Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Құрысу синдромының емдеу принциптері



"Эпилепсия" – созылмалы құрысу патология топтарын белгілеу үшін қолданылатын жинақтағыш термин, жалпы барлығына ортақ кенеттен (қапылыста) сана – сезімнің бұзылыстары немесе жоғалуы болып саналады, әдетте, бірақ әрдайым емес, құрысумен немесе кейде спонтанды (өздігінен) гиперреактивтілікпен бірге жүреді.

Құрысулар, әрқашанда ЭЭГ– ғы өзгерістермен өз ара байланыстылықта болады. Эпилепсия ұстамасының бірнеше құрысу және құрысусыз түрлері бар, әр түрі өзіне тән клиникалық көріністерімен және ЭЭГ-да белгілі бір өзгерістерімен сипатталады (соңғының диагностикалық мағынасы зор).

Түрлері: 1) үлкен кұрысу талмасы (үлкен эпилепсия, grand mal, талма 10-15 минутқа созылады); 2) психомоторлық талма; 3) эпилепсияның кіші талмасы (petit mal); 4) миоклонус-эпилепсиясы.

Grand – француз тілінен аударғанда үлкен, mal - ауру- генерализцияланған (жайылып кеткен) тоникоклоникалық құрысулар сана – сезімнің жоғалуымен байқалып, бірнеше минуттан кейін ОЖЖ жалпы тежеуіне алмасады.

Ұзақ талмаларды немесе талмалардың аз аралықта бірінен соң бірі жалғасуын "эпилепсиялық статус" деп атаймыз. Психомоторлық талмалар (немесе эквиваленттер) науқастың есінде қалмайтын, мінез-құлық бұзылыстарының ұстамасымен, оғаш мінезбен сипатталады.

Ұстамалар жиі ес-түсінің бұзылыстарымен және автоматизммен бірге жүреді. Құрысулар болмайды.

Petit - француз тілінен аударғанда – кішкене, үлкен емес. Өте қысқа уақытта байқалатын естен танумен сипатталады. Бет және басқа бұлшық еттердің тартуы (жыбырлауы) болуы мүмкін.

Миоклонус-эпилепсия естен танусыз, қысқа уақытта байқалатын еттердің тартуымен сипатталады. Эпилепсияға қарсы заттар, эпилепсияның әр түрлерінде байқалатын, мезгіл-мезгіл пайда болатын құрысудың немесе олардың эквиваленттерінің жиілігін және белсенділігін төмендету немесе алдын алу үшін қолданылады.

Эпилепсияның этиологиясы сияқты, препараттардың да әсер ету МЕХАНИЗМІ толық анықталмаған. Бұл заттар эпилептогенді аймақ нейрондарының қозғыштығын төмендетеді. Эпилепсияға қарсы заттардың біріншілік серпілістері (реакциясы) нейрональдық мембраналардың деңгейінде байқалады. Олардың әсерінен тууатын нейрондар мембранасының тұрақтануы (стабилизациясы), рефракторлы кезеңнің үлкеюіне, тұрақсыздықтын (лабильность) төмендеуіне және нейрон аралық қозудың берілуін тежейді. Эпилепсияға қарсы заттар қатарындағы кейбір препараттардың әсері, мидағы гамма-аминомай қышқылының (ГАМҚ) мөлшерінің жоғарлауымен байланысты.

Көрсетілген эпилепсияның әрбір түрлерін, белгілі бір эпилепсияға қарсы заттармен науқасты емдеу ұзақ, әдетте жылдап жүргізіледі. Препаратты абайлап, біртіндеп тоқтату қажет.

Эпилепсияның үлкен кұрысу талмасын алдын алу үшін негізгі зат, тандаулы дәрілік препарат болып, ФЕНОБАРБИТАЛ және ДИФЕНИН саналады. Бұл заттар талманы тоқтату үшін емес, созылмалы емдеу үшін қолданылады. Бұл препараттардан басқа:

а) гексамидин;

б) хлоракон;

в) натрий вальпроаты;

г) клоназепам;

д) карбамазепин қолданылады.

Эпилепсияны емдеу үшін фенобарбитал субгипнотикалық мөлшерде (60-тан 180 мг дейін) қолданылады. Эпилепсияның кіші талмасынан (Petit mal) басқа кез келген түрлерін бастапқыда емдеу үшін қолданылатын, ең жақсы зат болып саналады.

Оның терапевтикалық нәтижесінде негізгі орын атқаратын, ГАМҚ-рецепторларының медиаторға деген сезімталдығының жоғарлауы, сонымен қатар барлық барбитураттар тобына тән ОЖЖ тежелуі.

