Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Глоссарий



Экономика — материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Экономикалық теория—адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурсын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.

Экономикалық категория — экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Экономикалық заңдар — бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Абстракция — абстракция терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты ұғымды болмыстан тыс және тек ойда елес ретінде түсіндіреді. Ал нақты нәрсе — бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы.

Ғылыми абстракция — зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

Иидукция — жекелеген фактілерден жалпыны шығару.

Дедукңия — жалпыдан жекеге қарай қозғалу.

Анализ — объектіні бөлшектеп зерттеу.

Синтез — объектіні жалпы зерттеу.

Қажеттіліктер — адамдардың өмір сүруді қолдау және ағзаның дамуы, тұлғаның дамуы өршуі керек, қандай да бір затты қанағаттандыруды талап ететін объективті түрде қажетсінуі.

Игілік — өз бойында белгілі бір жағымды мән бар, белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын және адамдардың мүдделері мен мақсаттарына жауап беретін процестің бәрі.

Қызметтер — нәтижесінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын адамньң белгілі бір мақсаттағы әрекеті.

Ресурстар — тауарлар мен қызметер өндіру кезіндегі адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті, пайдалануға әзірленген игіліктер.

Экономикалық саясат — мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі.

Позитивті экономика — дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар.

Нормативті экономика — елдің экономика туралы бағалау пікірлері.

Өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.

Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани кабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады.

Еңбек заты — болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар.

Еңбек құрал-саймандары — қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.

Өндіргіш күштер — бұл өндіріс құрал - жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.

Мұқтаждықтар — бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.

Капитал — бұл машина, құрал - жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Кәсіпкерлік қабілеттілік — арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықгы, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.

Өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығы — ресурстардың толық

пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді.

Қоғамдық ұдайы өндіріс — қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесс.

Жай ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда кайталануы, сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Экстенсивті — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

Аралас — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту

Интенсивті — техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әулетті ұлғайту.

Меншік — бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік құқығы — белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы.

Табыс — меншіктің экономикалық қасиеті.

Меншік субъекті — меншік қатынастарының белсенді жағы, меншік объектіне иемдену құқығын білдіреді.

Жеке меншік — бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары.

Ұжымдық меншік — жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі.

Жылжымайтын мүлік — жер телімі, ғимараттар, жылжытуға келмейтін объектілер.

Меншік объекті — меншік қатынастарының пассивті жағын сипаттайды.

Жылжитын мүлік — транспорт құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқық.

Интеллектуалды меншік — рухани, ойлау әрекетінің нәтижелері.

Жекешелендіру — меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру.

Натуралды шаруашылық — бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың жүйесі.

Тауарлы шаруашылық — бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру - экономикалық қатынастардың жүйесі.

Тауар — бұл нарықта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық.

Айырбас құны — бұл тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастала алу қабілеті.

Құн — тауарды өндіруге жұмсалған және тауарды айырбастау кезінде пайда болатын қоғамдық еңбек.

Пайдалылық — қандай да бір адамның сұранымын қанағаттандыруы.

Құндылық—тұтынушының ігіліктің пайдалылығын ақшалай бағалауы.

Ақша —жалғыз жалпы балама болып табылатын ерскше тауар.

Құн өлшемі — қызметін іске асыруда барлық тауарлардың құнын өлшейді.

Айналым қүралы — қызметінде ақша каражаттары Т- А- 'I" формуласы бойынша жасалатын айналым делдалы ретінде жүреді.

Төлем құралы — ақшалар әр түрлі төлемдер үшін пайдаланылады.

Қазына/қор жинау — ақша айналысын тоқтатып, жинақталады.

Әлемдік ақшалар — ақша барлық елдердің шаруашылық озара қатынастарына ортақ балама ролінде жүре бастады.

Инфляция — қағаз ақшаның құнсыздануы.

