айқын әсері бар екенін дәлелдейді. Мүмкін, ноотроптар әсерінен мидың әртүрлі аймағында және мидағы ақпараттарды беру процесстерінде тетта-рит бойынша құрала бастайтын шығар. Ноотропты заттардың есте сақтау және оқу қаблетін жақсартатын әсерінің негізінде ми биопотенциалының кеңістік синхронизация деңгейін жоғарлату процессі жатыр.

Айта кететін жайт, бұл препараттар дені сау жануарлардың жоғарғы жүйке жүйесіне және дені сау адамдардың психикасына әсер етпейді. Олар қалыпты жағдайда бас миының биоэлектрикалық белсенділігін, шартты рефлекстерді, қимыл әрекеттерін өзгертпейді.

Ноотроптардың патология жағдайында молекулярлы деңгейде фармакотерапевтикалық әсерінің негізінде мидың нейрометаболизмін және энергетикасын жақсарту жатыр. Сондықтан, бұл топ препараттарын психометаболитік белсендіргіштер деп те атайды. Практикада қолданылатын ноотропты заттар аминмай қышқылының (ГАМҚ) – метаболитік әсерін қайталайды.

60-ж соңында шет елдің UCB фирмасының зерттеу лабораториясында (Бельгия) ең алғаш синтезделген препаратты НООТРОПИЛ деп атаған. Біздің елде оның аналогы - ПИРАЦЕТАМ (Piracetamum; табл. по 0, 2; амп. 20% ерітінді 5 мл; капсулада - 0, 4). Ең жиі дәрігерлермен тағайындалатын ноотропты зат болып есептеледі.

ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕР

Пирацетам (ноотропил) ГАМҚ циклді туындысы. Ноотроптар ми тінінің метаболизм жақсартады, оның ішінде глюкоза, оттегі метоболизімін, тіндердің гипоксияға тұрақталығын жоғарлатады, бас миының қан айналымын, жарты шарлар арсындағы байланыстарды жақсартады. Ноотроптар есте сақтау қаблетін жоғарлатып, шаршағыштықты төмендетеді. Бірақ, бұл әсерлер бірден есем жаймен көрінеді. Пирацетам қырысуға қарсы белсенділігі бар, соңғы жылдары оның иммуномодуляциялық, иммундыпотенциялық әсерлері анықталған.

Қолдану көрсеткіші:

- миыдның жарақатталу жағдайларында;

- әртүрлі олигофрения деңгейіндегі ойлау қабелеттілігі төмендеген жас балалларда; есте сақтау, зейін, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда;

- қарттарға, егде жастағы адамдарға, гериатрияда көңіл-күй мен есте сақтау қабілетін жақсарту үшін;

- наркомандар мен алкоголиктерді емдегенде;

- инсульт алған науқастарда;

- кіші балаларда болатын энурез.

Сонымен қатар иммуностимуляторлардың әсерін жоғарлату үшін тағайындайды.

АМИНАЛОН - ГАМҚ препараты. Синтетитикалық жолмен алынады. ГАМҚ – жүйке тінідегі зат алмасу процессінде маңызды рөлді атқаратын тежегіш медиатор. Препарат тіндік тыныс алуды, Кребс циклінің ферменттерін белсендіреді, нейрондардың глюкозаны пайдалануын жақсартады.

Қолдану көрсеткіші: бас миының қантамырлық аурулары, балалрдаесте сақтау қабілетінің төмендеуінде.

Нноотроптардың кері әсерлері: мидың белсенділігі тітіркендіргіштікке, ұйқының, көңіл-күйдің бұзылуына, балаларда мазасыздану, АҚ жоғарлауына, сексуальді қозуға әкеледі. Сондықтан оларды курспен тағайындайды (2-3 апта бойы)





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 4470 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...