Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есеп шығару



1. Есеп.

ҚР халқының 2006 ж. 1 тоқсанындағы мәліметтері келесі, мың адам

Көрсеткіш Барлық халық Соның ішінде
ерлер әйелдер
1. Жалдамалы жұмысшылар 4016,1 2404,6 2111,9
2. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар 3520,4 1808,1 1620,7
3. Жұмыссыздар 895,3 398,8 400,5
4. Экономикалық белсенді емес халық 40002,2 1522,2 1918,5

ҚР – дың барлық халқы бойынша, соның ішінде ерлер және әйелдердің арасындағы келесі көрсеткіштерді есептеңіздер:

1. Жұмыс істейтін халық саны (мың адам)

2. Экономикалық белсенді халық саны (мың адам)

3. Еңбек ресурстарының саны (мың адам)

4. Халықтың экономикалық белсенді коэффиценті (% б-ша)

5. Халықты жұмыспен қамту коэффиценті (% б-ша)

6. Жалпы жұмыссыздық коэффиценті (% б-ша)

7. Жастардың жұмыссыздық коэффицентін (% б-ша)

8. Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық коэффиценті (% б-ша)

9. 1 жыл және одан да көп мерзімді жұмыс таба алмаған жұмыссыздардың жалпы жұмыссыздар санындағы үлесін (% б-ша)

Еңбек ресурстарының құрылымы 2 тақырыпта көрсетілген.

2 Тапсырма. Келесі адамдардың қайсысы жұмыссыз болып саналады:

А) жарамды жұмысты газеттегі хабарландырудан қарап жүрген зейнеткер;

Б) 3 ай бұрын жұмысын жоғалтып, жаңа жұмысты әлі іздеп жүрген адам?

В) Жұмыс істегісі келген, бірақ жұмыс іздеуді әлі бастамаған студент;

Г) жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде жұмыс істейтін студент;

Д) Жұмыс орнынан уақытша шығып, сол орынға қайтуды күтіп отырған, сондықтан жұмыс іздемей жүрген адам;

Е) 8 ай бойын жұмыс іздеп, экономикалық жағдайыдың жақсарғанын күтуді шешкен адам.

3 Тапсырма. Төменде келтірілген тұлғалардың мәртебесін жұмысбастылық пен жұмыс күшіне қатыстылығы жағынан анықтаңыздар, егерде олар келесідей жіктелетін болса:

- Жұмысбастылар.

- Жұмыссыздар.

- Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер.

а) оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын студент

б) оқу орнының кешкі бөлімінде оқитын автомеханик,

в) өзінің отбасы және үйімен айналысатын үй иесі.

г) уақытының бір бөлігінде кітапханашы болып істейтін үй иесі.

д) өз еркімен жұмыстан шыққан жұмысшы.

е) толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы.

ж) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайтын мұғалім.

з) ұзақ уақыт бойын жұмыс істеп таба алмай іздеуді қойған жұмыстан шығарылған жұмысшы

4 Тапсырма. Кестеде келтірілген жағдай инфляцияның қандай түрін туғызады. (сұраныс инфляциясы – С, ұсыныс инфляциясы - Ұ)

Жағдай Инфляция типі
1 Мұнайға бағаның күрт өсуі  
2. Әскери қажеттіліктерге бағытталатын мемлекеттік шығындардың өсуі  

5 есеп.

Келесідей берілгендер бар: елдегі жұмыс күші 1 млн. 488 мың адамды құрайды. өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны 995 мың адам, 50 мың адам– 16 жасқа дейінгі балалар, 47 мың адам жұмыс күші құрамынан шығарылған. Жұмыссыздық деңейін есептеңдер.

6 тапсырма. Төмендегі активтерді өтімділік деңгейіне қарай орналастырыңыз:

1. Қаланың шетіндегі үй.

2. 100теңгелік купюра.

3. Антиквариат.

4. Талап етілгенге дейінгі депозиттегі қаржы.

5. Алтын әшекейлер.

6. Жедел шоттағы қаржылар.

7. Жаңа үлгідегі автокөлік.

8. Бұрын қолдануда болған әбден тозығы жеткен тоңазытқыш.

9. Мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар.

10. Автокөлік компаниясының акциялары.

7 тапсырма. Төмендегілердің қайсысы мемлекеттік бюджеттің шығындарына (Ш) және қайсысы табыстарына (Т) жатады?


v Мемлекеттік облигацияларды шығарудан түскен қаржы.

v Мемлекеттік қарызға қызмет ету.

v Сеньораж (ақша шығарудан түскен табыс).

v Ғылым мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету.

v Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу.

v Шағын бизнесті қолдау.

v Жеке табыс салығы.

v Кеден бажы.

v Әлеуметтік қамтамасыз етуге фирма жарналары.

v Әскерді ұстау.

v Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеу.

v Мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасы.

v Жанама салықтар.

v Мүлікке салық.

v Мемлекеттік аппаратты ұстау.

v Қосымша құн салығы.

v Халықаралық валюта қорынан қарыз алу.

v Зейнетақы төлеу.

v Президенттің жалақысы.

v Ел үкіметін ұстау.

v Табиғи ресурстарды пайдалануға төлем.

v Табиғи монополия өнімдерінің тарифі.

v Жекешелендірілген кәсіпорынды сатудан түскен қаржы.

v Мемлекеттік бағалы қағаздардан пайыз.

v Қоғамдың тәртіпті сақтау





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1453 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...