Ақша айналымының заңы — айналымдағы ақша саны барлық өткізілген тауар бағаларының сомасына тең болуы керек.

Баға —құнның ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономика — өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.

Нарық — бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарықтық баға — сұраныс жәпе ұсыныс негізінде қалыптасатын баға.

Бәсеке — нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.

Инфрақұрылым — бұл институт (ұйымдар, фирмалар) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастыратын қызмет көрсетеді.

Делдалдық —өндіруші мен тұтынушы біріктіреді, қосады.

Баға белгілеу — бәсеке, сұраныс пен ұсыныс негізінде баға қалыптасады.

Ақпараттық — тауарға қалыптасқан баға кәсіпкерлерге экономиканың жағдайы туралы ақпарат береді.

Реттеу — баға арқылы әсер етеді.

Ынталандырушы — баға арқылы әсер етеді.

Сауықтыру — керек емес шаруашылық әрекеттен экономиканы тазартады.

Бағалық бәсеке — бағалар жарысы: бағаны төмендету, премиялар, шегерім (скидка),арзан көтере сату (распродажа).

Бағалық емес бәсеке — сапа және сенімділік, косымша кепілдік, ерекше безендіру және жарнама.

Сұраныс — адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторларға сұранысқа ықпал тигізеді.

Сұраныс заңы — сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды.

Ұсыныс — сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі.

Ұсыныс заңы — ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлұаяды.

Икемділік — бір айнымалының екінші айнымалының өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.

Өтелім — негізгі қордың құнын олардың тұлғалық және моральдық (жаңа еңбек құрылымымен салыстыру бойынша құнының төмендеуі) төзу мөлшеріне байланысты бірте-бірте дайын өнімге аудару.

Индетерминистік тұжырымдамалар — адамзат тарихи заңды жаратылыстанушы тарихи процесс ретінде емес, әрқайсысының жеке жолы бар, қатар тіршілік ететін, туатын және өлетін мәдени-тарихи типтер немесе мәдени үлкен жүйелер жиынтығы ретінде көрсетіледі.

Детерминистік — тарихи процестің детерминистік тұжырымдамалары адамзат қоғамының прогрессивті дамуын таниды.

Демографиялық детерминизм — адамзат дамуы тарихын халық өсуімен түсіндірудің жекелеген қадамдары ежелгі және орта ғасырларда пайда болды.

Географиялық детерминизм — адам мен табиғаттың өзара әрекеті бір жақты, адамзат қоғамының қоршаған ортаға тәуелділігіне қарай қарастырылады.

Технологиялық детерминизм — ғылыми техникалық революция әсерінен техникалық прогресті абсолюттендіретіп теория, жиі пайда болып, кең -танымал болды.

Институционализм — адам қоғамының дамуының өндірістік қатынастармен ерекшеленуін мойындамайтын және жылжушы күштер ретінде психобиологиялық, әлеуметтік - құқықтық, мемлекеттік және басқа институттар сияқты экономикалық емес факторларды танитын ағын пайда болды.

Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады.

Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.

Бизнес — табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі.

Кәсіпкерлік — новаторлық іс.

Коммандиттік — аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлікімен басқаның салынған салымымы)

Таза мемлекеттік шаруашылық есен — толық шаруашылық есеп.

Қазыналық — толық емес шаруашылық есеп.

Негізгі капитал — бұл материалдық құндылықгың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі иелігі қорлардың ақшалай бағалауы.

Айналмалы капитал — өндірістік процеске тек бір рет қана қатысып қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Табиғи тозу — жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғыру арқылы ішінара қалпына келеді.

Саналық тозу — ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.

Амортизация — бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте - бірте ауысуы.

Өтелім мөлшері — бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.

Инвестиция — бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзак мерзімге салынған капитал мөлшері.

Күрделі қаржы — капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі.

Инвестициялау — капитал қорын толықтыру немесе қалыптастыру процесі.