Фенобарбиталды тағайындау, жағымсыз нәтижелердің тууымен жүреді. Терапияның бірінші күндерінде ұйқышылдық, әлсіздік, жиі ашушандық және аса белсенділік байқалады. Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторы болып саналғандықтан, бір қатар эндогенді заттардан, бәрінен бұрын Д, К, Вс витаминдерден, белсенділігі жоқ метаболиттердің түзілуі тездетіледі. Бұл остеопатия, мегалобласты анемия, гипопротеинемия, геморрагия тудырады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін, фенобарбиталды ұзақ уақыт қабылдайтын науқастарға Д, К, Вс витминдері, сонымен қатар кальций тұзы қосымша тағайындалуы қажет.

Үлкен кұрысу талмасында, таңдамалы әсер беретін және нәтижесі жоғары гидонтаин туындысы ДИФЕНИН қолданылады.

Dipheninum – официнальді препарат ретінде 0, 117 – таблеткада болады. Дифенин психомоторлық эквиваленттерде де нәтиже береді. Дифениннің белсенділігі шамамен фенобарбиталмен бірдей. Дифенин эпилептогенді аймақтағы нейрондардың жасуша мембранасының өткізгіштігін тежеп, натрий (Na) иондарының өтуіне кедергі жасайды. Соның нәтижесінде, дифенин сол аймақта талманы күшейтетін патологиялық разрядтардың тууына кедергі жасайды.

Дифенин АІЖ жақсы сіңеді, бірақ жоғарғы концентрациясы қан плазмасында қабылданғаннан кейін 4-6 сағаттан 24 сағат аралығында болады. Қанда 90% альбуминдермен байланысады. Биотрансформациясы бауырда жүреді, бүйрекпен шығарылады. Бауырдың микросомальді ферментерінің индукторы болып саналады. Д, К, Вс витаминдерден белсенділігі жоқ метаболиттердің түзілуі тездетеді. Осыған байланысты науқастарға витаминдер тағайындайды. Дифенин ағзада кумуляцияға ұшырауы мүмкін, бірақ фенобарбиталға қарағанда аз деңгейде жиналады. Дифенин ОЖЖ жалпы тежегіш әсер көрсетпейді, ұйқышылдық шақырмайды, седативті әсері жалпы алғанда болмайды. Эпилепсияға қарсы әсерімен қатар, анық аритмияға қарсы және анальгетикалық (үштармақты нервтің невралгиясында) нәтиже береді. Жағымсыз нәтижелері: 2 жұмадан кейін жойылатын, АІЖ жұмысының бұзылыстары (жүрек айну, құсу), бас айналу, қозу, дене температурасының жоғарлауы. Қызыл иектің гиперплазиясы – препараттың жергілікті шырышты қабатының митоздық белсенділігіне әсері. Сондықтан ауыз қуысының үздіксіз санациясы қажет.

Үлкен кұрысу талмасын емдеу кезінде көмекші зат ретінде гексамидин, хлоракон, карбамазепин қолданылады. Гексамидиннің белсенділігі төмен, бірақ фенобарбиталға қарағанда улылығы да төмен. Ұйқышылдық, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу және атаксия шақырады.

ХЛОРАКОН (бекламид) айқын құрысуға қарсы белсенділігі бар. Препаратты науқастар жеңіл көтереді, кейде диспепсиялық бұзылыстар тудыруы мүмкін. Бауырға, бүйрекке, сүйек кемігіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін.

Эпилепсиялық статуста, яғни ұзаққа созылып, басылмайтын үлкен құрысу талмасында жақсы нәтиже беретін, жедел көмек көрсететін зат ретінде, көк тамырға сибазон (диазепам) еңгізіледі, сонымен қатар клоназепам да қолданылады. Жалпы анестетиктерді қолдануға болады.

Соңғы жылдары психомоторлық ұстамаларда (эквиваленттерде) КАРБАМАЗЕПИН (финлепсин) қолдану жалпы тараған.

Құрамы трициклді антидепрессант - имизинге ұқсас болып келеді. Бұл препараттың эпилепсияға қарсы нәтижесі жағымды психотропты нәтижесімен сәйкес келеді (көңіл-күйінің жақсаруы, адамға үйірлігі жоғарлайды, науқастар іскерлі болып келеді, бұл науқастардың социальді және профессиональді реабилитациясын жеңілдетеді).

Қолданылады: үлкен кұрысу талмасында, эпилепсияның аралас түрлерінде, кей уақытта эпилепсияның кіші талмасында. Сонымен қатар, нәтижелі зат ретінде үштармақты нервтің невралгиясында (ауру сезімін басу үшін) қолданылады. Бауыр ферменттерінің индукторы болып саналады, сондықтан өзінің және басқа да ксенобиотиктердің биотрансформациясын күшейтеді. Жағымсыз әсерлері: психикалық бұзылыстары, ұйқысыздық, атаксия, тәбеттің жойылуы, гемопоэздың тежелуі.

