Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сымсыз (радио) арналар



Сымсыз байланыс жүйелерінде (радиобайланыс) электромагниттік энергия жіберіліс ортаға жарықтандыру орнын атқаратын антенна арқылы жіберіледі. Антеннаның физикалық өлшемі және құрылымы, ең алдымен, жұмыс жиілігіне байланысты. Электромагнитті энергияның жоғары сәулесін алу үшін, антенна өлшемі 1/10 толқын ұзындығынан үлкен болуы керек. Осыдан, радиостанция жіберілісі АМ мен берілетін, fc = 1 МГц деп есептесек, λ = с /f с. = 300 м толқын ұзындығы үшін кем дегенде диаметрі 30м болатын антеннаны қажет етеді. 2.2 суретінде радиобайланыс үшін әртүрлі жиілік диапазондары көрсетілген. Электромагниттік толқындардың атмосферада және бос кеңістікте таралуын үш түрге бөлуге болады, беттік толқынның таралуы, кеңістік толқынмен таралуы, тура толқынмен таралуы. Төмен жиіліктегі және дыбыстық диапазонда, толқын ұзындығы 10 км ден артық болғанда, жер және ионосфера электромагниттік толқын таралу үшін волновод құрайды. Осы жиіліктік диапазонда байланыс сигналдары бүкіл жер шарымен таралады деуге болады. Сондықтан осы жиілік диапазондары, ең алдымен, бүкіл дүние жүзінде кемелердің жағамен навигациялық байланысында қолданылады.

Осы диапазонда қол жеткілікті жиілік каналдарының жолағының кеңдігі аз (негізінен 1...10 % орталық жиілік), сондықтан, осы арнамен жіберілетін ақпарат төмен салыстырмалы жылдамдыққа ие және ол негізінен цифрлық жіберіліске тән емес.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1256 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...