Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы



Мұнай және газ өндіру Қазақстан өндірістік бағытының бірден бір жоғарғы табыс әкелетін және ең маңызды сала болып келеді. Қазақстан Республикасында 60-қа жуығы құрылып жатырған 180-нен астам мұнай кен орындары бар. Қазақстанның мұнайгаз саласындағы әлеуетті мүмкіндіктер өте жоғарғы деңгейде. Қазіргі кезде республикада 2,2 млрд.тоннаны құрайтын күкіртсутегі, 0,7 млрд.тонна газ конденсаты, 2,7 млр.куб метр газ және 12 млрд.тонна мұнай қорларын иемденеді. Бюджет кірісінің үлкен бөлігін құрайтын мұнайгаз саласы экономиканың көптеген саласын дамытуға өз үлесен қосады. Қазіргі кездегі экономика жағдайында мұнайды өнідіру, өңдеу және оны тасымалдау ұлттық энергетикалық, транспорттық машина жасау, мұнайхимия, жеңіл өнеркәсіп, тасымалдау транспорттарын және де басқа салалардың дамуына алғы шарттар жасайды. Ал бұл өз кезегінде сол салалардағы ғылымның және жоғарғы технологияның дамуына әсерін тигізеді [36, 39].

Ішкі және әлемдік нарықтың жаңа тауашаларын біз өндіруші өнеркәсіптің мұнай, газ және басқа салаларда терең өңдеуді дамыту есебінен игеруіміз керек.

әрбір мұнайгаз кеніші кәсіпкерлікті дамытудың осы заманғы тұрмыстық қызмет қызмет көрсетуден бастап, ең озық инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету саласына дейінгі ауқымды қамтитын өзіндік тұтас аумақ ретінде қарастырылуы тиіс.

тұтынушының алдында Қазақстан сенімді өнім берушінің абыройын жоғары үстауға тиіс.

Биылғы жылдың ішінде Үкімет Қазақстанда мұнай-химия өнркәсібін дамытудың таяудағы он жылға арналған кешенді бас жоспарын нақтылы орындауға кіріседі деген ойдамын [4]

Шынында да мұнайдың арқасында біз экономикалық жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды нарыққа тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың бұдан кем емес болатын. Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторларының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана қалпына келтіре бастады [5].

Қазақстан Республикасы мұнайгаз саласының алдына келесі мақсаттар мен міндеттерді қояды:

1. Энергетикалық тәуелсіз мемлекетті қамтамасыз ету;

2. Ұлттық экономиканы реструктуризациялау үшін шетел инвестицияның

келуін қамтамасық ету;

3. Қазақстанның экспорттық әлеуетін жоғарылату және экономикаға нақты

валюта түсуін жоғарылату;

4. Мұнайгаз саласы бойынша ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

5. Күкірттісутек өңдеудің жоғарғы деңгейіне жету және оның сыртқы нарыққа тасымалдаудың тиімді жолдарын құру.

Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының тиімді қызмет істеуі негізгі үш бағытта жатыр:

1. Мұнай кен орындарын әрі қарай барлау (әсіресі Каспий шельфінде);

2. Мұнайгаз құбырларын салу;

3. мұнай өндіру, мұнай және газды тасымалдаудың инфрақұрылымын дамыту.

Қазақстан республикасының аумағында жұмыс істейтін ірі мұнайгаз компаниялары өз қызметін жүзеге асыру үшін маркетинг қызметін қолданады. Мұнай саласындағы марктинг жалпы тамақ, жеңіл өнеркәсіп маркетингтен өзгеше болып келеді. Төменде мұнай саласындағы маркетингті құрайтын компоненттер көрсетілген:

1. Шикі мұнайды өндіру;

2. Шикі мұнайды экспорттау немесе тасымалдау;

3. Мұнай өнімдерін алу;

4. Мұнай өнімдерін экспорттау;

5. Мұнайхимия өндірісіне шикізаттар алу (полистирол, полипропилен т.б);

6. Соңғы мұнайхимия өнімдерін алу (синтетикалық шыбық, пластмасса, бояғыш заттар, жууғыш заттар және т.б);

7. Дайын өнімді экспорттау.

Қазіргі кезде мұнай тасымалдау жүйесі мұнай саласындағы маркетингте өте маңызды орынға ие. Қазақстан мұнайының экспорты және тасымалдану бағыттына қарай теміржол, су және мұнай құбырлары арқылы жүргізіледі. Экспорттық мұнай магистралінен басқа Қазақстанның ішкі мұнай құбырлары бар.

Келесі кестеде республиканың негізгі магистральдық құбырлары көрсетілген.

2 кесте – Негізгі магистральдық мұнай құбырларының техникалық мінездемесі

Мұнай құбыры Жұмыс істеген жыл Ұзындығы мың.км Диаметр НПС саны  
 
Өзен – Ақтау          
Өзен – Атырау          
Қаламқас - Қаражанбас – Ақтау          
Теңіз - Грозный 1988-1990        
Прорва - Құлсары          
Ембі мұнай құбырлары 1977-1983   200-500    
Павлодар - Шымкент 1977-1983        
Құмкөл - Қарақойын     500-700    
Кеңқияқ – Орск          

Тиімді маршруттарды таңдау үшін келесі көрсеткіштер ескерілуі тиіс:

· маршруттың ұзындығы және оның геологиялық мінездемсі;

· басқа да транспорт түрлерін қолдану мүмкіндігі;

· шикі мұнайға деген сұраныс;

· мүмкін болатын тариф негізінде құбыр иелерінен кепілдік алу;

· жобаның

· таритердің бәсеке қабілеттілігі;

· параллельді тасымалдау мүмкіндіктерінің болуы.