Кіші талмалардың алдың алу үшін (Petit mal), эпилепсия абсанстарында ТРИМЕТИН және ЭТОСУКСИМИД қолданылады.

Trimethinum (терапевтикалық мөлшерде 0,2 - 0,3 ұнтақ). Триметин оксазолидин туындысы. Әсер ету механизмі фенобарбиталға қарағанда басқаша, ол нейрондардың тұрақсыздығын төмендетеді және жұлын миының полисинаптикалық рефлекстерін тежейді. АІЖ жақсы сіңеді. Биотрансформациясы бауырда жүреді, метаболиттері бүйрекпен шығарылады. Жағымсыз әсерлері: седативті әсер, гемеролопия, аллергия.

Ethosuximidum (капс. по 0, 25; флаконы по 50 ml; күніне 4-6 рет тағайындайды) сукцинилидтер тобының туындысы (то есть производное имида янтарной кислоты). Кіші талмаларда ең белсенді зат болып саналады. Уыттылығы талманың осы түрінде қабылдаған триметинге қарағанда төмен. Препарат үштармақты нервтің невралгиясында белсенділігі бар, бірақ та карбамазепинге қарағанда нәтижесі төмендеу. Этосуксемид АІЖ жақсы сіңеді, қанда максимальді концентрациясы 4 сағаттан кейін байқалады. Ақ уыздармен байланыспайды, биотрансформацияға ұшырайды, глюкуронидтерге алмасады, бірақта 10-20% өзгеріссіз несеппен шығады. Жағымсыз әсерлері: асқазан-ішек бұзылыстары (тәбеттің жойылуы, жүрек айну, құсу), кейде ұйқы келу, бас ауру, эйфория. Қабылдауды жалғастырғанда жоғары айтылған симптомдар өз еркімен жойылады. Жағымсыз әсерлерінің ішінде ең қауыптысы қанда байқалатын өзгерістер: лейкопения, тромбоцитопения, апластикалық анемия. Сондықтан, әрқашанда қан жүйесінің (қанды тексеру) және несеп мониторингісі үздіксіз жүргізіліп отырылуы қажет.

КЛОНАЗЕПАМ (Clonazepamum табл. 0,001) – бензодиазепин туындысы. Осы топтағы басқа препараттар (сибазон, нитразепам) тәрізді, ГАМҚ белсенділігін жоғарлатады (ОЖЖ тежегіш медиаторы), соның нәтижесінен, процесс жайылып кетіп, ОЖЖ қозғыштығы төмендейді. Эпилепсияға қарсы кең спектрлі әсерге ие, миоклонус-эпилепсияда (яғни миоклоникалық құрысуларда) және инфальтильді спазмдарда дәрілік емге тұрақтылық болған жағыдайларда қолданылады.

Педиатрияда кіші талмалардың абсанс түрінде жиі қолданылады. Жағымысыз әсерлерді сирек шақырады: ұйқы келу, сирек болатын атаксия, тәбеттің бұзылуы.

Соңғы препараттардың бірі - ВАЛЬПРОЙ ҚЫШҚЫЛЫ немесе НАТРИЙ ВАЛЬПРОАТ Ы (Natrium valproicum таблеткада және капсулада 0, 15 және 0,3) - пропилвалериан қышқылының туындысы. Препарат эпилепсияның барлық түрлерінде нәтиже береді, бірақ жеке тек қана кіші талмалардың абсанс түрінде және инфальтильді спазмдарда қолданылады. Құрысуға қарсы әсері, мида ГАМҚ жиналуымен байланысты. Сондықтан натрий вольпраты эпилепсиялық ұстамадан сақтандырып қана қоймайды, сонымен қатар науқастын психикалық жағыдайын, көңіл-күйін жақсартады.

Препарат жиі күрделі терапия құрамына кіреді, сондықтан басқа құрысуға қарсы препараттардың жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін. Препарат АІЖ жақсы сіңеді, қанда максимальді концентрациясы 2 сағаттан кейін байқалады. Ішке қолданғанда келесі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін: жүрек айну, құсу, іште ауыртпашылық, угнетение, шаршағандық сезімі, қан ұюының төмендеуі. Препарат бауыр қызыметінің бұзылыстарында қолдануға болмайды, өйткені кумуляциядан қауып тууы, өлімге әкелетін интоксикация болуы мүмкін, сонымен қатар бұйрек, геморрагиялық диатезде де қолдануға болмайды.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 4044 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...