Жалпы инвестициялар — капитал қорының жалпы өсуі.

Өтеу — тозған негізі капиталды ауыстыру процесі.

Таза инвестициялар — жалпы инвестициялар минус өтеуге кеткен қаражаттар.

Нақты инвестициялар — кез келген өнімді өндіруге капитал салу, яғни қоғамның нақты капиталын өсіруді қамтамасыз ететін салымдар.

Қаржылық инвестициялар — қаржы инструменттеріне капитал салу, яғни акция, облигация және басқа да құнды қағаздарға салу.

Интеллектуалды инвестициялар — мамандарды дайындауға, тәжірибені беру, лицензия, ноу-хау, бірлескен ғылыми зерттеулер және т.б. капитал салу.

Тікелей инвестициялар — инвестордың өз қаржының жұмсаған объектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықларға ие болуы.

Портфельдік инвестициялар — акция, облигация және т.б. кұнды қағаздарға капиталдың жұмсалуы.

ЖҰӨ дефляторы — атаулы ЖҰО- нің нақты ЖҰО-ге коэффиңенті.

Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады.

Ағу — мемлекет ішінде өндірілмеген өнімді сатып алуға табысты жұмсау.

Қуат беру — мемлекет ішінде өндірілген өнімдерге қосымша тұтыну шығындары.

ЖҰӨ — белгілі кезеңде өндірілген дайын тауардың құны.

ЖІӨ — ел ішінде өндірілетін тауардың құны.

Атаулы ЖҰӨ — экономикадағы жыл бойы өндірілген және тұтынуға арналған дайын тауарлар мен қызметтердің құны.

Нақты ЖҰӨ — экономикадағы өнімнің сол негізгі жылдағы бағасының құны.

ЖҰӨ дефляторы — атаулы ЖҰӨ- нің нақты ЖҰӨ- ге коэффиценті.

Ұлттық байлық —бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады.

Мультипликатор — көбейту, көбейткіш.

Акселератор (жеделдету) — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэфициенті.

Тұтынуға бейімділік (АРС) — ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің барлық ұлттық табысқа қатынасы.

Шектеулі тұтынуға бейімділік (МРС) — кез келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетеді.

Жиынтық сұраныс — сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны меп бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Немесе, жиынтық сұраныс — бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайындағы алғысы келетін тауарлар мен қызметтердің саны.

Байлық салдары (Пигу эффектісі) — бағалардың жалпы деңгейі өскенде (арзандағапда) жиналған қаржылық активтердің нақты бағасы төмендейді (көбейеді).

Пайыздық ставкаиың салдары (Кейнс эффектісі) — ақша массасы тұрақты- шарты: бағалар өседі - ақшаға сұраныс көбейеді - пайыздық ставка өседі.

Айырбас бағамының салдары (Манделл - Флеминг эффектісі) — бағалар құлдырайды - ақшаға сұраныс азаяды - пайыздық ставка азаяды - ұлттық валютаның нақгы айырбас бағамы төмендейді.

Бағалық емес факторлар — тұтынушылар шығындарының өзгеруі, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындардың өзгеруі, таза экспорттық шығындар жатады.

Жиынтық ұсыныс — бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді.

Экономикалық дағдарыс— бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі.

Экономикалық кезең — бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең.

Экономикалық цикл — бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Дағдарыс (құлдырау, рецессия) — алты немесе одан да көп айға созылады, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең.

Депрессия (тоқырау, төмендеу, тереңдеу) — өндірістің кұлдырауының, тауардың босалқы қорлары өсуінің, баға түсуінің тоқталуы, яғни тоқырау жағдайындағы экономика.

Жандану (тірілу, көтерілу, жаңғыру) — өндірісте инвестициялардың артуы, тауарларға бағалардың көтерілуі, жұмыссыздық мөлшерінің аздап азаюы.

Шың (өрлеу) — бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқалады.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 13291 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.017 с)...