Қазіргі кезде қазақстандық мұнайдың тұтынушыларға тасымалдануы үш тәуелсіз мұнай құбырлары жүйесі арқылы жүзеге асады:

1. Батыс Қазақстан мұнай құбырлары жүйесі. “Маңғыстаумұнайгаз”, “Өзенмұнайгаз”, “Қаражанбасмұнай” мұнайлары Атырау мұнай өңдеу зауытына, содан соң экспортқа жіберіледі.

2. АҚ “Ақтөбемұнайгаз”, мұнайын Орск мұнай өңдеу зауытына тасымалдайтын мұнай жүйесі.

3. Шығыс Қазақстан және Орта Азия мұнай құбырлары жүйесі арқылы батыс сібір мұнайы Павлодар және Шымкен мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі, сонымен қатар бұл құбырмен Құмкөл мұнайы Шымкент зауытына бағытталады.

Егер де тауар және оның ассортименттеріне келетін болсақ, жалпы мұнай ассортиментін, яғни мұнай өнімдерін мұнайды өңдеу арқылы аламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда мұнай өңдейтін үш зауытты атап өтуге болады: Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары:

3 кесте – Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарымен негізгі мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру

Зауыт, өнім        
мұнай өңдеу көлемі, барлығы 5712 8433,3 9253,6 11127,1
Павлодар 640,3 2078,2 1669,7 2932,3
Шымкент 3187,4 3654,2 3475,3 3743,9
Атырау 1884,3 2700,9 4108,6 4450,9
Автобензин, барлығы 1297,7 1665,5 1857,7 2274,6
Павлодар 240,2 504,7 483,7  
Шымкент 796,7 836,7 872,3 956,3
Атырау 260,8 324,1 501,7 490,3
Авиакеросин,барлығы 71,1 2387,9 256,8 268,6
Павлодар   62,2 57,8 119,6
Шымкент 13,6 146,4 147,6 128,8
3 кестенің жалғасы
Атырау 16,7 29,3 51,4 20,2
Дизель, барлығы 1829,3 2488,5 2783,2 3319,6
Павлодар 216,2 640,9 470,1 817,3
Шымкент 961,4 1013,1 988,2 1096,1
Атырау 651,7 834,5 1324,6 1406,2
Мазут, барлығы 2129,5 2821,2   3750,2
Павлодар 142,9 364,9 405,9  
Шымкент 1334,2 1398,2 1194,6 1478,9
Атырау 652,4 1058,1 1545,5 1690,3

Ескерту – Статистика Агентігінің деректері бойынша

3-ші кестеде көріп отырғанымыздай жыл сайын мұнай өнімдерін өндіру ұлғайғанын көріп отырмыз. Бұл талдау бойынша павлодар мұнай өңдеу зауытың қуатты пайдалану коэффициенті басқаларға қарағанда төмен болып келеді, өйткені ол 100 пайыз Ресейден келетін мұнайға тәуелді болып келеді. “Шымкентнефтеоргсинтез” батыс сібір мұнайына тәуелді екінші зауыт. Ол құмкөл мұнай кен орнына құбырмен жалғасады және темір жол жүйесіне шыға алады. Сондықтан, тұрақты түрде шикізатпен қамтамасыз ете алады. Бірақ та құмкөл мұнайын тасымалдау кезіндегі техникалық шектеулер өндірушілерді мұнай игеруді тоқтатуға мәжбүр етеді. Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнайды терең емес өндіреді. Бұған ескі құрылғылар, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылмаған жүйесі себеп бола алады. Қазіргі күнде үш мұнай өңдеу зауттары өнім сапасын көтеру үшін реконструкцияға, техникалық қайта қарулануға әр түрлі деңгейде инвестицияны қажет етеді.

Енді мұнайды экспорттауды заң жағынан қарастырсақ. Қазіргі кезде мұнай тасымалдау екі негізгі бағыт арқылы жүзеге асады, яғни темір жол және мұнай құбырлары арқылы тасымалданады. Бұл екі бағыт Қазақстан темір жолы және Қазтрансойл Ұлттық компанияларының қарамағында. Жалпы әрбір мұнай компаниялары Қазақстан мұнайын экспорттау жоспарын энергетика және Қазақстан Республикасының минералды ресурстар министрлігіне хабарлауы тиіс.

Қазақстан заңдары бойынша мұнай компаниялары келісім – шарт бойынша мұнай өндіруді және оны экспорттауға құқылы және өзіне тиесілі мұнайдың бір бөлігіне құқылы. Ал кеден кодексінде Қазақстан Республикасы территориясынан басқа елдерге экспорттауға құқылы делінген. Бірақ мұнда Қазақстан Үкіметі экспортталған мұнайға тарифті және тарифсіз реттеуді жүргізіп отырады. Квотаны қарастыратын тарифсіз реттеу үкімет қаулысымен қабылданады.

2003 жылы мұнай заңына өзгерістер енгізілді. Жаңа өзгертулер бойынша Үкімет құқықтары кеңейе түскен. Мысалы: экспорт көлемін реттеу, мұнай экспортына квотаны енгізу және тағы басқалар.





Дата публикования: 2014-10-23; Прочитано: 1405 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...